Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уымен кішкентай баланы өлтіре алатын құс туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ифрита
Фото: bigpicture.ru

Улы балықтар, жыландар мен жәндіктер туралы көбі естіген. Алайда кішкентай құстардың ішінде де уымен өлтіре алатындары кездесетінін көп адам біле бермейді деп жазады bigpicture.ru сайты.

Көкбасты ифрита (Ifrita kowaldi) деп аталатын торғайға ұқсас улы құс тек Жаңа Гвинеяны мекендейді.

Оның үстіне джунглиді мекендейтін бұл құстар өте сирек кездесетінін ескерсек, одан сізге қауіп төнеді деп қорқудың қажеті шамалы.

Құс
Фото: bigpicture.ru

Олар теңіз деңгейінен 1500-3600 метр биіктіктегі биік таулы ылғалды ормандарда кездеседі. Ифрита - кішкентай құс, денесінің ұзындығы 16 сантиметрден аспайды.

Құс
Фото: bigpicture.ru

Құстың ерекшелігі - басының ашық көк түске боялуы. Құс жақсы ұша біледі, бірақ мықты тырнақтарының көмегімен ағаш бұтақтарына өрмелеп, жаяу қозғалуды жөн көреді. Ифрита уымен тек кішкентай жыртқыштарды өлтіре алады, ал үлкендігі орташа келген жыртқыштар удың әсерінен қозғалыстан айырылады.

Құс
Фото: bigpicture.ru

Батрахотоксин атты улы затпен қорғанатын құсты дені сау ересек адам ұстап қойған болса, оның денсаулығына айтарлықтай зиян келмейді, десе де өте жағымсыз ауырсынулар тудырады. Құс тістеу немесе шабуылдау арқылы қарсыласын уламайды - оның қауырсындары, тіпті аяғы да улы болғандықтан, құсқа жақындамаған абзал.

Құс
Фото: bigpicture.ru

Батрахотоксин бірден әрекет ете бастайды, құсқа тиіскен тіршілік иесінің денесі жансызданып, содан кейін жүйке және жүрек-қантамыр жүйелеріне зақым келеді. Кішкентай жыртқыш ифританың уынан аман қалса да, толық қалпына келе алмайды.

Құс
Фото: bigpicture.ru

Ал адамдар әдетте аяқ-қолдың уақытша салдануы және стенокардия ұстамасын сезінумен ғана құтылады. Десе де қарт адам немесе кішкентай бала үшін құспен байланыс өлімге әкелуі мүмкін.

Ғалымдар ифрита еркіндікте болмаса, өзінің улы қасиетін тез жоғалтып алатынын байқаған. Бұл құстардың уы қандай да бір арнайы бездердің өнімі еместігін, уды құс денесіне табиғаттан жинап алатынын анықтауға мүмкіндік берді. Айтпақшы, құсты адамның ұстап тұрған сәтінен суреттер әдетте хайуанаттар бағында түсіріліп жатады, онда құстар қауіпті емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927041-uymen-kiskentai-balany-oltire-alatyn-qus-turaly-ne-bilemiz-foto/