Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сөзжұмбақ шешкенді жақсы көретін әке ұлына ерекше ат қойған (фото, видео)

Жарияланған күні:

ABCDEF GHIJK
ABCDEF GHIJK. Фото: odditycentral.com

Индонезияның Оңтүстік Суматра аралының жас тұрғыны жақында көпшілікке танымал болып шыға келді, оның себебі есімінің ерекшелігінде, деп жазады 120.su.

Он екі жастағы жеткіншектің есімі- ABCDEF GHIJK және бұл өтірік емес. Балаға шынымен де латын әліпбиінің алғашқы он бір әрпінен ат қойылған.

Жасөспірім вакцинация науқанына қатысқаннан кейін танымалдыққа ие болған. Тізімдегі ерекше әрі оғаш есімді көрген дәрігерлер бастапқыда таңырқап қалған.

ABCDEF GHIJK
Фото: odditycentral.com

Ал жеткіншек болса, бұрын таныстары, достары өзін жиі мазақ ететінін, ал қазір есімін мақтан тұтатынын айтады. Дегенмен, адамдар оны Адеф деп атағанды жөн көреді екен.

Айта кетейік, жасөспірімге ABCDEF GHIJK деген ерекше есімді сөзжұмбақ шешкенді жақсы көретін және әрқашан жазушы болуды армандаған, сол себепті әліпбиге ерекше құрметпен қарайтын әкесі қойған.

Оның үстіне, ер адам екінші балаға NOPQ RSTUV, ал үшіншісіне XYZ деген ат қойғысы келген. Бірақ кейін әйелі қарсы болып, ақырында екі ұлын Аммар және Аттур деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1940318-ulyna-alipbidin-algasqy-aripterinen-at-qoigan-ake-kopsilikti-tangaldyrdy/