Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Белгілі сексолог еркектердің денсаулығына пайдалы азық-түлікті атады

Жарияланған күні:

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ерлердің рационында еттің болмауы потенцияға теріс әсер етеді. Бұл туралы сексологтардың кәсіби бірлестігінің президенті Евгений Кульгавчук айтты, деп жазады РИА Новости.

Ерлердің көбі диетаны салауатты өмір салты туралы өз көзқарасына бейімдеп, мамандардан кеңес алмай ұстана береді. Олар осылайша өз ағзасын пайдалы заттардан айыратынын білмейді.

Мәселен, ер адамдарға еттен түбегейлі бас тартуға болмайды. Өйткені, бұл жыныстық дифункцияға алып келуі мүмкін, дейді Кульгавчук.

Азық-түлікте ақуыздың болмауы ерлердің денсаулығына темекі шегу, алкоголь тұтыну және ұйқының нашарлығы сияқты әсер етеді, дейді сексолог.

"Адамның жыныстық өміріне көптеген фактор әсер етеді. Азық-түлікте ақуыздың болмауы басқа да патогенді факторлар: темекі шегу, алкоголь, қатаң диета мен ұйқының нашарлығы сияқты ер адамның потенциясын төмендетеді. Ал еттен түбегейлі бас тарту жыныстық дисфункцияға алып келеді. Бірақ оған шешуші фактор ретінде қарау дұрыс емес", - деді ол.

Кульгавчуктің сөзінше, кейбір еркектер кері әсер ететін факторларға қарамастан, өз сексуалды мүмкіндіктерін сақтай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1941079-18-belgili-seksolog-erkekterdin-densaulygyna-paidaly-azyq-tulikti-atady/