Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстан билігі тұрғындардың "Тозақ қақпасына" баруына тыйым салды

Жарияланған күні:

Қақпа
"Тозақ қақпасы". Фото: centralasia.media

Түрікменстан билігі жергілікті тұрғындарға Дашогуз облысында орналасқан Дарваза газ кратеріне арнайы рұқсатсыз баруға тыйым салды. Бұл мекен халық арасында "Тозақ қақпасы" аталып кеткен, деп хабалайды "Хроники Туркменистана" басылымы.

Басылымның мәліметінше, бұған дейін Дарвазаға көршілес орналасқан ауыл тұрғындары кратерге жиі қонақ әкелетін болған. Ал қыстыгүні шопандар "Тозақ қақпасының" маңына отар-отар қойларын бағып келген.

Қазір полиция қызметкерлері бұл аймаққа бекеттер қойып, азаматтардың кратерге жақындауына тыйым салып отыр.

Мұндай шектеуге газдың атқылауы мүмкін екендігі себеп болған. Салдарынан адамдар уланып, күйік шалып, тіпті жер опырылып кетуі ықтимал екен.

Дарваза кратері 1971 жылы жер асты газының жинақталған орнында пайда болған. Бұған дейін мұнда бұрғылау мұнарасы болған, бірақ ол жер астына түсіп кеткен.

Сол кезде билік сыртқа шығып жатқан газ адамдар мен малдарды уламас үшін кратерді өртеуге шешім қабылдаған. Болжам бойынша кен орнындағы өрт бірнеше күннен кейін сөнуі тиіс еді, алайда ол 50 жылдан бері жанып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1943779-turikmenstan-biligi-turgyndardyn-tozaq-qaqpasyna-baruyna-tyiym-saldy/