Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вилланы Мадоннадан сатып алған": Майамиде итке тиесілі жекежай 13 млрд теңгеге сатылды

Жарияланған күні:

Ит
Фото: twitter.com/wsvn

Майамиде Гюнтер VI атты итке тиесілі зәулім сарай 31 млн долларға (13 млрд 516 млн теңгеден астам) сатылды, деп хабарлайды LIfe.ru.

Неміс графинясы Карлотта Либенштайн 1992 жылы қайтыс болып, өзінің сүйікті иті Гюнтер ІІІ-ке 58 млн долларды құрайтын байлығын қалдырған.

Графиняның соңғы өсиетін оның көмекшілері орындап келеді. Олар осы уақытқа дейін Карлотта Либенштайннің байлығын 500 млн долларға көбейтіп, Гюнтер III-тің тұқымы жоғалып кетпес үшін барын салуда.

Бүгінде Гюнтер VI молшылықта өмір сүреді, жеке ұшақ пен яхталарға мініп, әлем елдерін аралайды. Жуырда ғана Гюнтер үшін сирек кездесетін ақ түсті трюфель 1,1 млн долларға сатып алынған.

ит
Фото: twitter.com/wsvn

Осыдан кейін әлемдегі ең бай иттің өкілдері ГюнтерVI 20 жылдан астам уақыт иелік еткен Майамидегі жекежайды сатуға шешім қабылдаған.

4,7 мың шаршы метрлік вилла 2000 жылы әнші Мадоннадан 7,5 млн долларға сатып алынған екен. Жекежайда тоғыз жатын бөлме, сегіз жуынатын бөлме, ашық аспан астындағы бассейн бар. Сондай-ақ, вилладан Бискейн шығанағының таңғажайып көрінісін тамашалауға болады.

ит
Фото: twitter.com/wsvn

Басылымның мәліметінше, иттің өкілдері үйді сату үшін риелторлардан көмек сұраған. Мамандар "клиентін" екенін біліп қатты таңғалыпты. Тіпті, олар бұл жұмыстан бас тартпақ болған. Алайда риелторлар алғашқы кездесуде-ақ Гюнтер VI-пен тіл табысып кеткен.

Фото
Фото: twitter.com/wsvn

Үй
Фото: compass.com

үй
Фото: compass.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944367-villany-madonnandan-satyp-algan-maiamide-itke-tiesili-zekezai-13-mlrd-tengege-satyldy/