Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Емтихан тапсыруға қалыңдық көйлегімен келген ару көпті таңырқатты (видео)

Жарияланған күні:

Қалыңдық
Фото: 120.su

Үндістанның штатында қалыңдық той көйлегімен емтихан тапсырды. Туыстарымен ақылдасқан ару тойдан гөрі білімді маңыздырақ деп тапқан, деп жазады 120.su.

Дәстүрлі той көйлегін киген Шиванги Багтария өзі білім алатын колледжге келіп, кезекті емтиханын тапсырған. Сүйіктісін қиын-қыстау кезеңде жалғыз қалдырмаған күйеу жігіт те қалыңдығымен білім ордасына ере келген.

Шиванги той күні емтихандар кестесі шыққанға дейін белгіленіп қойғанын, екі маңызды күннің бір датаға түсіп қалғанын айтады.

Туыстарымен және болашақ күйеуімен ақылдасқан студент бірінші кезекте білім маңызды деген шешімге келген. Ең алдымен ол колледжге келіп сынағын тапсырып, содан кейін үйлену тойына қатысқан.

Көпшілік қалыңдыққа жақсы үлгі көрсеткені үшін мақтау айтып, оған сабағы мен отбасылық өміріне сәттілік тілеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанда тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Оқиға Үндістандағы Самаспур ауылында болған. Қалыңдық пен күйеу жігіт қорытынды "фера" той рәсіміне дайындалып жатқанда қалыңдық ойда-жоқта есінен танып қалған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігер оның өлімін тіркеген. Қалыңдықтың күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған екен.

"Біз бұл жағдайда не істерімізді білмедік. Жанұямызбен келісе отырып, кіші қарындасымызды тұрмысқа береміз деп шештік", - дейді қыздардың ағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944403-emtixan-tapsyruga-qalyndyq-koilegimen-kelgen-aru-kopti-tanyrqatty-video/