Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетін жауып алған": Перуде арқанмен байланған мумия табылды

Жарияланған күні:

Мумия
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Перуде археологтар жерасты мазарынан толықтай арқанмен байланған мумияны тауып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар әлі жынысы анықталмаған адам сүйегін Перу астанасы Лимадан бірнеше шақырым жерде орналасқан Кахамаркилья ауданынан тапқан.

Мамандардың сөзінше, мумия 800-1200 жас аралығында болуы мүмкін.

"Мумияның басты ерекшелігі – оның бүкіл денесі арқанмен байланған, ал марқұм бетін қолымен жауып алған", - дейді профессор, археолог Питер Ван Дален Луна.

Фото
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Оның түсіндіруінше, мумияның мұндай оғаш позициясы қандай да бір жерлеу рәсімімен байланысты болуы мүмкін.

Ван Дален Луна мумияның қазіргі Перу аумағындағы Анд тауларының аймағында өмір сүрген деп топшылайды. Дегенмен нақты деректер қосымша зерттеулерден кейін белгілі болмақ.

Археологтардың сөзінше, сонымен қатар қабірден тас құралдар мен қыш ыдыстар да табылған, оның ішінде ғалымдар өсімдік заттарының іздерін анықтаған.

Фото
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Фото
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Фото
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Фото
Фото: facebook.com/1551UNMSM

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944727-betin-zauyp-algan-perude-arqanmen-bailangan-mumiya-tabyldy-foto/