Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыста аяқ киім тайғақ болса не істеу керек

Опубликовано:

Етік
Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар қыста аяқ киім тайғақ болмас үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қазақстанда қыс басталғалы ауа райы мың құбылып тұр. Жауған қар еріп, көктайғаққа айналуда. Құлап, дәрігер көмегіне жүгініп жатқандар да бар. Олай болса, төмендегі қарапайым кеңестер сізге жарақаттан сақтануға аз да болса көмегін тигізері белгілі.

Пластырь

Арзан да жылдам, қолжетімді әдістердің бірі – аяқ киім табанына бірнеше жабысқақ пластырь жабыстыру. Пластырьдің қалың әрі қаттылау түрін алғаныңыз дұрыс. Ал пластырьді жапсырмас бұрын табанын жақсылап жуып, құрғатып қою керек. Десе де мұндай әдіс әсері бір-екі күннен аспайды.

Картоп

Аяқ киіміңіз тайғанамас үшін шығар алдында етіктің табанын қабығы ашылған картоппен сүртіңіз. 

Желім

Аяқ киіміңіздің табанын құрғатып алыңыз. Кейін аяқ киім тақасына және табанына сұйық желімді жағыңыз. Содан соң егеуқұм қағазын аяқ киім табанына жабыстырыңыз. Егер мұндай қағаз табылмаса, желім бетіне топырақ сеуіп қойсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952504-qysta-ayaq-kiim-taigaq-bolsa-ne-isteu-kerek/

pixel