Түсіңізде теңіз көру нені білдіреді
Жарияланған күні:
Кейде адамдар түсінде теңізде шомылып жатқанын немесе теңіз жағасында жүрген сәтті көріп жатады. Мұндай түс не мағына білдіруі мүмкін? KAZ.NUR.KZ тілшісі анықтап көрді.
Фрейдтің түс жорамалы
Австрияның атақты ғалымы, психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд түс жоруға қатысты да өз болжамдарын жасаған. Оның ойынша түсте теңіз көру мынадай мағына білдіруі мүмкін:
1. Түсіңізде тұнып тұрған теңізді көру – өміріңізде тыныштық пен сабырлық жеткіліксіз дегенді білдіреді.
2. Түсіңізде теңізді алыстан көрсеңіз – онда сіз жыныстық өмірге қанағаттанбай жүрсіз деген сөз. Мұндай жағдайда ғалымның айтуынша, көбінесе адамдар өзінің түр-сипатына мән бермей, өзін жеткілікті деңгейде сұлу деп санамайды екен.
3. Егер түсіңізде теңізде жуынып жүрген адам көрсеңіз – ол жақсылықтың белгісі. Онда сіз мәселесі шешілмей жүрген адамға көмектесесіз деген сөз.
Сол сияқты Фрейд түсте толқыны бар теңізді көру – романтикалық сәттерге толы кешті бастан өткересіз дегенді білдіреді деп айтқан.
Ванганың түс жорамалы
Болгарияның атақты түс жорушысы Ванга түсте теңіз көруге қатысты былай деп кеткен:
1. Түсіңізде үлкен теңізде жүзіп, сол сәт сізге ұнаса, онда өміріңізде сізді тек қуанышты күндер күтіп тұр. Алайда ол күнге жету үшін біраз еңбектенуге тура келеді.
2. Түсіңізде тұнып тұрған айдын-шалқар көлді көрсеңіз, онда жұмысыңызда беделіңіз артып, әріптестеріңіз сізді құрметтейді деген сөз.
Ал түсте теңіз үстіндегі толқынды көру, Ванганың болжамы бойынша жақсылықтың белгісі емес. Мұндай түс көрсеңіз, әлдекім сіздің беделіңізге нұқсан келтіргісі келіп жүр деп есептеңіз.
Лоффтың түс жорамалы
Дэвид Лоффтың айтуынша, түс дегеніміз – әр адамның өмірге деген субъективті көзқарасы екен. Сол себепті ол түске теңіз кірсе, оны адамның өмір сүру моделімен байланыстырады:
1. Толқынсыз, тыныш жатқан теңіз – адамның өмірі тыныш болады әрі жақын арада қандай да бір қиындықтар болмайды деген мағынаны білдіреді.
2. Үлкен теңізде жүзу – жұмыста табысыңыз артады деген сөз.
Сонымен қатар Лоффтың ойынша, түсіңізде толқыны бар теңізді көру – жеке өміріңізде немесе жұмысыңызда қиындықтар туындайды деген мағына береді.
Миллердің түс жорамалы
Миллердің түс жорамалы – ежелгі астрологтардың тәжірибесі мен біліміне сүйенген, толық әрі нақты түс жорамалы болып табылады. Миллердің болжамы бойынша түсте теңіз көру жақсылықтың белгісі емес:
1. Адам түсінде теңіз көрсе онда ол өңінде қаржылық әрі психологиялық қиындықтарға тап болған деген сөз және ол адам оны ойлап, көп қобалжиды дегенді білдіреді.
2. Миллердің түс жоруына сәйкес түсте теңіз көру – орындалмаған армандар мен көңілі қалудың белгісі.
3. Теңіз толқынының дыбысын есту – онда жақыныңызбен айырыласыз деген сөз және осы жағдайдан кейін тіпті күйзеліске де ұшырауыңыз әбден мүмкін.
Ал түсте теңізде жүрген акулаларды көру Миллердің болжамына сәйкес, мынадай мағына білдіреді:
1. Акулаларды таза суда көру – сізді көре алмайтын адамдар бар деген сөз, олар сіздің ту сыртыңыздан пышақ сұғып, сізді бақытсыз етуге тырысады деген сөз.
2. Егер түсіңізде акулалар сізге шабуыл жасап жатса, онда сізді сәтсіздік күтіп тұр деген сөз.
Сол сияқты егер бойжеткен түсінде толқынсыз, тыныш теңізді көрсе онда ол сүйікті адамымен бақытты болады, ал егер теңіз ағысымен бірге жүзіп бара жатса онда ол өмірде шексіз бақытты болады деген мағынаны білдіреді.
Ислам түс жорамалы
Егер түсіңізге теңіз кірсе, ислам түс жорамалын да оқып көріңіз. Ислам түс жорамалында су – жаратушының күштілігін білдіреді:
1. Егер түсіңізде алыстан көрініп тұрған теңізді көрсеңіз – онда сізді бақытсыздық күтіп тұр деген сөз.
2. Түсіңізде теңізден таза су ішу – онда сізді жаратушы бай-қуатты етеді әрі табысты боласыз деген сөз.
3. Ал теңіздің жағасында тұру – онда көп ұзамай Алланың батасын аласыз деген сөз (бойжеткеннің түсіне мұндай түс кірсе, онда ол жақын арада сүйіктісін кездестіреді деген сөз)
Жалпы ислам түс жорамалында түсте теңіз көру – бақыт пен қуаныштың белгісі, ал оны алыстан көру – өмірде болатын қиындықтың, қауіп-қатердің белгісі.
Хассенің түс жорамалы бойынша теңіздегі демалыс нені білдіреді?
Егер сізге түсте теңізде жатып, демалу қандай мағына білдіретіні қызық болса, онда медиум мисс Хассенің түс жорамалына жүгініңіз. Оның еңбегінде ежелгі және қазіргі ғалымдардың түске байланысты жорамалдары жинақталған. Оның болжауынша, түсте теңізді көру оның жағасында кімді көрумен тікелей байланысты екен.
1. Теңізде ата-анаңызбен бірге демалу – сізді тұрақты өмір күтіп тұр деген сөз.
2. Отбасыңызбен бірге теңіз жағасында демалу – онда жақын арада бағалы зат аласыз деген сөз.
3. Әпкеңізбен бірге демалсаңыз, онда өміріңізде жаңа кезең орын алады деген сөз.
4. Теңізде бейтаныс адаммен бірге демалсаңыз, онда сіз көп ұзамай жаңа дос немесе сүйіктіңізді табасыз деген мағынаны білдіреді.
Цветковтың түс жорамалы
Евгений Цветков – әлемге танымал ғалым, ол түс жорумен 25 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Оның теңізге қатысты жорамалдары мынадай:
1. Теңіз жағасында серуендеу – онда жақын арада жолға шығасыз деген сөз.
2. Теңізге қарап тұру – онда көп ұзамай алыс туыстарыңыздан хабар аласыз.
3. Теңіз бетінде кемемен жүзу – онда сізді өңіңізде өзгерістер күтіп тұр деген сөз.
4. Теңіз түбін көрсеңіз – онда көп ұзамай маңызды кездесу болады.
Жүкті әйелдерге теңіз түсіне кірсе, онда мұндай түс оның психологиялық жағдайынан хабар береді екен. Мысалы түсте тұнық, таза суды көру – онда оның ішкі сезімі тұрақты әрі әйел адам сабырлы деген мағынаны білдіреді. Ал егер теңіз суы лас әрі онда толқын болса, онда ол жақындарынан кеңес алады деген сөз.
Жалпы түске теңіз кіру жақсылықпен қатар жайсыздықтың да белгісі болуы мүмкін. Барлығы теңізді қалай көргеніңізге байланысты болып отыр. Десе де жоғарыда аталған түс жорушылардың болжамдарына сүйеніп, өз түсіңізді жоруыңызға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1980048-tusinizde-teniz-koru-neni-bildiredi/