Қымбат тасы бар алтын бұйымдарды үй жағдайында қалай тазартуға болады
Жарияланған күні:
Әйел адамның көркі әшекей бұйымдар екені баршаға мәлім. Бұл ретте алтын мен күміс бұйымдар уақыт өте келе ескіріп, ондағы бағасы тастардың жылтыры кетіп қалуы мүмкін. KAZ.NUR.KZ қымбат тасы бар алтын бұйымдарды үй жағдайында қалай тазартуға болатыны жайлы құнды кеңестерді назарға ұсынады.
Алтын бұйымдардың беті қарая бастағанда оны қалай тазартуға болады?
Ол үшін:
- Тасы бар алтын бұйымдарды айына 1-2 рет тазартуды әдетке айналдырыңыз.
- Әшекейді тазартқан сәтте оны жерге түсіріп алмайтындай мықтап ұстаңыз. Себебі бұйымдағы тас жерге түскен уақытта түсіп қалуы әбден мүмкін.
- Алтынды ыстық суға салып, оны қайнатпаңыз. Себебі табиғи минералдардың көпшілігін қыздырмаған абзал - ондайда бұйымның беті қарайып, ол өзінің салмағын азайтатын болады.
- Сондықтан әшекей бұйымдарңызды 25 °С-тан аспайтын жылы суға салыңыз.
5. Алтынды ұзақ уақыт бойы суға салып, қалдырып кетуге болмайды. Өйткені олар суда көп жатса, тез қараятын болады.
6. Алтын бұйымдарыңызды тазартқан кезде жұмсақ щетка, губка және фланель, барқыт сынды таза маталармен сүртіңіз. Себебі талшықтары қатты щетка алтынның бетін сырып, кейде оны тіпті жарамсыз күйге де түсіруі мүмкін.
7. Бұйымды тазартпастан бұрын, оны тазалайтын қоспаңызды дұрыстап таңдап алыңыз.
Тасы бар алтын бұйымдарды немен тазартса болады?
Алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды:
- Сода, тұз, кір жуатын ұнтақпен (порошок) тазартуға болмайды, себебі аталған заттардағы ұсақ кристалдар алтын бұйымның бетін сырып тастайды. Ал сырылған жерде тері майы немесе шаң, тозаң жиналуы мүмкін. Нәтижесінде алтын әшекейіңіздің бетін қарайып, оны арнайы мамандардың көмегімен ғана жылтырата алатын жағдайда қаласыз.
- Алтын бұйымдарды кір сабынмен де жуып, тазартуға болмайды. Себебі оның құрамында бағалы тастың құрамы мен түсіне кері әсер ететін түрлі құрамдас бөлшектер бар. Мысалы қышқылдар, уксус және т.б. Олар органикалық тастарды ыдыратады. Мұндай қышқылдар әсіресе інжу-маржан тастар мен перламутрге (немістің : perl — ‘маржан’ және mutter — ‘ана’ cөзінен шыққан) қауіпті болып саналады. Уксусы бар процедураларға тек бриллиант, сапфир сынды қатты минералдар ғана төтеп бере алады.
Алтын бұйымдарыңыз қарайып кетпес үшін келесі кеңестерге құлақ түріңіз:
- Бұйымдарды тазаламастан бұрын, оны қолдарыңыздан, мойныңыз, құлақтарыңыздан шешіп тастаңыз.
- Әшекей бұйымдарыңызды ванна, сауна немесе бассейнге барғанда тақпаңыз.
- Зергерлік заттарға тоналды крем, ласьон, тониктер және т.б. косметика түрлерін тигізбеңіз.
- Уақытша тақпайтын әшекей бұйымдарыңызды арнайы қораптарда сақтаңыз.
Қымбат тастары бар алтын әшекейлер әйел адамның көркі десек артық айтқанымыз емес. Сол себепті қолдағы әшекейлеріңізді ұқыпты ұстауға тырысыңыз.
Тасы бар алтын әшекейлерді қалай тазартамыз?
Сабын қоспасы
Қолыңыздағы алтын әшекейіңізде тастың қай түрі тұрғанын білмесеңіз, бағалы тастардың барлығын тазартуға келетін әмбебап құрал – сабын қоспасын пайдаланыңыз. Ол үшін:
- 500 мл жылы суға сұйық сабын қосыңыз ( сульфатсыз немесе балалар шампунін, ыдыс жуатын сұйықтық та болады)
- Қоспаны жақсылап тұрып араластырып, оны көпіртіңіз.
- Бағалы бұйымдарыңызды қоспаға салыңыз.
- 10–30 минут күтіңіз.
- Әшекейлеріңізді алып щеткамен немесе матаның бір бөлшегімен ысқылап, сүртіңіз.
- Әшекейлеріңізді қағаз орамалға құрғату үшін салып қойыңыз.
Қатты тастар үшін спирт, бензин және уксус
Қатты тастары бар алтындарды күрделі заттармен тазартуға болады. Мысалы изумруд, рубин, топаз, хризолит, циркон, гранат сияқты минералдарды аммиак ерітіндісімен тазартуға болады. Ол үшін:
- Жылы суға (200 мл) 10 мл нашатырь спиртін қосыңыз. Зергерлік бұйымды жақсылап тазарту үшін, бұл қоспаға аздап сұйық сабын қосыңыз. Араластырыңыз.
- Зергерлік бұйымдарды ерітіндіге батырып, 20-30 минутқа қалдырыңыз.
- Алтындарды сұйықтықтан алыңыз. Губканы бензинге батырып, ең ластанған жерлерді сүртіңіз (егер сіз тастың қаттылығына сенімді болмасаңыз, онда бұл әдісті қолданбаған абзал).
- Әшекей бұйымдарды таза сумен шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Ең қатты тастар (гауһар немесе сапфир) сірке суымен тазартылады. Ол үшін сірке суын сумен араластырыңыз (1:4) және алтындарды 2-3 минутқа осы ерітіндіге салыңыз. Содан кейін сумен шайып, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Нәзік тасы бар алтын әшекейлерге мұндай тәсілді қолдануға болмайды. Яғни, нашатырь спирті, бензин немесе сірке суымен інжу, маржан және бирюзаны тазартуға болмайды.
Нәзік тастарға сұйық сабын, қант шәрбаты, глицерин және арақты қалай пайдаланамыз
Янтарь, бирюза, опал, інжу, маржан сияқты тастары бар алтын бұйымдарды қалай тазартамыз? Төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
- Сабын ерітіндісін тым көпіртпей, әлсіз етіп жасап алыңыз. Қоспаға губканы салып, сулаңыз және алтынды жуыңыз. Осылайша алтын әшекей бұйымдардағы сарғыштықты, сұр жабын мен дақтарды кетіруге болады.
- 200 мл жылы суға 50 г қант қосыңыз. Қант ерігенше, қоспаны жақсылап араластырыңыз.
- Зергерлік бұйымдарыңызды 15 минутқа осы қоспаға салып қойыңыз. Әшекейлеріңізді алып сумен шайыңыз.
- Глицеринді мақта дискісіне жағып, алтын негіз мен тасты өңдеңіз. Сосын барқыт, микрофибра, замш сияқты матаның бір бөлігін алып, оны араққа батырыңыз.
Тасы бар алтындарды үй жағдайында тазартуға болады, бірақ барынша сақ болған жөн. Ал кәсіби зергерлер алтынды жоғары деңгейде тазартып бере алады. Олар мұндайда әсіресе алтын құйманың түрін, оны қалай сақтау қажеттігін, тастардың ерекшелігін ескереді. Сондықтан қолдағы бағалы әшекейлеріңізді тазартпастан бұрын, білікті маманның кеңесіне құлақ түруді ұмытпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1987299-qymbat-tasy-bar-altyn-buiymdardy-ui-zagdaiynda-qalai-tazartuga-bolady/