Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хайуанаттар бағының мамандары пілдерге қалай педикюр жасалатынын көрсетті

Опубликовано:

Пілдің аяғын егеп тұрған хайуанаттар бағының қызметкері
Пілдің аяғын егеп тұрған хайуанаттар бағының қызметкері. Видеодан кадр: Instagram/almatyzoo

Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері пілдерге педикюр қалай жасалатынын көрсетті. Олар бұл процедураның екі-үш ай сайын өткізілетінін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері пілге қалай күтім жасалатыны жайлы видеоны мекеменің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған.

"Тоқсан сайын, кейде екі айда бір рет пілдердің тырнағын тазалаймыз, кесеміз, егейміз. Пілге педикюр аяқ пен саусақтарының саулығы үшін қажет", - дейді мамандар.

Қызметкерлердің сөзінше, табиғатта еркіндікте жүрген пілдер тырнақтарын су айдындарына малып, содан кейін оларды тасқа егейтін көрінеді. Хайуанаттар бағында бұл процедураны арнайы дайындалған мамандар жүзеге асырады.

"Тырнағын алғанда пілге ауырсыну сезімін тудырмайды. Біздің де тырнағымызды алғанда ауырмайды ғой", - дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1993737-almatydagy-xaiuanattar-bagynyn-mamandary-pilderge-qalai-pedikyur-zasalatynyn-korsetti-video/

pixel