Ұл балаларға арналған сирек кездесетін, ерекше мұсылманша есімдер
Жарияланған күні:
Бала дүниеге келгенде ата-ананың ең бірінші міндеті – перзентіне мағыналы, естір құлаққа жағымды, көркем ат қою. Бұл материалымызда ер балаға арналған мағыналы есімдер топтамасын ұсынып отырмыз.
Бұл есімдер Имам Ибн Мырзакәрім әл-Карнакидің "Мұсылман есімдері" кітабынан және басқа да интернет ресурстардан алынған.
А
- Ахмад – лайықты.
- Амин – сенімге лайықты.
- Аңсар – көмекші.
- Асхад – ең бақытты.
- Алдияр – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
- Аббас (Ғаббас) – қатал, қатаң.
- Абдулхамид – Мақтаулының құлы.
- Абат – парсы тілінен аударғанда гүлденген жер, бай өлке дегенді білдіреді. Асан Қайғының екінші әйелінен туған ұлы.
- Ағзам – ұлы, зор, ең үлкен, ең маңызды деген мағынаны береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің екінші әйелі Сақыштан туған үшінші ұлы.
- Ахмадия – Ақан серімен бірге жүрген әнші.
- Ахмедияр – пайғамдардың досы деген мағынаны береді. Күйші Қаршыға Ахмедиярұлының әкесі.
- Ахмет – Мұхаммед пайғамбар есімінің қысқа нұсқасы. Даңқы, мақтаулы деген мағынаны береді. Жиембет жыраудың інісі. Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы ғалым, қоғам қайраткері.
- Ақниет – таза ниет, адалдық.
- Айтмат – айтулы, ерекше деген мағынаны береді.
- Аят – Құран сүрелерінің бір шумағы. Ақын Кенжеқұл Дәулетаевтың ұлы.
Ә
- Әділ – әділетті .
- Әзиз– жеңілмейтін.
- Әнуар – ең жарқын адам.
- Әнас – қуанышты, жағымды, ақкөңіл.
- Әбдіразақ – "Ар-Раззақтың", яғни Ризықтандырушының құлы.
- Әбдісалам – "Әс-Сәләмнің", яғни Бейбітшілдің құлы.
- Әбілхайыр – "Қайырдың әкесі"; "аса жомарт", қазақ ханының аты.
- Әбумүслім – ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің Әбен аталып кеткен інісі.
- Әбунасыр – Әбунасыр Әл-Фараби – ғалым.
- Әбілқайыр – ханның есімі.
- Әбілқасым – Қазақстанның әнұранын жазған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы.
- Әлижан – рухы мықты, жаны биік.
- Әлихан – билігі өте күшті адам.
- Әлинұр – "Әли" және "нұр" сөздерінен шыққан.
Б
- Баймұрат – Бай + Мұрат.
- Баймұхаммед – Бай+Мұхаммед.
- Байназар – Бай+Назар.
- Бағлан – жетілген семіз қозы. Әнші Роза Бағланованың атасы.
- Берекет – "береке, құт".
- Біләл – "айықтырушы, сауықтырушы".
- Баязит – Осман империясының билеушісі. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ұлы.
- Бекназар – Бек және Назар есімдерінен құралған.
- Берен – темір сауыт, асыл болат.
- Биназар – Би және Назар есімінің қосылысы.
Ғ
- Ғабит – "құлшылық қылушы, тақуадар".
- Ғабдулла – Абдулла.
- Ғалым – "ғалым, білімдар".
- Ғазиз – Азиз.
- Ғазез – ақын Ақыт Үрімшіұлының ұлы.
- Ғайса – Иса пайғамбардың қазақша айтылуы. Ғайса Қашқынбай – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.
Д
- Даниял – ақын Абайдың інісі Кәкітайдың ұлы.
- Данияр – дана, ақылды.
- Даян – тағы бір ерекше есім. Моңғол жұртын қытай империясына қарсы біріктірген даңқты қолбасшы.
- Досмұхаммед – Дос+Мұхаммед.
- Дінислам – Дін+Ислам.
- Дінмұхаммед – Дін+Мұхаммед.
- Дәуіт (Дәуд) – сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.
Е
- Ескендір – Александр Макендонскийді түркі халықтары осылай атаған.
- Едіге – батыр әрі хан. Ноғай ордасының билеушісі. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының немересі. Жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы.
- Елсияр. Елсияр Қанағатов – педагогика ғылымдарының кандидаты.
- Еларыс – білікті, қадірменді, абзал.
- Ербұлан – ер және бұлан есімдерінің қосындысы.
- Ербота – ер және бота есімдерінің қосындысы.
- Ержомарт – жүрегі жомарт батыр.
- Ертарғын – Ер Тарғын батыр.
- Ертұран – Тұранның батыры.
- Есбатыр. Жазушы Ғалия Есбатырованың атасы.
- Есдәулет. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің атасы.
Ж
- Жақып (Яъқуб) – көне иврит тілінде "ізбен жүруші, ілесуші" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты, Жүсіп пайғамбардың (а.с.) әкесі.
- Жаһанша. Жаһанша Досмұхамбетов – ХХ ғасыр басында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері.
- Жансаят – жаны саят жігіт.
- Жансүгір – Ілияс Жансүгіровтің әкесі.
- Жантөре – Ахмет Жантөрин – сұлтан, төрелер мен қожалардың шежіресін жинаушы.
- Жүніс (Юнус) – көне иврит тілінде "көгершін" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
- Жүсіп (Юсуф) – көне иврит тілінде "үстеме, қосымша" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
- Жоламан. Жоламан батыр – Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысқан батыр. Қажымұқан Мұңайтпасұлының бесінші атасы.
З
- Заид – өсуші.
- Зиннур – екі нұрдың иесі. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба, үшінші халиф Осман ибн Аффанды Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі бірдей қызына үйленгені үшін осылай атаған.
- Зейнуддин – "діннің әшекейі".
- Зейнулла – "Алланың әшекейі".
- Зәкір – "еске алушы, зікір етуші (Алланы)".
- Зайып – жар, жұбай. ХХ ғасырда қазақстардың Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға қоныс аударған көшін бастаған азаматтардың бірі.
- Заңғар. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі.
- Зейнұр. КСРО Халық артисі Шолпан Жандарбекованың бауыры.
- Зейін. Зейін Шашкин – жазушы.
- Зият. Ақын Шәкәрім Құбайбердіұлының ұлы.
- Зия. Зия Мәмиұлы – ақын.
И
- Ибрагим (Ибрахим) – пайғамбар есімі, ұлттар әкесі.
- Имран – өмір.
- Иман – сенім.
- Имандос – досқа адал болсын деген ниетте қояды.
- Иса – құдайдың қайырымдылығы.
- Исмаил – құдай бізді естуші.
- Ислам – ислам дінінің атауы ретінде әдемі естілетін есім.
- Инсан – адам мағынасын білдіреді.
- Инаят – "қамқорлық, мейірім, Алланың қамқорлығы".
К, Қ
- Қыдыр, Қызыр – Хидр – Құран Кәрімде әңгімеленген ізгі пенденің есімі, "жасыл, көгеріс".
- Қамар – араб тілінен аударғанда "ай" деген мағынаны білдіреді.
- Қадір – күшті, қабілетті, қадірлі.
- Қаһарман – жеңімпаз.
- Кәрім – жомарт, ізгі.
- Келбет – түр, түс, кейіп мағынасын беретін көркем есім.
- Кензат – кен және зат сөздерінен құралған.
- Кемеңгер – аса ақылды.
Л
- Латиф – жұмсақ, мейірімді.
М
- Мансұр – жеңімпаз.
- Махмұт – даңқты.
- Мағауия – араб тілінде "сау саламат" деген мағынаны білдіреді (Абай Құнанбаевтың баласының аты).
- Махамбет – мақтауға лайық, сүйікті.
- Мәтін – қатты.
- Мұхаммед – мақтаушы, мадақтаушы.
- Мақсұт – армандаған бала.
- Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер.
- Мұхтар – таңдаулы, таңдау еркі бар адам.
- Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер.
- Мұрагер – әкенің ізін жалғаушы.
- Мұстахим – тура жол.
- Мүсіреп – жомарт. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің атасы.
Н
- Надир – "сирек" мағынасын білдіреді.
- Нұғман – кішіпейіл, берекелі, игілікті.
- Нұр – жарық, жайнаған.
- Нұриддин – діннің нұры.
- Нығмет – нығмет, несібе, ризық.
- Нияз – үміт, сый.
- Нұрзерек – нұрлы, зерек бала.
- Нұрпейіс – пейіштің сәулесі.
- Нұртас – нұры тасысын деген мағына.
- Нығмет – дәулет, байлық.
О
- Ормамбет – Мұхаммед.
- Осман – "түзетуші"; Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.
- Оспан – Осман.
- Ораз – байлық, сәттілік.
- Оразмұхаммед – "Ораз" және "Мұхаммед" есімдерінің бірігуінен жасалған.
- Омар – сахаба есімі.
- Омарәлі – "Омар" және "Әли" есімдерінің бірігуінен шыққан.
П
- Парасат – арабша "фарасат" – көрегендік, зерделілік, қырағылық.
Р
- Раис – басшы, жетекші, қолбасшы.
- Рамиз – нышан, жақсылықты нышандаушы.
- Райым – араб тілінен аударғанда "шапағат", "күннің нұры" деген мағынаны береді.
- Рысбек – "ырыс" және "бек" сөздерінен шыққан есім.
С
- Самат – жетекші.
- Сардар – бас қолбасшы.
- Сұлтан – билеуші, патша.
- Садыр – әр нәрсенің алды, басы, басшы.
- Садық – адал, шынайы; дос.
- Салауат – қошеметтеуші, бата.
- Самир – әңгімелесуші, әңгіме айтушы.
- Санжар – данышпан, ақылды деген мағынаны білдіреді.
- Сағадат – парсы тілінде бақыт деген мағынада.
- Сәдуақас – нағыз бақытты, ырысты адам.
- Сейфолла – қылыштай өткір.
Т
- Талап – талап, тілек, сұрау.
- Тасемен — тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.
- Тәуекел – тәуекел ету.
- Тауасат — өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.
- Таңат — таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.
- Тәңірберген – Құдайдың берген сыйы деген мағынаны береді.
- Тәуекел – батылдық пен шешімділік қасиеттерін білдіреді.
Ұ, У
- Уәли – билеуші.
- Уәйіл – оралушы.
- Ұбайдулла – Алланың кішкентай құлы, пендесі.
Ф
- Фаиз – жеңімпаз, дегеніне жетуші.
- Фаруқ – жақсы мен жаманды айыра алушы.
- Фаттах – қайыр есіктерін ашушы, жеңімпаз. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Х
- Хабиб – сүйікті, дос, жақсы көрілуші, қымбатты.
- Хайдар – арыстан.
- Ханиф – шыншыл, адал, шыншылдықты сүюші.
- Харис – күзетші, қорғаушы.
- Халим – жұмсақ, сабырлы, байсалды. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
- Хусеин – сымбатты, жақсы. Хасан мен Хусейн – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті немерелері. Алла Елшісі олар туралы: "Хасан мен Хусейн – Жәннаттағы жастардың көшбасшысы болады, ал әкелері олардан жақсы" деп айтқан. (Ибн Мәжаһ).
- Хафиз – сақтаушы, қорғаушы. Құран Кәрімді толық жаттаған адамды да хафиз дейді.
Ш
- Шәкір – шүкір етуші.
- Шәміл – бәрін қамтушы, әмбебап.
- Шәмсуддин – діннің күні, даңқы.
- Шұғайып – Құран Кәрімде аталған пайғамбардың есімі.
- Шәмші – араб тілінде "шамс" сөзі күн деген мағынаны білдіреді.
Ы
- Ыбырайым, Ыбырай – ИбраҺим.
- Ыхтияр – таңдау, таңдамалы.
- Ысмайл – Исмайл.
- Ықылас – ықылас, ниет.
І
- Ілияс – шабыт беруші.
- Ілескен – артынан ерген, ілесу деген мағынаны білдіреді.
Ю
- Юсуф – Алланың құдыреті, сүре атауы бар. Жүсіп пайғамбар есімінің арабша аталуы да осындай.
- Юнус – қолы ашық, мәрт, жомарт жан. Жүніс пайғамбардың арабша аталуы.
Я
- Яхия – Құдайдың мейірімі.
- Ясин – Құран Кәрімдегі 36-сүренің атауы.
Ұл балаға есім таңдау – әр ата-ананың негізгі міндеті. Есім баланың өміріне, болашағына әсер етеді деген пікірді ескерсек, оның мағынасы терең, ерекше және мәнді болуға тиіс. Сәбиге ат қоярда оның қандай мағына білдіретінін біліп алып алған жөн дер едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1996082-ul-balalarga-arnalgan-sirek-kezdesetin-erekse-musylmansa-esimder/