Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызға айтылатын әдемі сөздер: мақтау және әсерлі тіркестер топтамасы

Жарияланған күні:

Қызға айтылатын әдемі сөздер: мақтау және әсерлі тіркестер топтамасы
Қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігіттер ұнататын қызына сезімін білдіруді көздеген кезде айтатын сөзін жинақтау қиынға соғады. Осы орайда бойжеткеннің жүрегін жібітіп, сезімінің шынайылығына сендіру үшін іріктеп алынған мақтаулар мен әдемі сөздер көмек болмақ. Ер азаматқа тән тартымды кейіппен күлімдеп айтылған сөз әлбетте іске асады.

Бойжеткенге арнап айтылатын әдемі сөздер

Ұнататын қыздың назарын жағымды сөздер мен аз ғана әзіл арқылы аудару жеңіл болады. Өз сөзіңізбен қызға қандай жақсы сөздер айтқан дұрыс? Танысу кезінде және қарым-қатынас орнатуда мына сөздерді қолданып көріңіз:

Маған өмірде екі нәрсе жетпейтінін түсіндім. Бірі – кофе, бірі – сіз. Ал сіздің өміріңізде жетіспейтін дүниелерді айтуыңыз үшін бір шыныаяқ кофе ішуге шақырамын.

Жымиғаныңыздың әдемілігі сонша, қайда кетіп бара жатқанымды ұмытып қалдым. Әдемі бір жерге менімен бірге баруға ұсыныс білдіремін.

Сізге мына гүлді сыйласам бола ма? Бұдан да үлкен шоқ гүлін сыйлау үшін сізбен тағы да кездескім келеді. Қандай гүлдерді ұнатасыз?

Сіздің маған қарағаныңызды байқап қалдым. Менің де сізді көзім шалып қалғанын айтқым келеді. Жанарымыздың түйісуі танысу керек екендігінің белгісі шығар?

Бойжеткен, ешқашан күлімдемеңіз! Мүмкін әлдебіреу сіздің күлімдегеніңізге ғашық болып қалар?

Кешіріңіз, дәл қазір достығымызды байлап тастау үшін сізден жіп табылмас па екен?

Біреу полицияға қоңырау шалсын. Мына қыз менің жүрегімді ұрлап алды.

Қызға айтылатын әдемі сөздер: мақтау және әсерлі тіркестер топтамасы
Жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мынадай сұлу қызға міндетті түрде оққағар керек. Мен банкке 20 қадаммен-ақ жетемін. Мені жұмысқа аласыз ба?

Сәлем, керемет көрінесің! Меніңше сен өте позитив адамсың. Мен де. Бізде ортақ дүние көп. Маған серік болып кафеге барасың ба (саябақ, аттракциондар, кино, концерт)?

Көзқарасыңыз сондай нәзік (мейірімді, сүйкімді, сиқырлы), қасыңыздан өтіп кету мүмкін емес.

Сізді көрген сәтімде үйленбегеніме және құрбы қызымның жоқ екеніне қуандым. Арамызда өзара сүйіспеншілік болады деп үміттенемін.

Қызға айтылатын әдемі сөздер: мақтау және әсерлі тіркестер топтамасы
Жүрек пішініндегі шарлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Танысу үшін немесе жақынырақ қарым-қатынас орнату үшін тым әсіреленген дайындықтан аулақ болған жөн. "Сіз көктен жерге түскен періштесіз", "Сіздің күлімсірегеніңіз менің жүрегімді жандырды" деген секілді қарабайыр тіркестерді пайдаланбаған абзал. Одан да қызға ұнатып қалғаныңызды білдіріңіз. "Самая большая книга мальчиков" кітабының авторы Ирина Блохина және кітаптың бірлескен авторлары жағымды әрі шынайы сөздерді өз ойыңыздан айтуға кеңес береді. Өзіне шынайы қарым-қатынас жасалғанын білген кезде нәзік жандының көңілі толады.

Қызға айтылатын мақтау сөздер

Мақтау – кез келген адаммен байланыс орнатуда есікті ашатын кілт іспетті. Бұл – біздің бірге атап өтетін кішігірім мерекеміз, деп жазады психолог Давид Серван-Шрейбер. Басқа адамға өзі туралы айтқан адам оған жақындай түседі, дейді маман. Мұндай сөздерді дұрыс қабылдамай қоюы мүмкін деген қорқыныштан адамдар мақтау сөзді жиі айтпайды. Сондай-ақ біздің жылы сөздеріміздің оң әсері де бағаланбайды деп жазады бірлескен авторлар Эрика Дж. Бутби және Ванесса К. Бонс.

Қызға қандай қошемет айтылу керек? Егер білмесеңіз, мына нұсқаларды қарап көріңіз:

Мұндай сұлулық адамды қарусыз қалдырады.

Қызық, сен сияқты ханшайымның жүрегін жаулау үшін қандай айдаһарды өлтіру керек екен?

Гүл секілді ғажапсың. Сендегі нәзіктік пен сүйкімділік, мейірімділік ұшан-теңіз секілді. Осы қалпыңнан өзгерме, мен сені сол үшін жақсы көремін!

Егер сұлу болу қылмыс деп саналса, сені кінәлі ретінде хабарлайтын еді.

Менің осы күнге дейін көргендерімнің ең жақсысы сенсің.

1-ден 10-ға дейінгі межеде сен 20 болып көрінесің.

Екі ғашық
Көл жағасында отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызға арнап қандай өлең жолдарын оқуға болады?

Сен

Мұқағали Мақатаев

Сен көрікті едің...

Көріктісің!

Баяғы бойыңдағы желік-күшің.

He істеймін десең-дағы еріктісің,

Себебі көріктісің, көріктісің!

Сен ақылды едің...

Ақылдысың!

Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.

Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,

Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!

Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін...

Алдыңа келу қандай қиын маған!

О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.

Саусағыңның ізіне көзің салшы,

Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,

О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.

Сен сүйікті едің...Сүйіктісің!

Сені көріп тағы да күйікті ішім.

Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,

Әлі де биікпісің?

Биікпісің?!

***

Сен менің

Мұқағали Мақатаев

Сен мына жанарымның ішіндесің,

Жанардың білесің ғой кішірмесін.

Ішіне жанарыңның сақта меңі,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін!

Сен менің мына тылсым кеудемдесің,

Білесің, кеудеме ешкім теңкелмесін.

Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,

Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің, үнімдесің,

Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.

Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,

Үнімөшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына менің алып басымдасың,

Білесің, ешкім де оны басынбасын.

Сен мені өз басыңмен бірге қорға,

Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!

Білесің, миым жатқа бұйырмасын.

Миыңның бір жеріне жасыр мені,

Қиылсынөмір солай... Қиылғасын!..

Алдынан терезеңнің жүріп өттім,

Сен мені байқадың ба, құдіреттім?

Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?

Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.

Heгe өртенді?Жүрегім неге өртенді?!

Нелер келіп, басыма нелер төнді...

Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,

Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?

Қайран көктем, Қайран гүл, қайран жазым!

Сарқылған ба, шынымен сайран-назың?

Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?

Айдынымда қанатын жайған қазым.

Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда жанымыз егіз деген?...

Терезеңнің алдына келіп тұрмын,

Көгершіндей,

Қыстыкүні... жем іздеген...

***

Лала гүлім

Авторы: Айдар САЙЛАУОВ

Жүрегімді жібітіп барады үнің,

Су бетінде жүргендей әр адымың.

Құшағыңды құшайын құшырланып,

Сенен басқа жазады жараны кім!?

Лала гүлім!

Басылғандай мауқым мен балалығым,

Жігітті жақсы көрші жанары мұң.

Сендік сезім сұп-сұлу, аспан түстес,

Мендік әлем арадай ала бүгін.

Лала гүлім!

Қары сондай әппақ қой қабағының,

Балаусадай ашады жаңа бүрін.

Жүгеніне сезімнің жармастым ғой,

Жүрегіме бар қандай жаңалығың.

Лала гүлім!

Сынғанын сездірмейтін сабағының,

Көзіме күлімсіреп қара күнім.

Екеуміз айға барып қайтайықшы,

Қасымызда халық көп қара-құрым.

Лала гүлім!

Сомдамаймын рөлін саналының,

Сонда қайғым көрінер сағағы құм.

Өлеңімде өмірді сүріп келем,

Махаббатқа жоқ бірақ, алалығым.

Лала гүлім!

Жігітті жақсы көрші жанары мұң,

Ал, сосын күлімсіреп қара күнім.

Хош иісті гүлді мен үзе алмадым,

Жүрегімде өссін деп лала гүлім.

Лала гүлім!

Р.S

Жанарымнан ытқып шыққан жасты көл,

Жарығым-ау, сүңгисің бе? Жастық ол.

Тәнімдегі тәтті үмітті қайтесің,

Менің сорлы жүрегімді жақсы көр.

***

Жұпар

Авторы: Айдар САЙЛАУОВ

Жарығым,

Жүрегімнен жырды ұрладың,

Тағы неге татқыздың мұңның дәмін.

Өзің ғана сезетін секілдісің,

Көзіме жасырынған сырдың бәрін.

Ұмыта алмай көзқарасыңды,

Неге гүлім, өмірді дара сүрді.

Жұпарды іздеп сенделем өзіңдегі,

Ара сынды. Жүрек сосын аласұрды.

Ырғалады жел әнге дала тынбай,

Сенің бейнең бедерде қалтындай.

Көздерің күлтеқанат көбелектей,

Қарашығың араның қанатындай.

Осы нұрлар жүрекке сыйғаны анық,

Көркіңде болмайды ғой бұйда қалып.

Сарқырама секілді шаштарыңыз,

Құздан төмен құлайтын бұйраланып.

Сұңқар сынды шыңыңда қалқитынбыз,

Ерімейтін, сен десе балқитын мұз.

Балиғатқа толмаған періштедей,

Табиғаттың жұпары аңқитын қыз.

Қыздарға айтылатын әдемі сөздер
Күн батып бара жатқан сәтін тамашалаған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктіңізді еркелететін жылы сөздер

Сүйіктіңізге қандай әдемі сөздер айтуға болады? Сезімді білдіруге мына нұсқалар көмектеседі:

Күнім, меніңше мен марапатқа лайық деп танылдым, енді міндетті түрде бай боламын! Адамдар жылдар бойы өмірдің мәні не деген сұраққа жауап іздеп, таба алмай келеді. Ал мен бәрін білемін: мен үшін жауап та, өмірдің мәні де – сенсің, сүйіктім!

Сүйіктім, сенімен жолығуым - тағдырдың маған берген ерекше сыйы. Сен менің періштемсің және қазынамсың. Мен сенімен ғана өзімді бақытты сезінемін, сен мені қанаттандырасың!

Сен жарқыраған жұлдызсың, сүйіктім! Мына әлемде сенен асқан керемет жоқ. Маған сендегі барлық нәрсе ұнайды – күлімдегенің, жүрісің, сүйкімділігің, ақылың. Сен менің арманымсың, екінші жартымсың, тағдырымсың. Бізді кезіктіргені үшін Құдайға алғыс айтамын. Мен сенен іздегенімнің бәрін таптым – адалдықты, үмітті және махаббатты!

Сен маған аспанға қолымды тигізе алатындай сезім сыйлайсың. Бұл соншалықты жақсы деп ешқашан ойламаппын.

Сенің баға жетпес асыл адам болғаның қандай жақсы, әйтпесе мен саған қол жеткізу үшін өмір бойы ақша жинап өтер едім.

Махаббат жайлы әдемі сөздер

Адамдар кейде жүректегі сезімді әдемі сөздермен білдіруді қалайды. Алайда толқып тұрып қандай сөз айтуды білмей қалуы да мүмкін. Олай болса, түрік тілінен аударылған мына сөздер сүйіктіңізге ұнайды деген сенімдеміз.

Адамға кофе де, кофехана да керек емес. Адам жаны махаббатқа шөлдейді, кофе жай ғана сылтау.

***

Әрбір махаббаттың өзіне тән батылдығы болады.

***

Жалғыз тілегім сені өмір бойы жақсы көру.

***

Дүниедегі ең жақсы сезім бір жанның күлімдеуіне себепкер екеніңді білу.

***

Қай жерде тұратының маңызды емес, жаныңда кімнің тұратыны маңызды.

***

Менің махаббатым менің тағдырым. Сен - менің өзіңсіз өмір сүре алмайтын екінші жартымсың. Менің әлемім, ойым, арманым, дүниедегі маған қымбат нәрсенің бәрі сен!

***

Келісесіз бе, бір кездесу бүкіл өміріңізді өзгертуі мүмкін.

***

Шынайы махаббатқа қашықтықтың әсері жоқ. Сүйген адам әрқашан жүректе.

***

Абайлаңыз! Өткеннің есіктері жабылуда! Келесі аялдама бақыт.

***

Егер мен қасында болмасам, бұл сенімен бірге емес екенімді білдірмейді.

***

Өзіңмен бірге өмірге одан сайын жақындай түстім. Қолыңнан ұстап жүрсем, өмірге бауыр басып қаламын. Өмірді сүюді үйреттің, жүрегіме махаббат орнаттың.

***

Тағдырым сенсіз өмір сүру мүмкін емес деп шешіпті.

***

Махаббатсыз өмір сүру оңайырақ, бірақ онсыз мән жоқ.

***

Сен маған өте жақынсың, қолымды жүрегіме қойғанда саған жақындағандай боламын.

***

Ең жақсы үй сүйген адамның жүрегі.

Қыздарға айтылатын әдемі сөздер
Қар жауғанда серуенге шыққан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыздың көзіне жас үйіретіндей қандай әдемі сөздер айтуға болады?

Шексіз сезімді эмоциямен және шынайы түрде өлеңмен жеткізу кез келген қыздың жүрегіне әсер ететіні сөзсіз.

Мақтау сөздерін шын жүрекпен айтыңыз, сөзіңізді іспен көрсетіңіз. Есіңізде болсын: махаббат туралы отты сөздер немқұрайлылық пен елемеу болған кезде мәнін жоғалтады дейді әлеуметтік психолог Александра Сторожева.

Қызға мақтаулар мен жылы сөздер айтудан қорықпаңыз. Бастысы жүректің үніне құлақ түріңіз және шынайы сөйлеңіз. Ал әдемі тіркестер мен мақтаулар топтамасы кез келген жағдайда сізге сөздің ең жақсысын табуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2001609-qyzga-aitylatyn-ademi-sozder-maqtau-zane-aserli-tirkester-toptamasy/