Ғалымдар 2046 жылы жермен соқтығысуы мүмкін астероидты тапты (фото)
Жарияланған күні:
NASA планетарлық қорғаныс бюросының өкілдері 20 жылдан кейін жермен соқтығысуы мүмкін астероидты бақылап отырғанын жеткізді. Бұл туралы ұйымның Twitter-дегі парақшасы мәлімдеді, деп жазады KAZ. NUR.KZ.
Жақында табылған 2023 DW атты астероид шамамен 20 жылдан соң, 2046 жылдың 14 ақпанында жермен соқтығысуы мүмкін.
NASA мәліметінше, астероид пен жердің соқтығысу қаупі ортадан жоғары саналады. Десе де, астероидтың жермен соқтығысу мүмкіндігін мамандар төмен бағалап отыр. Астероид туралы нақты мәліметтер белгілі болған соң, оның жермен соқтығысу қаупі төмендеуі мүмкін.
Астероидтың диаметрі 160 метрге тең. Бұл Челябинскіде құлаған астероидтан екі-үш есе үлкен.
Бір айта кетерлігі, мұндай көлемдегі астероидтар жерге айтарлықтай қауіп төндірмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2012533-galymdar-2046-zyly-zermen-soqtygysuy-mumkin-asteroidty-tapty-foto/