Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны көргім келмейді": бөлмесін әрлеп, жаңартып берген көршісіне ренжіген әйел мұңын шақты

Жарияланған күні:

Үйдің терезесін сүртіп жатқан әйел
Терезені сүрту. Көрнекі сурет: pixabay.com

Mirror басылымы көршісінің әрекетіне реніш білдірген әйелдің оқиғасын назарға ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылымының жазуынша, Netmums.com сайтының форумында Nella.A лақап атымен тіркелген әйел басынан өткен оқиғаны баяндап, көпшіліктен кеңес сұраған.

Әйелдің сөзінше, ол демалыс күндері үйінен кеткен уақытта көршісі оған тосын сый жасау мақсатында жатын бөлмесін әрлеген.

Алайда үйіне қайтып оралған әйелге бұл "тосын сый" ұнамай қалған. Ол "көршісін енді ешқашан көргісі келмейтінін" айтып, ағынан жарылды.

Жатын бөлмеме бөтен адамдар кірген

"Демалыс күндері мен үйден кеткен кезде көршім бір топ адаммен бөлмемді әрлеп, жаңартпақ болыпты. Олар жатын бөлмемді түгел жинап шыққан. Қайтып келсем, мені есік алдында көршім күтіп алып, көзімді байлап, бөлмемнің есігін ашып, "тосын сыйын" көрсетті... Ол менің соңғы кездері шаршап жүргенімді байқап, маған демалуға болатын "ыңғайлы бөлме" жасағысы келгенін айтты. Меніңше, ол жақсы іс істеп жатырмын деп ойлаған сияқты, ал басқалары көршім ақша төлегендіктен ғана бөлмемді әрлеуге атсалысқан. Жаңа төсеніштер, жастықтар, кілемдер, жалюзи ілген, мұның бәрі әдемі көрінгенмен, мені қуанта қойған жоқ. Себебі менің жатын бөлмеме бөтен адамдар кірген. Ал ол жерде менің төсек-орным, іш киімім, тіпті сөрелерде дәрі-дәрмектеріме дейін тұр", — деді ол.

Әйелдің айтуынша, үйде ол жоқта жасөспірім қызы болған және қызы көршісінің "тосын сыйын" жақсы қабылдаған.

Қызым оларды ішке кіргізген

"Жасөспірім қызым оларды ішке кіргізген, мен оған олай істеуге болмайтынын айттым, алайда, оның ойынша мен бұған керісінше риза болуым керек. Десе де мен көршімді енді көргім келмейді", — деп сөзін түйіндеді ол.

Әйел бұл жағдайда көршісіне реніш білдіргені қаншалықты орынды деген сұрақ қойды. Сайт қолданушыларының арасында әйел адамды жақтағандар да, пікірімен келіспегендер де болды:

"Менің ойымша, сіздің жағдайыңызда кез келген адам өзін біртүрлі сезінер еді, сіз алғыс айтуға міндетті емессіз... Жақсы дегеннің бәрі дұрыс деген сөз емес", "Егер мен сіздің орныңыздада болсам, мұны жай ғана өткеннің еншісіндегі жағдай ретінде қабылдап, жаңа өзгерістерден ләззат алып, дұрыс қырынан қарар едім", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014361-bul-adamdardy-endi-korgim-kelmeidi-aiel-adam-korsilerine-narazy-boldy/