Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойында стақанға салынған мұзға сүрінген қалыңдық аяғын сындырып алды

Жарияланған күні:

Қалыңдық пен күйеу
Қалыңдық пен күйеу. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Англияның Бристоль қаласында үйлену тойы өткен Дейзи есімді келіншек салтанатты кеште сәтсіздікке ұшырап, аяғын сындырып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ mirror сайтына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты Дэйзи мен Том Аллен үйлену тойынан кейін Майами мен Кариб теңізіндегі круизде өтетін бал айын асыға күтті. Алайда үйлену тойындағы сәтсіздік олардың барлық жоспарын бұзды.

Сайттың хабарлауынша, 24 жастағы Дейзидің көйлегі қаражидек бұтасына ілініп қалып, етегі жыртылып қалған. Ал кешке үйлену тойында қалыңдық сынған стақаннан түскен мұзға сүрініп, жерге құлаған. Соның салдарынан Дейзидің аяғы сынып, буындары тартылып қалған.

Дейзи денсаулығы бірінші орында тұрғанымен, тойдан кейінгі саяхатынан құр қалғанына өкінді. Өйткені билеттер алдын ала брондалған болатын. Ерлі-зайыпты сапарына 5000 фунттан астам ақша жұмсады, сондықтан олар сақтандыру компаниясынан өтемақысын алуға үмітті.

Дейзиге гипс салынған және алдағы уақытта ота қажет болуы мүмкін. Ғашықтар саяхатына қашан аттана алатынын білмейді, бірақ жақсылыққа үміттеніп, сақтандыру компаниясының шешімін күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017066-toiynda-staqanga-salyngan-muzga-suringen-qalyndyq-ayagyn-syndyryp-aldy/