Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отан және патриотизм туралы цитаталар: мағыналы дәйексөздер топтамасы

Жарияланған күні:

Қағаз бен қалам
Қағаз бен қалам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әрбір адамға өз Отаны ыстық. Бұл сөздің қаншалықты маңызды екенін әр заманның атақты тұлғалары мағыналы сөздері арқылы жеткізіп отырған. Олар Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім туралы қандай ойлар қалдырды?

Ұлы тұлғалардың түсінігіндегі Отан

Отан туралы қандай қанатты сөздер бар? Философтар, жазушылар, саясаткерлер және басқа да танымал адамдар өздері өмір сүрген заманда Отан туралы орамды ойларын жеткізіп отырған.

  • Отанды үлкен болғаны үшін емес, өз Отаны болғаны үшін сүйеді. (Сенека)
  • Елің үшін өміріңді қиюға дайын болғаның маңызды, бірақ ол үшін өмір сүруге дайын болғаның одан да маңызды. (Теодор Рузвельт)
  • Өзіңді еркін сезінетін жер – Отан. (Әбу-л-Фарадж ибн Харун)
  • Әрбір ержүрек, шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі. (Ромен Роллан)
  • Мен өз елімді және бұрынғыдай әділдікті де жақсы көретін мүмкіндікке ие болғым келеді. (Альберт Камю)
Тұлғалар сөзі
Тұлғалардың қанатты сөздері. Көрнекі сурет: NUR.KZ
  • Бірінші орында Отан мен ата-ана, одан кейін балалар мен бүкіл отбасы, содан кейінгісі қалған туыстар болуы керек. (Цицерон)
  • Туған жерді ұмытуға болмайды. Отанды сағынудан асқан асыл дерт жоқ. (Иоганн Георг Гаман)
  • Ең берік қамал – Отанға деген сүйіспеншілік. (Шамиль имам)
  • Адамзатқа деген шынайы сүйіспеншілік болмаса, Отанға деген шынайы махаббат болмайды. (Анатоль Франс)
  • Менің үйім – менің кітапханам орналасқан жер. (Эразм Роттердамский)
  • Бір масақтың орнына екеуін өсірген адам адамзатқа, Отанына барлық саясаткерден де үлкен қызмет етеді. (Джонатан Свифт)
  • Бір халықтың туған жері екінші халықтың мәңгілік отаны бола алмайды. (Гарегин Нжде)
  • Бостандық бар жер – менің Отаным. (Томас Джефферсон)
  • Мемлекет адам өлтіре бастағанда өзін Отан деп атайды. (Юхан Август Стриндберг)

Қазақстың атақты тұлғалары өз Отаны туралы қандай әсерлі сөздер айтқан? Жазушы, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: "Отанға деген сүйіспеншілік ата-анаға, бауырларына, ауылына, туып-өскен ауылына, қаласына, ұлтына деген сүйіспеншіліктен басталады", - деген.

  • Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар. (Абай Құнанбайұлы)
  • Өз ұлтын менсінбейтін, мақтанбайтын – сөзсіз арамза, қаңғыбас. (Бауыржан Момышұлы)
  • Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім Отанына көрсеткен қызметіне жылу дәметпеуі тиіс. Ол – оның азаматтық борышы. (Мұхтар Шаханов)

Адамзат баласы үшін Отан дегеніміз – кіндік қаны тамған жер. Отан – адамның таңдауға болмайтын әрі жан-тәнімен сүйетін мекені.

Ахмет Байтұрсынұлының сөзі
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөзі. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Патриотизм туралы нақыл сөздер

Патриотизм дегеніміз не? GoodReads порталы сарапшыларының пікірінше, Марк Твеннің мына сөзі патриотизмнің түсіндірмесі бола алады: "Патриотизм сіздің еліңізді және үкіметіңізді лайықты болған кезде әрқашан қолдайды". Роберт Луи Стивенсон: "Патриотизм – бұл жалындаған эмоция емес, ол адамның ақтық демі таусылғанша Отанына шын берілгендігі", - деген. Бұл жөнінде басқа да қызықты пікірлер бар.

  • Егер өркениетті мінез-құлыққа қайшы келсе, біз патриотизмді қаламаймыз. (Фридрих Дюрренматт).
  • Атаңның баласы болма, адамның баласы бол. (Абай Құнанбайұлы)
  • Қиындықтарға бетпе-бет келгеніне қарамастан, бұл елді сүйетін адамдар оны өзгерте алады. (Барак Обама)
  • Бізге отансүйгіштік қасиет берілді және біз патриот болдық, өйткені біз билеушінің бұйырғанының бәрін орындаймыз. (Генрих Гейне)
  • Әркім өз деңгейінде, өз орнында ортасын жақсартуға, еліне, қоғамына пайдасын тигізуге тырысуы керек әрі оны өзімізден бастауымыз қажет. Менің түсінігімде бұл – патриотизм. (Ақан Сатаев)
  • Патриотизм – діннің ішіндегі ең қолжетімдісі. (Олжас Сүлейменов)
  • Отан патриотизммен өмір сүреді, оның жоқтығынан өледі. Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең. (Гарегин Нжде)
  • Патриотизм – қырсық адамның ізгілігі. (Оскар Уайльд)
  • Ұлттық мазмұндағы патриотизм жеке мағынадағы эгоизммен бірдей; екеуі де бір негізден бастау алып, бірдей пайда мен апат әкеледі. Өз қоғамына деген құрмет – адамның өзіне деген құрметінің көрінісі. (Герберт Спенсер)

Отанға деген сүйіспеншілік дегеніміз не? Наполеон Бонапарт: "Отанға деген сүйіспеншілік – өркениетті адамның бойынан табылатын ең бірінші қасиеті" - деген. Философ Фрэнсис Бэкон: "Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады"- деп жеткізген. Бұл туралы Вольтер де өз ойын былай білдірді: "Білімі мен мәдениеті жоғары халықтардың нағыз ерлігі олардың Отан үшін жанқиярлыққа дайын болуымен байланысты".

Бауыржан Момышұлының сөзі
Бауыржан Момышұлының қанатты сөзі. Көрнекі сурет: NUR.KZ
  • Патриот әрқашан өз елін өз үкіметінен қорғауға дайын болуы керек. (Эдвард Эбби)
  • Бостандық ағашын әлсін-әлсін патриоттар мен тирандардың қанымен суару керек, бұл оған табиғи тыңайтқыш болады. (Томас Джефферсон)
  • Патриоттар әрқашан елі үшін өлетіні туралы айтады, бірақ ешқашан елі үшін өлтіретіні жайлы айтпайды. (Бертран Рассел)
  • Нағыз патриот болу үшін ең алдымен біз джентльмен, содан кейін ғана патриот екенімізді ұмытпауымыз керек. (Эдмунд Берк)
  • Адамды ұлттың үлгісі деуге болады. Біздің әрқайсымыз арқылы бүкіл халық бағаланады, жалпылама қабылдау феномені осындай. Шебер болсаң, халқың да құрметке бөленеді. Міне, бұл – патриотизмнің баршаға белгілі формуласы. (Олжас Сүлейменов)
  • Адам баласынан патриоттық сезімді жоймайынша, сізде бейбіт әлем болмайды. (Бернард Шоу)
  • Ит айға қарап ұлыса, ол – дін, егер бейтаныс адамға үрсе, бұл – патриотизм. (Дэвид Старр Джордан)
Ескі жазбалар
Жылдар бойы сақталған ескі жазбалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Патриотизм – көп сұрақ тудыратын ұғым. Біреулер үшін бұл елге деген сүйіспеншілік пен оның мүддесін қорғауға ынталы болуымен байланысты, ал кейбірі гуманистік қоғамдағы орынсыз құбылыс және саясаткерлердің бұйрығын ойланбастан орындау деп түсінсе керек.

Отан, патриотизм төңірегінде әркімнің өз пікірі бар. Мұны жазбамызда мысалға келтірген тұлғалардың сөздерінен анық көруге болады. Олар бұл ұғымды әр түрлі қырынан ашу арқылы адамдардың жеке пайымын қалыптастыруға ықпал етуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017617-otan-zane-patriotizm-turaly-citatalar-magynaly-daieksozder-toptamasy/