Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның денесіндегі эрогенді нүктелер туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Шөп үстінде жатқан жұп
Шөп үстінде жатқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дене мүшелерінің кез келген аймағында эрогенді нүктелер барын көпшілік біле бермейді. Әсіресе ол ер адамдарда өте көп болуы мүмкін. Осыған орай, бүгінгі материалда аталған тақырыпқа байланысты сарапшылар пікірін назарға ұсынамыз.

Эрогенді аймақ дегеніміз – жанасу кезінде сексуалдық cезімді тудыратын адам денесінің кез келген бөлігі. Ерлерде мұндай аймақтарға жыныс мүшелері аймағы, кеуде, ерін, құлақ, мойын, жамбас, іштің төмен бөлігі жатады.

Құлақ

Құлақ не себепті эрогенді дене мүшесіне жатады? Эдриенн Сантос-Лонгхерстның айтуынша, құлақ терісінің сезімталдығы өте жоғары және ішкі жағында жүздеген сенсорлық рецептор бар екен. Жұбыңыздың құлағының ұшын сүйіп, тістеп көріңіз. Бұған қоса құлағына жылы сөздер айтып, құлағының ішіне үрлеңіз. Мұндай әрекеттер көптеген ер адамға ұнауы мүмкін.

Кеуде тұсы

Ерлерде де әйелдердікі сияқты кеуде тұсы аса жоғары эрогенді аймаққа жатады. Бұл аумаққа жасалған жанасулар миға жыныс мүшелеріне жасалған сияқты сигнал беріп, дәл сондай сексуалды ләззат сыйлайды. Кеуде тұсын нәзік қолыңызбен аймалап, әрі қарай қалауыңызша стимуляция жасасаңыз ерлерге бұл ұнайтыны сөзсіз.

Ерін мен ауыз

Кеуде тұсынан бөлек ең эрогенді аймаққа ерін де жатады. Ерін өте сезімтал болғандықтан сүйісу арқылы еркектің қозуын жоғарылатады. Ерінге ерінмен, тілмен жанасу, тістеу сияқты әдістер кез келген ер адамға ұнайтыны анық.

Бір-біріне ғашық жандар
Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер адамның санынан ұстау

Медициналық басылым авторы Хейли Кришер ер адамның санын ең эрогенді аймаққа жатқызған. Ол жыныс мүшелеріне жақын және өте сезімтал аймақ екендігімен байланыстырады. Санын сипалау оларға жағымды әсер етеді.

Мойын

Мойынға алыстан жанасудың өзі бүкіл өн бойына жағымды әсер ете алады. Бұл дене мүшесінің алдыңғы, артқы және құлақ асты аймағы да үлкен сезімталдыққа ие. Мойынды сипау, сүю қозуды арттырады. Кей ер-азаматтар үшін желке тұсы, бас терісі де эрогенді болады.

Тізенің тұсы

Бұл аймақтың да эрогенді екендігін көпшілік біле бермейді. Бұл аймақты сипау кейбіреулердің қытығына тисе, енді біреулер рахат сезіміне бөленеді. Сондықтан бұл аймақты да сынап көрген дұрыс. Заун Виллинс тізе астына массаж жасауға кеңес береді. Массаж кезінде тілмен немесе ауызбен жоғары төмен жүріп, қозу сезімін оятуға болады.

Ғашық жандар
Ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кіндік және іштің төмен жағы

Жыныс мүшелеріне жанасу ер адамды ерекше сезімге бөлейді. Саусағыңыздың ұшымен, тілмен немесе құстың қанатымен кіндік маңайына жанасып, жұбыңыздың біраз қытығына тиіңіз. Бұл аймақ әр түрлі ойын ұйымдастырып, сексуалды қозуды оятуға арналған ерекше аймақ болып саналады. Мысалы, кіндік маңын мұз кесегімен арлы-берлі жүргізіп, ерекше сезім сыйлаңыз.

Қолтықтың тұсы

Қытықтаудан қорқатындардың өзі бұл аймақты сипаудан ләззат ала алады. Бұл аса танымал емес эрогенді нүкте - қозудың шыңына әкелетін аймақ. Саусақ ұшымен, құс қанатымен немесе тіліңізбен ақырын жанасып, эксперимент жасап көрсеңіз болады.

Алақанның ішкі жағы

Алақанның ішкі жағы өте сезімтал. Жұбыңыздың қолынан ұстап, қолдың ішкі жағына тіліңізді жанастырыңыз. Мұндай нәзік әрекет баршаға ұнайды.

Жанасу, сипалау – сексуалды қозуға алып келетін бірден-бір әдістердің бірі. Лаури Нумменмааның жазуынша, денені сипалау, аймалау адамға жағымды әрекет, бірақ сексуалды қозуды тудыратын арнайы нүктелер эрогенді аймаққа жатады.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта жазылған.

Дереккөз:

  1. Adrienne Santos-Longhurst. Everything You Need to Know About Erogenous Zones // Healthline. — 2019. — 04 April. — Қолжетімділік режимі: https://www.nur.kz/health/healthy-lifestyle/232478-erogennyye-tochki-muzhchiny-o-kotorykh-nuzhno-znat/
  2. Awesome Erogenous Zones //WebMD. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/sex-relationships/features/7-awesome-erogenous-zonesё
  3. Lauri Nummenmaa, Juulia T. Suvilehto, Enrico Glerean, Pekka Santtila, Jari K. Hietanen. Topography of Human Erogenous Zones // PubMed. — 2016. — 45(5):1207–16. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/27091187/
  4. Everything you need to know about erogenous zones // Medical News Today. — 2020. — 24 July. — Қолжетімділік режимі: https://www.medicalnewstoday.com/articles/erogenous-zones

Рецензент жоғары санатты дәрігер: Михайленко Людмила Анатольевна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018204-er-adamnyn-denesindegi-erogendi-nuktelturaly-ne-bilemiz/