"Күн қатты ысиды": БҰҰ алдағы бес жылдың адамзат тарихындағы ең ыстық кезең болатынын хабарлады
Жарияланған күні:
Біріккен Ұлттар ұйымы 2023-2027 жылдар аралығында жер бетінде тарихта болмаған ыстық ауа райы сақталатынын айтты. Бұл туралы rg.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның жаңа есебіне сәйкес, жақын арада ғаламдық температура көтеріледі.
Тарихта ең ыстық кезең ретінде 2015-2022 жылдар аралығы тіркелген болатын. Бірақ климаттың өзгеруіне байланысты температура тағы да жоғарыламақ.
"Алдағы бес жылдық тарихтағы ең ыстық кезең болады деген пікір ықтималдығы 98 пайызды құрап отыр", - делінген әлемдік ұйым хабарламасында.
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның басшысы Петтери Тааластың айтуынша, жақын арада Эль-Ниньо ыстығы келеді. Бұл климаттың антропогенді өзгерістерімен сай келіп, ғаламдық температураның өсуіне әкеледі.
"Бұл денсаулыққа, сауда-саттық қауіпсіздігі мен қоршаған орта, су ресурстарын басқару саласына әсер етеді. Біз оған дайынн болуымыз керек", - деді ол.
Эль-Ниньо - Тынық мұхитының орталық және шығыс экваторлық қабатындағы ауа температурасының шамадан тыс көтерілуі. Мұндай ауа райы әрбір 2-7 жыл аралығында кездеседі. Ұйым мәліметінше, 2023 жылы температура 1991-2020 жылдармен салыстырғанда жоғары болады. Тек Аляска, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Азия мен Австралияның кейбір бөлігінде бұл байқалмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2021443-kun-qatty-ysidy-buu-aldagy-bes-zyldyn-adamzat-tarixyndagy-en-ystyq-kezen-bolatynyn-qatty-xabarlady/