Қырғызстанда мезозой дәуіріне жататын динозаврдың қалдықтары табылды (фото)
Жарияланған күні:
Қырғызстанның Таш-Көмүр қаласында мезозой дәуіріне жататын динозаврдың қалдықтары табылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қызғызстан ұлттық ғылым академиясының ғалымы Жұмақадыр Қарамолдоевтың сөзінше, динозавр қалдықтарын неміс археологтары тапқан. Табылған динозаврдың жіліншік сүйегінің ұзындығы 63 сантиметр.
Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, Таш-Көмүр аймағынан бұған дейін де динозаврдың қалдықтары табылған.
Мәселен, 1966 жылы ол жерден динозаврдың бір түрі — зауроподтың сүйектері табылған. Ал 1970-2015 жылдары Таш-Көмүр аумағында птерозаврдың, стегозаврдың және тероподтың қалдықтары табылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2021926-qyrgyzstanda-dinozavr-qaldyqtary-tabyldy-foto/