Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлер мен әйелдер арасындағы ең қызғаншақ белгілерді білесіз бе

Жарияланған күні:

Қызғаншақ ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет
Қызғаншақ ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызғаныш - махаббатпен қатар жүретін жағымсыз сезімдердің бірі. Бұл сезімге бой алдырған адам екінші жартысын толықтай бақылауда ұстағысы келеді. Астролог Тина Мукерджидің жасаған рейтингісі бойынша, ең қызғаншақ жұлдызды белгілермен таныс болыңыздар.

Бұл материалдан сіздер мынаны білесіздер:

1. Ең қызғаншақ әйелдер жұлдызнамасы

2. Ең қызғаншақ ерлер жұлдызнамасы.

Жұлдызнама бойынша әйелдер арасындағы топ-5 қызғаншақ белгі

Қызғаныш сезіміне әдемі әрі тәуелсіз әйелдер, өзіне сенімді нәзік жандылар ешқашан ерік бермейді. Бірақ кейбір жұлдызды белгілер үшін жұбына деген сенімсіздік, реніш сезімдеріне бой алдыру тән. The Voice, Stylecaster басылымдары әйелдер арасындағы ең қызғаншақ жұлдыз ретінде Балықтарды атаған. Astrologyk басылымы олардың артынан Сарышаян, Арыстан, Тоқты, Мерген белгісінде туылғандарды ең қызғаншақ жандар қатарына жатқызады.

Балықтар

Қызғанышын сыртқа шығармайды, бірақ кек қайтаруда өте қатыгез. Қызғаншақ балық барлығын алдын ала жоспарлап, оны алдаған еркектің абыройынан, жиғанынан түгел айырады. Жаны нәзік, эмоционалды балықтар алдауды өте терең күйзеліспен қабылдайды. Олар өздеріне сенімсіз болғандықтан, сүйіктісін бақылауда ұстайды. Балықтардың тым асыра сілтеп, бір затты қайталай беруінен арадағы ұрыстар жиі болады. Жұбыңызды тыныштандыру үшін оған қамқорлық танытып, жиі көңіл бөліп тұрыңыз.

Сүйіктісін құшақтап тұрған әйел
Сүйіктісін құшақтап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаян

Әйел Сарышаян – жұлдыздар ішіндегі жүрегі махаббатқа толы әрі қу жұлдызды белгі. Олардың көзіне шөп салу жойқын жауап күтсе болады. Ондай әйел тиімді уақытты күтіп, еркектің әлсіз тұсын іздейді. Сарышаян әйел ер азаматты алдағаны үшін жазалап, оны біржолата тастап кетеді. Ер азамат өмірінің соңына дейін жасаған қателігі үшін өкініп өтетін болады. Бұл әйел тек бір-ақ рет шын сүйе алады. Сарышаянды мазалайтын басты проблема - оны басқа әйелмен алмастыру. Бұл белгіде туылған әйелдер ер азаматын оның жұмысына, хоббиіне де қызғануы мүмкін.

Арыстан

Арыстандар бәсекелестікті мүлдем ұнатпайды. Ер азаматтың басқа әйелге кішкентай болсын көңіл бөлуі оның қызғанышын тудырады. Ол үшін өзінің жалғыз әрі қайталанбас екенін білу маңызды. Егер ондай сезімі болмаса арыстан әйелдер өзінің тартымдылығынан айырылып, өзін жоғалта бастайды. Қызғанышқа ерік берген арыстанды басу оңайға соқпайды. Ер азамат өзінің эмоционалды, материалдық ресурстарын толықтай пайдалана алса ғана екінші мүмкіндік ала алады, бірақ үшінші мүмкіндік берілмейтіні анық.

Тоқтылар

Тоқты әйелдер қызғаныш сезімін бастан кешкен кезде тез ашуланып кетеді. Олар үшін қарым-қатынас өміріндегі басты аспект. Егер бұл қарым-қатынаста қиындықтар туындап жатса, олар ашуға бой алдырып, өзін ұстай алмай қалады. Бірақ тез ашуланатын тоқтылардың ашуы да соншалықты жылдам басылады. Оның сеніміне қайта кіру үшін ер азамат оған көптеген сыйлықтар сыйлап, кешірім сұрап, коплименттер жаудыртып, енді қателеспейтінін жеткізу керек.

Қызғаншақ ғашықтар. Көрнекі сурет
Қызғаншақ ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

Әйел мергендер толерантты емес. Олар өте көңілді, өздеріне сенімді. Сондықтан қызғанышын себепсіз білдірмейді. Ал қызғаныш туындаса олар қарым-қатынасты толықтай тоқтатып тастауға дайын. Бірақ сосын ол туралы өкініп, ер азаматын қайта кешіруі мүмкін. Мергендер қызғаныш бірден емес, іште сақтай береді. Сөйтіп әбден сақталып, түйін болған кезде ғана сыртқа шығарады. Жарылыс тым қатты болып, "эпицентрінде" қалғыңыз келмесе, оларға сезіміңізді жиі білдіріп тұрыңыз.

Жұлдызнама бойынша ерлер арасындағы топ-5 қызғаншақ белгі

Астролог Тина Мукерджи мен Eastro Help жобасының зерттеуінше ең қызғаншақ ерлер - сарышаяндар. Одан соң қызғаншақ жұлдызды белгі қатарына Шаяндар жатады. Дұрыс қарым-қатынас құру баспасы Her Norm қызғаншақтардың қатарына Бикеш, Тоқты, Арыстандарды да қосты.

Сарышаян

Сарышаяндар кез келген жақын адамын өз меншігі ретінде көреді. Еркек Сарышаян өзінің жұбының әлеуметтік желілерін, телефонын, ортақ достарын, түгел тексеріп отырады. Олардың интуициясы өте жақсы дамыған. Сарышаяндар пайда болған қауіптің бірден алдын алып, бәсекелестерден құтылып отырады. Жұптарына олардың сарышаяннан басқа ешкімге қажет емес, қызық емес екендігіне сендіріп, оларға қысым көрсету арқылы қарым-қатынасты сақтағысы келеді. Сол тәсіл арқылы әйелді өздеріне бағынышты етіп, манипуляция жасайды. Бірақ ондай арақатынас екі жаққа да ешқандай қуаныш әкелмейді.

Телефон тексеріп тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Телефон тексеріп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

Бикеш ер азаматтар үнемі бірінші болғанды, ең мықты болғанды жақсы көреді. Сондықтан өзіне жасалған опасыздықты өте ауыр қабылдайды. Бикештер жүрегін біреуге сеніп тапсырса, олар оны бағалауға міндетті деп санайды. Ал егер таңдаған қызы басқа жігітті қаласа, ол жігіт жақсылық күтпейтіні анық. Бикештер қолайлы сәтті күтіп, жаңа жұптың жазасын беруге асығады.

Шаяндар

Қарым-қатынаста еркек шаяндар тұрақтылықты, қауіпсіздікті қалайды. Бәсекелестер пайда бола қалса, олар өмірден түңіліп, тастанды болудан қорқа бастайды. Сол қорқыныштардың әсерінен олар өзін агрессивті, ашулы етіп көрсетеді. Бұл белгі өте сезімтал және сол себептен бәсекелесін алыстан сезеді. Ол қарым-қатынаста аса сақ болуы мүмкін, сондықтан барлық негативін, ашуын ұнатқан қызына шығарып тастайды. Бірақ кейін кешірім сұрап, тағы да мүмкіндік беруін сұрайтын болады.

Арыстан

Арыстандарды Күн басқарады. Ол жарқырап жүру үшін туылған. Ол өзгенің өзін басып тастауына жол бермейді. Арыстан ер азаматты таңдаған қыздар өмір бойы оларға бағынып, олардың мықты, ерекше, әдемі екендігін айтып жүруі керек. Қызғаныш сезімі кернеген арыстандарға шыдау мүмкін емес. Олар опасыздыққа дәл солай жауап беріп, кек қайтарады. Егер арыстанның арақатынасы жайлы мақтанып жатқанын естісеңіз, қызғануға себеп тудырған сәтіңіз болды ма, жоқ па? Еске түсіріп көріңіз.

Қызғаншақ ер адам. Көрнекі сурет
Қызғаншақ ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тоқтылар

Тоқтылар өз жұбын аңдып, бақылауда ұстамайды. Astrologyk баспасының пікірінше, өз жұбына деген басқа еркектің қызығушылығын байқаған тоқтылар, көп шыдап жүре алмайды. Ашулы, қызғанышқа толы тоқтылар өте қауіпті. Басқа жағдайларда тоқтылар өзін өте жақсы ұстай алады. Ашушаңдық жұптың арасына негативті әсер етеді. Егер әйел қызғаныш сезімін тудыратын болса, ол бәрінің көзінше бетіне басатыны анық.

Қызғаныш сезімі арақатынасты суытады. Бірақ барлығы дерлік бұл сезімді басқара алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022292-erler-men-aielder-arasyndagy-en-qyzgansaq-belgilerdi-bilesiz-be/