Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландияда қайтыс болғанға дейін қарызға тамақтануға болатын пиццерия пайда болды

Жарияланған күні:

Пицца
Пицца. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа Зеландиядағы пиццерия клиенттеріне өнімді қазір сатып алып, дүниеден озғаннан кейін төлеуге мүмкіндік беретін ерекше ұсыныс жасады. Бұл туралы United Press International басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Пиццерия компаниясы "қазір сатып алып, кейін төле" схемасын өздерінің жаңа акциясына негіз етіп алған.

"Біз бұл схеманы біраз адам азық-түлік сияқты тауарларды сатып алу үшін қолданып жүргенін көріп отырмыз. Дегенмен, біздің ойымызша, тұтынушылар біз сияқты жылдам қызмет көрсетуге бағытталған мекемелерден кәдімгі тамақ алу үшін пайызсыз несие алуға мәжбүр болуы артық сияқты. Оған қоса көптеген адам төлемін қатты кешіктіреді және Жаңа Зеландиядағы несиелердің 10,5 пайызының мерзімі өткен", - дейді шетелдік компания өкілі Бен Камминг.

БАҚ-тың хабарлауынша, пиццерия бұл бағдарламаға қатысу үшін 666 Жаңа Зеландия және 666 Австралия тұрғынын таңдап алады. Бағдарлама бойынша пиццерия тұтынушысы қайтыс болғанға дейін қарызға тамақтана алады, ал барлық қарызын тек дүниеден озғаннан кейін өтеуге мүмкіндік береді.

"Бағдарламаға қатысу үшін таңдалған адамдардан өсиеттерінің ішіне өлгеннен кейін пиццаның құнын алу туралы қосымшаға қол қоюы сұралады. Ешқандай пайыз немесе артық төлемдер алынбайды және келісімшарт заңды күшіне ие", - делінген компанияның сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023139-zana-zelandiyada-qaitys-bolganga-deiin-qaryzga-tamaqtanuga-bolatyn-picceriya-paida-boldy/