Ең дәмді десерт: вафли қай елде пайда болған және оның ең оңай рецебі қандай
Жарияланған күні:
Вафли - ересектерге де, балаларға да ұнайтын ең дәмді десерттердің бірі. Оны жасау әркімнің қолынан келеді. Рецептідегі пропорцияны сақтап, әзірлеу технологиясын ұстансаңыз жеткілікті.
Вафлидің қашан және қай елде пайда болғаны, яғни отаны белгісіз. Шамамен XIII ғасырда пайда болған деген деректер бар. Ең алғаш рет вафли әзірлеудің рецебі 1735 жылы кулинар кітабында жарияланған. Ал 1869 жылы Корнелиус Свартхаут алғаш рет вафли пісіретін арнайы пешті ойлап тауып, тәтті десерттің танымалдығы арта түсті. Ол уақытта вафли қамырын көмірде қыздырылған екі жұқа металл пластинаға салып пісірген. Ал қазір вафлиды арнайы электр құрылғыларында дайындайды.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Десерт
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайындау уақыты: 15 минут
Калориясы: бір порцияға 400 ккал
Құрамы:
Жұмыртқа - 4 дана
Қант - 200 гр
Бидай ұны - 150 гр
Өсімдік майы - 1 ас қасық
Ванилин - дәміне қарай
82,5% май - 200 г
Дайындалуы:
1. Жұмыртқа мен қантты араластырыңыз
Барлық құрамы бөлме температурасында болуы шарт. Жұмыртқаны ыдысқа жарып, үстінен қантын салыңыз. Миксермен біркелкі массаға жетіп, көлемі ұлғайғанша араластыру керек.
2. Май қосыңыз
Майды тоңазытқыштан алдын-ала шығарып қойыңыз. Жұмсарған май мен ванилинді жұмыртқа мен қантқа қосыңыз. Миксермен біркелкі болғанша араластырыңыз. Майды маргаринмен алмастыруға болады.
3. Ұн қосыңыз
Жоғары сұрыпты бидай ұнын дайындап алыңыз. Електен өткізіп отырып, араласқан массаға қосыңыз. Електен өткен ұн оттегіге бай, және араластыруға оңай болады. Біркелкі массаға келгенше жақсылап араластырыңыз.
4. Өсімдік майын қосу
Ең соңында өсімдік майын қосыңыз. Рафинирленген, иіссіз түрін таңдаңыз. Өнім майлы болғандықтан, вафлиді пісіру кезінде, пешке үнемі май жағып қажет емес. Қамыр жұмсақ, біркелкі, қою болуы керек.
5. Вафлиды пісіру
Электровафли пешін қыздырып алыңыз. Ортасына бір ас қасық қамырды құйып, қақпағын жабыңыз. Бір минуттай күтіп, қақпағын ашып, дайын болғанын күтіңіз. Егер вафлидың түсі сарғайған болса, арнайы қасықпен вафлиды алып, ыстық кезінде орап қойыңыз. Суыған вафлидың ортасын қоюландырылған тәтті сүтпен немесе сливкимен толтырып, дастарханға ұсынсаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2024712-en-damdi-desert-vafli-qai-elde-paida-bolgan-zane-onyn-en-onai-recebi-qandai/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.