"Сникерс" торты: көптің сүйікті десертін үй жағдайында қалай әзірлеуге болады
Жарияланған күні:
"Сникерс" тортының дәмі бірінші рет жеп көргеннен-ақ есіңізде қалатыны сөзсіз. Шоколадтан жасалған бисквитті корждар мен қаймақтан жасалған кремі тамаша үйлесім табады. Оған қосымша, карамель мен арахис торттың дәмін тіпті ерекшелендіре түседі.
Бұл торттың шығуына әлемге танымал шоколадты батончиктер әсер етті. Оның тарихы сонау 1923 жылы АҚШ-да кәсіпкер кондитер Кларенс Марс сүтті шоколадта карамель, нуга, қуырылған арахисті қосып, батон шоколадын ойлап тапқаннан бастау алады. Бұл өнім бүкіл әлемде кеңінен танылып, кейіннен кондитерлер оны торт түрінде шығара бастады. «Сникерс» тортын нақты кімнің, қашан ойлап тапқаны белгісіз. Тек оның негізі бисквит пен сливки кремінен, сондай-ақ карамель мен арахис қоспасынан тұратыны белгілі.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Десерт
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайындау уақыты: 1 сағат
Калориясы: 1 порцияға 360 ккал
Құрамы:
Жұмыртқа - 3 дана
Сүтті шоколад – 80 гр
33% қаймақ (сливки) – 340 мл
Қант – 250 гр
Бидай ұны – 80 гр
Сүт – 50 мл
Күнбағыс майы – 30 мл
Какао ұнтағы – 20 гр
Арахис – 100 гр
Тұз – дәміне қарай
Қопсытқыш – 2 гр
Сливочный сыр – 400 гр
Қант ұнтағы – 25 гр
Ванильді қант – 10 гр
82,5% май – 50 гр
Дайындалу жолы:
1. Торттың сұйық негізін дайындау
Бисквит жоғары көтеріліп пісуі үшін, барлық құрамы бөлме температурасынла болуы керек. Миксер ыдысына 3 жұмыртқаны жарып, 100 гр қантпен, аздап тұз қосыңыз. Массаның түсінің ағарып, көлемінің ұлғайғанынша 8-10 минут миксерлеңіз. Орташа жылдамдықта араластырып тұрып, оған сүт пен өсімдік майын қосыңыз.
2. Құрғақ құрам бөліктерін қосыңыз
Ұн, какао, қопсытқышты бір ыдысқа салып, араластырып алыңыз. Барлығын електен өткізіп, оттегіге қанықтырып алған дұрыс. Сұйық қоспаға ақырындап салып, арнайы кондитер қасығымен төменнен жоғарыға қарай араластырып, бірыңғай массаға келтіріңіз.
3. Бисквитті пісіру
Пешті алдын-ала 180 градусқа дейін қыздырып алыңыз. Арнайы 20 см форманың астына пергамент қағазын төсеп, дайындап аламыз. Қамырды формаға құйып, пеште 30 минуттай пісіріп аламыз. Дайын болған бисквитті пештен алып, формада 15-20 минуттай ұстап, кейін формадан алып, суытып аламыз.
4. Арахисты дайындау
Арахисты кептіріп алу үшін, бисквиттен кейінгі ыстық пешке салыңыз. Пергамент төселген табаға арахисты жайып, пеште 5-7 минут ұстау керек. Кейін оны қабығынан тазалап, пышақпен ұсатып аламыз.
5. Карамель әзірлеу
Түбі қалың ыдысқа 150 гр қант салып, баяу отта ерітіп алыңыз. 33% сливкиді жылытып алыңыз. Қант толығымен еріп біткенде, үстінен ысытылған сливкиді құйыңыз. Қоспаның бетінде көпіршіктер пайда болады. Бірыңғай массаға келгенше араластырамыз. Кейін жұмсартылған маймен, аздап тұз саламыз. Карамельді жақсалып араластырып, суығанын күтеміз.
6. Крем жасау
Сливки мен сливочный сыр өте суық болғаны маңызды, сондықтан оларды бірнеше сағатқа тоңызытқышта ұстаңыз. Миксер ыдысына 33%-дық сливки құйып, сливочный сыр қосамыз. Үстінен ваниль қантымен қант ұнтағын қосып, біркелкі, нәзік масса шыққанша миксерлеп аламыз.
7. Тортты жинау
Суыған бисквитті 3 бөлікке бөліңіз. Бірінші коржды арнайы торт ыдысына салып, формаға келтіру дөңгелегіне орнатамыз. Коржға кремнің 1/3 бөлігін тегістеп жағыңыз. Үстінен карамельдің жартысын құйып, арахисты себеміз. Корждар бір-біріне жабысу үшін, үстінен тағы бір рет жұқа крем жағуға болады. Екінші коржбенде дәл осылай қайталап жасаңыз. Бетіне үшінші коржды қойып, асханалық пленкамен жауып тастаңыз. Торттың формасына келуі үшін, 1-2 сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.
8. Тортты аяқтау
Тортты алып, қалған креммен бетіне, қырларына тегістеп жағыңыз. Тағы да 20 минутқа тоңазытқышта қалдырыңыз.
9. Тортқа глазурь құю
80 гр қара немесе сүтті шоколадты ұсақтап, үстінен 40 мл майлы сливки құйып, баяу отта, шоколад ерігенше қыздырамыз. Бірыңғай массаға келтіріп, дайын глазурьді торттың бетіне құямыз. Торт бетін арахиспен немесе сникерс шоколадымен безендіруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2024716-snikers-torty-ui-zagdaiyndagy-daiyndalu-zoly/