Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kundelik.kz-ке қалай кіруге болады: мектеп үшін ең қажетті ресурс туралы пайдалы ақпараттар

Жарияланған күні:

Kundelik.kz белгісі
Kundelik.kz сайтының белгісі. Көрнекі сурет: ult.kz

Kundelik.kz Қазақстанның білім беру саласындағы заманауи үлгідегі ыңғайлы сайт. Бұл сайт арқылы білім алушылар үй тапсырмасы мен мектепте өтетін шаралардан хабардар болады. Ал ата-аналар балаларының жетістіктерін бақылай алады. Мектепке арналған kundelik.kz ресурсы туралы осы жазбамызда тарқатып айтамыз.

Kundelik.kz – білім беру мекемелерінің өкілдеріне, оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық технология туындысы. 2016 жылы қолға алынған жоба 2018 жылы қазақстандық мектептердің қолданысына енді.

Kundelik.kz жобасы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

ult.kz сайтында жарияланған "Электронды күнделіктің артықшылығы мен кемшілігі қандай?" деп аталатын мақалада жоба авторлары "Мұғалім - оқушы - ата-ана" пирамидалық құрылымы бойынша жұмыс істейтін электронды күнделік 11 жылда өзін-өзі ақтап шығады, - деп пікір білдірген.

Kundelik.kz жүйесінің негізгі бағыттары мынадай:

  • Мектептің білім беруі жүйесін жаңғырту.
  • "Педагог-оқушы-ата-ана" коммуникациясын интерактивтік тұрғыда дамыту.
  • Ақпараттық алмасу мүмкіндігін орнату.
  • Мектеп экожүйесіне қызмет көрсету және құру.
  • Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Kundelik.kz жүйесіне қалай кіруге болады?

Күнделікке сайттың бас бетіндегі "кіру" батырмасын басу арқылы кіреді. Ол үшін алдымен пайдаланушы ретінде тіркелу керек. Пайдаланушы мәртебесі мұғалім, ата-ана, оқушы болып бөлінеді.

Kundelik.kz сайтына қалай кіру керегі жөніндегі толық ақпарат мына видеода берілген:

Kundelik.kz сайтында мұғалімдерге арнап қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

  1. Мектеп парақшасы. Білім беру мекемесінің Kundelik.kz сайтындағы визит картасында әкімшілік тұлғалар, байланыс, жаңалықтар, құқықтық және басқа да құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум бөлімдері бар. Мұнда мектеп парақшасы мен оның бөлімдерінің жариялылығын реттеуге болады.
  2. Кесте және сабақтар. Кестені қарапайым әрі түсінікті енгізуге болады. Сабақтың ауысқанын, кейінге шегерілгенін және өткізілмейтін сабақтар белгіленеді. Сынып бойынша кестені бір аптаға, толық есептік кезеңге немесе барлық мұғалімнің сабағы бойынша торды қарауға немесе басып шығаруға болады.
  3. Электрондық журнал. Бұл – үйреншікті қағаз журналының стандарт көрінісі секілді. Бір күн, апта бойынша журнал, сабақ парақшасы қамтылған. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдалынады. Журналдың барлық көрінісі түрлі-түсті және қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мұғалім кез келген сабаққа түсініктеме және қосымша материалдар қоса алады.
  4. Үй тапсырмаларын басқару. Үй тапсырмаларын басқарудың интерактивтік модулі барлық білім алушыға немесе жеке оқушыға беруге, әр түрлі тапсырмаларды көшіруге, файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді.
  5. Есептер. Мұны құрамына стандарттық тізімдемелер мен білім беру мекемесінің есептері де, қосымша тізімдемелер кіретін толық статистика деуге болады. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады. Барлық дерек нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады.

Kundelik.kz арқылы үй тапсырмасын беру жайлы видео.

Kundelik.kz сайтының оқушылар үшін қандай тиімділігі бар?

Kundelik.kz сайты бұрынғыдай қағаз күнделіктің міндетін атқарады. Сонымен қатар басқа да мүмкіндіктерді қолдануға болады:

  • Сабақ кестесін қарау;
  • Үй тапсырмаларынан хабардар болу;
  • Қойылған бағаларды көру;
  • Сабақ барысында пайдаланылатын материалдарды қолдану;
  • Орташа балл туралы білу;
  • Өткізген және алдағы сабақтардың тақырыптарын қарастыру;
  • Мұғалімнің түсініктемелерін көру.

Білім беру ресурстары

Онлайн кітапхана мектепте оқытылатын туындыларды қамтиды. Медиатекада барлық пән бойынша сабаққа ауқымдырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жинақталған.

Портфолио

Оқушы kundelik.kz жүйесіндегі жеке парақшаны портфолиоға оңай айналдыра отырып, барлығына жетістіктері туралы хабарлауына болады. Оны жеке блог және жазбалар арқылы жасап, дайындау үшін жеке материалдар мен ресми мадақтамалар, дипломдар бойынша жасауға болады.

Тілдесу мүмкіндігі

Kundelik.kz сайтымен басқа мектеп оқушыларымен хат жазысу, мектептің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылау, мектептік өмірдің фотосуреттерімен бөлісу мүмкіндігі қарастырылған.

Байқауларға қатысу

Kundelik.kz сайты арқылы уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге болады. Мысалы, өнер немесе зияткерлік байқауларға қатысу мүмкіндігі бар.

Kundelik.kz ата-аналарға қандай ақпараттар береді?

  1. Оқушы күнделігі. Электрондық күнделік арқылы оқуға байланысты кез келген ақпаратты нақты уақытында ала аласыз. Кестедегі өзгерістерді, баланың қорытынды жетістіктерін бақылау ыңғайлы.
  2. Үй тапсырмалары. Баланың үй тапсырмаларын қалай орындайтынын бақылау және қадағалау үшін ыңғайлы құрал.
  3. Оқу туралы хабарландырулар. Ата-ананың электрондық поштасына баласының оқу үлгерімі және мектептегі маңызды оқиғалар туралы күн сайын хабарлама келеді.
  4. Тілдесу. Kundelik.kz – бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи үлгідегі орта. Мұнда тақырыптық форумдар жасауға, іс-шарадағы фотосуреттерді жолдауға, ыңғайлы уақытта кез келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға болады.

Kundelik.kz сайты арқылы мемлекеттік мекемелер арасында да байланыс орнатуға болады. Мысалы:

  • Статистика жинау;
  • Мекемеге қарасты ұйымдардың негізгі жұмыс параметрлері бойынша статистикалық есептерді нақты уақыт режимінде Excel бағдарламасына жүктеу мүмкіндігімен есептер қатарын алу.
Kundelik.kz белгісі
Компьютер экранындағы "Күнделік" жазуы. Көрнекі сурет: pixabay.com/nur.kz

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған жобалар күн санап артып келеді. Себебі ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың заманы. Ал kundelik.kz – мектеп жұмысын жеңілдетуге бағытталған жобалардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2024785-kundelikkz-ke-qalai-kiruge-bolady-mektep-usin-en-qazetti-resurs-turaly-paidaly-aqparattar/