Күннің ұзаруы деген не және 2023 жылы ол қай күнге түседі
Жарияланған күні:
Жазғы күннің ұзаруының өз құпиялары мен ерекшеліктері бар. Бұл күннің құпиялары мен мағынасы жайлы Almanac басылымының редакторы Кэтрин Бекманн бөлісті.
Бұл материалдан білетіндеріңіз:
1. Күннің ұзаруының мәні, оның шығу тарихы, 2023 жылы ол қай күнге түседі.
2. Ол күнді қалай қарсы алу керек, қандай ырымдарға мән берген дұрыс.
Күннің ұзаруының мәні, оның шығу тарихы, 2023 жылы ол қай күнге түседі
Күннің ұзаруы – күнтізбелік жылдың ауыспалы кезеңі, ежелгі мистикалық мереке болып саналады. Әлем бойынша көп мемлекеттерде бұл мерекені тойлау дәстүрге айналған.
Күннің ұзаруы деген не?
Бұл астрономиядағы өте маңызды сәт. Осы сәтте күннің центрі түс уақытында ең оңтүстіктегі немесе солтүстіктегі жарты шарға түсіп, горизонтальді жағдайда ең биік нүктеде орналасады.
Бұл күннің дәл осылай аталу себебі - алдағы күндері Күн өзінің тұрақтаған орнын көп өзгертпейді. Күн жарығы қозғалыссыз, бір нүктеден түсетіндей болып көрінеді. Күннің ұзаруы кезеңіндегі оның астрономиялық бұрышы 90 градусқа тең. Түстен кейінгі уақыттың қараңғылануы - күннің қысқару кезеңі деп аталады. Жазғы күннің ұзаруы ежелден қасиетті күндер санатына жатады. Ата-бабаларымыз күннің ұзаруы, айдың толысуы, күн мен түннің теңелуі күндеріне арнайы мерекелерін белгілеп, жаңа өмірдің бастауы деп қабылдаған. Күннің қозғалысына жыл мезгілдерінің ауысуы тәуелді болғандықтан, ол аса маңызды, ерекше мәнге ие.
Адамзаттың дамуымен дәстүрлі ырымдар дінмен байланыстырылып бөлініп кетсе де, күннің ұзаруы өзінің ерекшелігін жоймаған.
Жазғы күннің ұзаруы қай күндерге тұспа-тұс келеді?
Бұл кезең жаздың бірінші айының соңына келеді. Жылда ол 21-23 маусым аралығында орын алады. 2023 жылы Солтүстік жарты шар үшін бұл күн 21 маусымға келсе, Оңтүстік жарты шар үшін 22 маусымға тура келеді. Биыл Күн ең биік нүктесінен Астана уақытымен 20:58-де өтеді.
Starwalk.Space баспасының хабарлауынша Солтүстік жарты шарға Күн сәулесі көбірек түскендіктен, ол жақта ең ыстық әрі жарық күндер болады. Күннің ұзаруы сонымен бірге жыл ішіндегі ең ұзақ күнмен, ең қысқа түнді сипаттайды.
Astro-Seek баспасы бұл күнді Шаян жұлдызды белгісімен байланыстырады. Күн Торпақ белгісінде деп қабылданғанымен, әр жылдағы Күннің орнының ауысуы, екі жұлдызды белгініңде алмасуына себепші деп танылған.
Almanac.com баспасының редакторы Кэтрин Бекманн,Солтүстік жарты шардағы күн ұзаруының орын алуы, ресми түрде астрономиялық жаздың басы деп болжайды.
Күннің ұзаруына қатысты дәстүрлер мен ырымдар
Келе жатқан күннің ұзаруы өмірдегі өзгерістерді, қоршаған ортаның жаңаруын сипаттайды. Бұл ғажайып кезең өзіндік құпиялары мен ырымдарға толы.
Күннің ұзаруын қалай атап өтуге болады?
Ашық түсті киімдер киіп, таңғы шыққа жуынып, ванна қабылдап, көлге суға түсу дәстүрге айналған. От жағып, билеп, арманыңыздың орындалуын тілеп, көңіл көтеруге рұқсат берілген. Ұрысуға, негативті көңіл-күй сыйлауға, айғайлауға тыйым салынады.
Space.com-ның жазуынша әлем бойынша бұл күні көптеген фестиваль ұйымдастырылады. Ағылшындар бұл күнді жаз мезгілінің ортасы деп қабылдап, Стоунхенджде тойлауды дәстүрге айналдырған. Ал кей елдерде бұл күн жылдың ортасы деп қабылданса, христиан күнтізбесінде бұл мереке Рождество мен халықтық Колядаға қарама-қарсы мереке деп саналады.
Григориан күнтізбесіне өткендіктен күннің ұзаруы – ұлттық мерекелермен тұспа-тұс келеді. Шығыс славяндарында Ивана Купапа, финдерде Юханнус, Якутияда Ыссыах, Латвияда Лиго деген атпен танымал.
Қазақстанда бұл күн мемлекеттік мереке болмағандықтан, ол күні демалыс берілмейді. Бірақ өзіңізді қуантып, позитивті көңіл-күй сыйлау үшін таптырмас кезең. Бұл күні жасалған дәстүрлі ырымдар адамның алдағы 12 айдағы тағдырына тікелей әсер етеді деп қабылданады. Бұл күні таңның атуын күтіп алсаңыз энергияңыз көбейіп, денсаулығыңызға оң әсерін береді. Сондай-ақ бір жыл бойы сәтсіздіктерден қорғайды деген ырым қалыптасқан. Бұл күні жиналған шөптің денсаулыққа, жасаруға пайдасы мол. Үй жағдайында түрлі шөп қосылған ванна қабылдау, ашық көлдерге суға түсудің де маңызы зор.
Күн ұзару кезеңіндегі ырымдар
Ырымдардың көбі ауа райымен байланыстырылады. Ата-бабаларымыз одан егін мөлшерін, алдағы кезеңдегі өмірі жайлы болжауға болады деп сенген.
- Ауа райының бұзылуы - егіннің нашар болуы;
- Жұлдызды аспан - саңырауқұлақтардың өнімі мол болады;
- Шық- егіннің молшылығын;
- Піскен жидек- кейбір дақылдарды жинауға болатынын;
- Ашулы аралар- ыстықты болжайды.
Бұл күнде үйлену ырымдары да кең тараған. Мысалы, егер еркек осы күндері қызға су төгіп алса, көп ұзамай сол қыздың күйеуі болады деп болжанған. Ал күйеуге шыққысы келетін қыздар дәл сол күндері 9 оттың жанында жігіттерімен билесе, жақын арада той болады деп есептеген.
Күн ұзаруының тағы бір ерекшелігі - бұл күні айтылған барлық арман орындалады. Ол үшін 12 үй қоршауын аттап өту қажет деп сенген. Қаржылық жағдай тұрақталу үшін, тиынды үй табалдырығына қойып қойған.
Күннің ұзаруы астрономиялық, астрологиялық, мәдени, діни-мистикалық сипатта болғандықтан өте ерекше мәртебеге ие. Солтүстік жарты шарда ол 21 маусым күні болып, позитивті эмоцияға толы, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста өтетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2025671-kunnin-uzaruy-degen-ne-zane-2023-zyly-ol-qai-kunge-tusedi/