Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Құлпынайды дұрыс сақтау әдістері: жидек бұзылмай, су татып кетпес үшін не істеу керек

Жарияланған күні:

Дастархандағы құлпынай. Көрнекі сурет
Дастархандағы құлпынай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құлпынай тез бұзылатын, шырынды жидек түрі. Оның дәмі ұзағырақ сақталуы үшін не істеу керек? Тақырыптық шығарылымдардың Нэнси Мок, Джорджия Гуд, Алекс Ло есімді авторлары құлпынайды сақтау жайлы кеңестерін бөлісті.

Құлпынайды дұрыс сақтаудың ережесі

Құлпынайды жинау уақыты мамыр-маусым айларына тұспа-тұс келеді. Егер құлпынай түсімі жақсы болса, оның бағасы да ерте түсіп, әйелдер қауымы қысқа дайындық жасап қоюға асығады. Құлпынайдың сақталуы оның түрі мен сақтау жағдайына тікелей байланысты.

Балғын құлпынайды қалай сақтаймыз? Дәруменге бай жидек бұзылмай, өзінің хош иісі мен дәмін сақтап қалсын десеңіз, келесідей ережелерді ұстаныңыз:

  1. Құлпынайды сапасына қарап таңдаңыз. Піскен жидек қып-қызыл түсті, бетіндегі ұсақ нүктелері анық көрінген болып ерекшеленеді. Жаңа жиналған құлпынай сабақтары мен жапырақтары солмаған, жасыл түсті болуы керек. Әр жидек, қорапта өз формасын сақтаған, құрғақ қалпында болуы шарт. Егер қораптың астында құлпынай шырынының аққаны белгісі болса, ондай жидек тез бұзылып, дәмінен айырылып қалады.
  2. Құлпынайды сақтауға жібермей тұрып, жидекті тазалап шығыңыз. Оны сатып алған соң немесе теріп келген соң тегіс жазықтыққа жайып қойыңыз. Жидекті бір-бірден тексеріп, бұзылған, көгерген түрлерін алып тастаңыз. Көгерген жидектер маңайындағыларды тез бұзады, сондықтан құлпынайдың маңында басқа жемістерді сақтамау керек.
  3. Кулинар блогер Нэнси Мок жидекті 1/2 қатынастағы сірке суымен жай суға салып алуға кеңес береді. Мұндай ваннадан кейін жидекті таза суда шайып алу керек.
  4. Артық ылғалды кептіріп алу керек. Ол үшін жидекті тоңазытқышқа қоймас бұрын, қағаз орамалға 30 минутқа қойып, артық суынан кептіріп алыңыз.
Құтыдағы құлпынай. Көрнекі сурет
Құтыдағы құлпынай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құлпынайды тоңазытқышта қалай сақтаймыз?

Құлпынайдың дәмін ұзағырақ сақтау үшін тоңазытқыш камерасын қолданған дұрыс. Бірақ келесідей ережелерді ескеріңіз:

  • Жидек сақтайтын арнайы пакеттің болуы. Құлпынайды беті жабылатын қатты пакетке немесе пластикалық ыдысқа салыңыз. Ыдысқа ауа кіріп тұруын қадағалаңыз. Құлпынай тым езіліп кетпеуі үшін ыдысқа толтырмай салу маңызды.
  • Температуралық режим. Құлпынайды сақтау үшін температураның 0-2 C-ге дейін болуы жеткілікті. Тоңазытқыштағы температура 4 градус болса, жидекті астыңғы жаққа қойған дұрыс.
  • Сақтау орны. Тоңазытқышта құлпынайды жеке сақтаған дұрыс. Жидек - өзге тамақ иістерін тез сіңіріп алуы мүмкін.

Кулинарлық сайттың редакторы Джорджия Гуд тоңазытқыштағы құлпынай максимум 3-7 күн сақталады деп жазған. Егер құлпынайды бірден пайдаланбасаңыз, қалған бөлігінде жылытпай, бірден қайта тоңазытқышқа салып отырыңыз.

Құлпынайды қалай мұздату керек?

Құлпынайдың сақталу уақытын мұздату арқылы ұзартуға болады. Қатырылған күйде құлпынай иісін де, дәмін де, дәрумендерін де жоғалтпайды. Кулинарлық мақалалардың авторы Алекс Ло құлпынайды мұздатқышқа салмас бұрын мына әрекеттерді жасауға кеңес береді:

  • Піскен, таза түрлерін таңдап, суға шайып алыңыз.
  • Жапырақтарын алып тастап, қағаз орамалда кептіріп алыңыз.

Мұздатқышта құлпынайды қалай сақтаймыз? Жидекті тұтас қалпы қантсыз немесе туралған түрін қантпен араластырып қатыруға болады. Кейін одан құлпынай пюресін немесе құлпынай сиробын дайындаймыз.

Далада өсіп тұрған құлпынай. Көрнекі сурет
Далада өсіп тұрған құлпынай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құлпынайды тұтастай сақтау

Құлпынай өз дәмін тұтастай қалпында мұздатса сақтап қалады. Мұздатқышта -18 градуста кез келген жидек бірер сағаттан соң-ақ қатып қалады. Тазаланған әрі жуылған құлпынайды табаққа салып, түнге мұздатқышқа салып қойыңыз. Ертеңінде қатқан жидекті жинап, ыдысқа салып, қайтадан мұздатқышқа қоясыз. Осылайша қатырылған құлпынай ішкі, сыртқы өзгерістерге ұшырамай, балғын күйін сақтап қалады.

Пюре түрінде сақтау

Құлпынай ерекшеліктерін оның ұсатылған күйінде қатырыпта сақтай аламыз. Ұсату үшін блендерді қолданыңыз. Блендерден өткізілген пюрені арнайы пакетке салып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Кейін қажетінше мөлшерде шетінен кесіп алып, қантпен аралстырып, тәтті бәліштерге қосып, пайдалансаңыз болады. 100 гр пюреге 1 ас қасық қант мөлшерін қолдансаңыз, қателеспейсіз.

Қатыруға дайындалған құлпынай. Көрнекі сурет
Қатыруға дайындалған құлпынай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қант қосып сақтау

Құлпынайды бірден қантпен араластырып, қатырып коюға да болады. Ол үшін жидекті төртке немесе екіге бөліп, пакетке немесе контейнерге салып, бетінен қант салыңыз (1 кг құлпынайға 200 г қант). Жидек салынған ыдыстың бетін жақсылап жауып, мұздатқышқа салыңыз. 2 сағаттан соң қоспаны араластырып, қайтадан мұздатқышқа салып тастаңыз.

Сироп түрінде сақтау

Әуелі сироп дайындау үшін 1:1 қатынаста қант пен суды қайнатып алыңыз. Бөлме температурасына жеткенше суытамыз. Тазартылған құлпынайды турап алыңыз. Кейін оны контейнерге немесе пакетке салып, үстінен дайындаған сиропты құямыз. Дайын қоспаны мұздатқышқа салыңыз. Сироптағы құлпынай формасын сақтап, тәтті бола түседі.

Қатырылған құлпынайды 6-8 ай сақтауға кеңес беріледі. Одан көп сақталған жидек, дәмі мен иісін жоғалта бастайды.

Әйелдер қауымына құлпынайды ұзақ әрі балғын күйінде сақтау аса маңызды. Бірақ жидектің ұзақ сақталуы үшін, ерте терілген құлпынай жарамсыз. Дәмі, иісі мен дәруменге бай құрамы сақталуы үшін, құлпынайды қатырудың бірнеше нұсқалары көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2025673-qulpynaidy-durys-saqtau-adisteri-zidek-buzylmai-su-tatyp-ketpes-usin-ne-isteu-kerek/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif