Сүзбе ірімшікті қалай жасайды: ең дәмді әрі жылдам жасалу жолы
Жарияланған күні:
Үй жағдайында дайындалған ірімшік - роллы дайындағанда, бутербродқа, чизкейк әзірлегенде қолданылады. Оның құрамы үш компоненттен тұратындықтан, жасалу жолы да өте оңай. Назарларыңызға үй жағдайында дайындалатын сүзбе ірімшіктің рецебін ұсынамыз.
Philadelphia ірімшігі – Америкада пайда болған өнім. Сүт маманы Вильям Лоуренс 1872 жылы жаңа ірімшік түрін ойлап тапты. Оның ерекшелігі - құрамындағы сүзбе мөлшері көп. Сондықтан оны сүзбе ірімшік деп атап кеткен. ХХ ғасырдың ортасынан бастап бұл жаңа өнім Еуропа елдерін жаулай бастады. Атап айтқанда Англия, Германия, Италия, Испанияда кең таралып, өнімге сұраныс арта бастады. Үй жағдайында кілегейлі ірімшікті дайындау үшін сапалы компоненттерді қолданып, дайындау технологиясын ұстанса жеткілікті.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Тіскебасар
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайындау уақыты: 10 минут
Калориясы: 127 ккал бір порцияға
Құрамы:
20%-дың қаймақ - 400 гр
2,5%-дық айран - 500 мл
Тұз – 2 гр
Дайындалуы:
1. Қаймақ пен айранды араластырыңыз
Үй немесе дүкен қаймағын қолдануға болады. Қаймағыңыз неғұрлым майлы болса, ірімшік дәмі де ерекше әрі жұмсақ болып шығады. Қаймақтың майлылығы ірімшік көлеміне де тікелей әсер етеді. Айранның да неғұрлым майлы түрін қолданған жөн. Компоненттерді жақсылап араластырыңыз.
2. Тұз қосыңыз
Егер кремді чизкейкке дайындасаңыз, тұзды аз мөлшерде қосыңыз. Шай қасықтың 1/3 бөлігін қоссаңыз жеткілікті. Ал басқа мақсатта, мысалы роллыға немесе ірімшікті нанға жағып жеу үшін дайындасаңыз жарты шай қасық тұз қосуға болады. Кілегейлі ірімшікке кейде лимон шырынын қосып жатады. Ол өнімге қышқыл дәм беріп, ерекшелендіре түседі. Егер айран қолданатын болсаңыз, лимон шырынын мүлдем қолданбауға да болады.
3. Ыдыс дайындау
Жұқа мата дайындап, оны қабаттап бүктеңіз. Ыдысқа сүзгі қойып, сары суын шығару үшін дайындап қоямыз.
4. Қаймақ пен айран қоспасын матаға құю
Сүзгіге матаны салып, оның ортасына араласқан қоспаны құямыз. Матаның жан-жағын байлап, сүзгіде қалдырамыз. Үстінен ауыр затпен бастырып, 10-12 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.
5. Дайын ірімшікті алу
Уақыт өткен соң ірімшікті тоңазытқыштан аламыз. Ірімшікті сүзгіден алып, формаға келтіріп, арнайы ыдысқа салып қоямыз. Үй жағдайында дайындалған ірімшік 3 күндей ғана сақтауға жарамды болып табылады. Сондықтан тым көп мөлшерде дайындаудың қажеті жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2025826-suzbe-irimsikti-qalai-zasaidy-en-damdi-ari-zyldam-zasalu-zoly/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде