Той батасы: той түрлеріне арналған ең танымал баталарды білесіз бе
Жарияланған күні:
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойда, жақсылықтарда айтылады. Осыған орай, назарларыңызға тойда айтылатын бата түрлерін ұсынамыз.
Бата қазақтың ауыз әдебиетінің бір түрі. Ел арасында батаны аузы дуалы ақсақалдар беретін болған. Ендеше, назарларыңызға Mazhab.kz сайты ұсынған тойға арналған баталар топмасын ұсынамыз.
Тойға бата
Әуелі құдай оңдасын!
Тойың-тойға ұлассын!
Ризығың мол болсын,
Тойларың құтты болсын,
Ұл-қыз бақытты болсын!
Жұлдызы жоғары болсын,
Риза болсын мейманың,
Орнына келер жинағың,
Көпшіліктен бата алсаң,
Мұратыңа жетерсің,
Жомарттық қылсаң тірлікте,
Қуанышпен өтерсің.
Ықыласқа тойдық біз.
Шақырған соң келдік біз,
Келмек – сүннет,
Қайту – парыз.
Тойыңыз тойға ұлассын,
Келген ізбен қайтамыз,
Әумин, Аллаһу әкбар!
Источник ketpe.com
***********
Әумин десең маған,
Берейін бата саған.
Қатарыңның алды бол
Тең құрбыңның туы бол.
Қайырлы болсын тойларың,
Орындалсын ойларың
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың.
Бола берсін тойларың,
Аман болсын отбасың.
Жүзге жасың жеткенше,
Жағың төмен түскенше,
Болмай өтсін арманың.
Баталы құл арымас,
Көп бата сауап алғанның
Бағы кеміп сарқылмас.
Әумин,Аллаһу әкбар!
********
Ақылың ассын,
Ықыласың тассын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын,
Жақының көп болсын,
Дұшпаның жоқ болсын,
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа,
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын.
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол.
Дәуренің сәнді болсын,
Ғұмырың мәнді болсын.
Таңың азанды болсын,
Үйің қазанды болсын,
Шаңырағыңа құт құйылсын,
Дастарханыңа жұрт жиылсын,
Әумин.
Сол сияқты Ketpe.com cайты жастарға арналған баталар топтамасын ұсынады.
Иә, Құдайым жарылқа
Жарылқағанның ішінде ет,
Екі аяғын есен ет,
Төрт бұрышын түгел ет,
Пәле-жаладан аман ет.
Сақтағайсың саламат.
Аузы қанды бөріден сақта
Аяғы қанды ұрыдан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Төрде отырып шіренгеннен сақта.
Байлық пенен бақ беріп,
Құрбысының алды ет.
Көл ет, көп ет,
Көлді мамыр ет.
Не тілегенін әзір ет
Досты Аллаһ бездірме,
Сүйген көңілін үздірме.
Дүние үшін қызығып,
Кейін қалып кездірме.
Тілек тілеп Аллаһтан
Біреуге көзін сүздірме.
Әумин, Аллаһу әкбар!
**********
Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол.
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол.
Сабырлылықтың сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол.
Туырлықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.
Әумин.
Көптеген басылым тойда берілетін баталар топтамасын ұсынған. Осыған орай, tilek.turkystan.kz сайты жинаған ең таңдаулы баталар тобы мынадай:
Тойда берілетін бата
Аяңда, аяңдасаң, қаракердей, Сөз таптық қапияда қайлалы ердей. Той бастап жолдық енді алғаннан соң, Біз сонда кетеміз бе бата бермей!
Әуелі бір Құдайым басын берсін, Екі елі ұзақ ғұмыр жасын берсін. Дұғамыз мүшәуратта қабыл болып, Шын күміс, алтын аяқ тасын берсін!
Онан соң бір Құдайым бақыт берсін, Дәрәжә, өзіңізге тахит берсін. Дұғамыз мүштәрәкта қабыл болып, Он жігіт күзетшіге сахит тұрсын!
Онан соң бір Құдайым миды берсін, Үстіңе ақ күмбездей үйді берсін. Үстіңде ақ күмбездей үйің болып, Ішіне лайақаттап күйді берсін!
Жиһазын ақ ордаңда толып тұрсын, Үйіңе қонақ-қопсың қонып тұрсын. Терісін бес биенің саба қылып, Қымызың жүз кісіге болып тұрсын!
Самаурын төрт-бес жерден қайнап тұрсын, Бұлбұл құс тұғырымда сайрап тұрсын. Үстінде түркпен кілем жабуменен, Белдеуде төрт бедеуің ойнап тұрсын!
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын, Ақ жүзің алақандай нұрға толсын. Мүстәжәп менің батам қабыл болса, Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын!
Қара су мал жериді лайынан, Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан. Мал-басың дәулетіңмен бірдей өсіп, Бір Құдай айырмасын жұбайыңнан!
Шырағым, қадірлі екен қара басың, Ауызға бал татиды берген асың. Мүстәжәп менің батам қабыл болса, Алдыңнан ақ күн туып, жарылқасын!
Бата қай кезде қазақ халқында жақсылық пен ақжарма тілектің төресі саналған. Сол себепті халқымызда батаға қашан да ерекше мән берілген. Ендеше үлкендердің "қарғысын алмай, алғысын ал" деген қағиданы ұмытпағандарыңыз жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2025841-toi-batasy-toi-turlerine-arnalgan-en-tanymal-batalardy-bilesiz-be/