Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсекте әйеліңізді қалай қанағаттандыруға болады: әр ер азамат білуге тиіс 10 кеңес

Жарияланған күні:

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаныңызға серік болып жүрген әйеліңіз сіз үшін ерекше екенін білдірудің бір жолы - төсек қатынасында оның көңілінен шығу. Оның әр түрлі жолы бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан жұбыңызға ләззат сыйлау үшін бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.

Әйелді төсекте қалай қанағаттандыруға болады? Жайлы атмосфера ұйымдастырып, оған жұмсақтық танытыңыз, әйеліңізге не қажет екенін біліңіз. Секс ойыншықтарын қолданып, креативті ойлап, өзіңіздің емес, жұбыңыздың да ләззат алуына көңіл бөліңіз.

Көңіл күй сыйлап, жайлы атмосфера ұйымдастырыңыз

Диванды раушан жапырақтарымен толтырып, еденді жылтыратып жуудың қажеті жоқ, дегенмен де үйде тазалық орнатып қойған дұрыс. Үйдің ішінде жайлы атмосфера орнатып, төсек орнын ауыстырып қойыңыз. Шашылған киімдерді жинақтап, шұлықтарыңызды кір машинасына салып, сыра бөтелкелерін қоқысқа тастаған дұрыс болады. Үйдің ішін желдетіп, хош иіс сыйлаңыз. Бөлмедегі гүлдің немесе жемістердің, жалпы тазалықтың иісі кез келген әйелге ұнайтыны сөзсіз. Үйіңіз таза, жылы әрі хош иісті болуына көңіл бөліңіз.

Аймалауды ұмытпаңыз

Әйеліңізді сүйіп, аймалап, тәніне деген құштарлығыңызды көрсете біліңіз. Ол сіздің әйеліңізге ұнайтыны сөзсіз. Сексолог Синди Дарнелл әйелді сүйіңіз, эрогенді аймақтарын аймалаңыз, мойнын, құлағын, ішін т.б аймақтарын сипалап, құштарлығын арттырыңыз деп кеңес береді. Жыныстық қатынасқа түсуге асықпаңыз, сіз ешқайда кешігіп бара жатқан жоқсыз. Асығыс аймалау салу жыныстық акт соңында әйелді ләззатқа бөлемеуі мүмкін.

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдің қалауын біліңіз

Әйелге төсекте не керек? Әр әйелдің қалауы әр түрлі, дегенмен де олар кей жағдайда ұқсас болып келеді. Көп әйел тек оргазм сезінуді емес, сонымен бірге еркекпен байланысын, одан өзіне деген қамқорлықты, жылулықты сезінгісі келеді. Әйелге комплимент жасаңыз, оны қалайтыныңызды сезіндіріңіз, оның қалауын орындағыңыз келетінін көрсетіңіз. Қарым-қатынас жайлы мақалалардың авторы Куай Джонатан жұбыңызға төсекте не қажет екенін сұраудан ұялмаңыз деп кеңес береді. Ол сіздің әлсіздігіңіз емес, ол әйелге қамқорлығыңыз деп түсініңіз. Нақты жауап алмасыңызда, оның тілегіне құлақ түріп, орындауға тырысыңыз. Өз іс-әрекетіңіздің дұрыстығын оның демінен-ақ білуге болатынын ұмытпаңыз.

Порно әдістерін қолданбаңыз

Порно киноларындағы әдістер көп жағдайда шын өмірде мүлдем қолданылмайды. Еркектің әйелмен дөрекі болып, өз құмарын қандырту сценариі сәтсіз болатыны анық. Еркектің күш көрсетіп, төсекте дөрекі әрекет жасап, әйелдің қол-аяғын байлап қоюы көп әйелге ұнай бермейді. Ондай әрекетке баруға асықпаңыз. Дөрекі жыныстық қатынасқа түсу әйелге оргазм сыйламайтынын ұмытпаңыз.

Әйелмен сыпайы, жұмсақ болыңыз

Нәзіктік пен романтика көбіне оң нәтиже береді. Ол тым ақырын қимылдау емес, ол махаббатты сезіндіре білу. Нәзік болу ол – құлағына жағымды сөздер сыбырлап, аймаласу, күш көрсетпеу. Оның иісі ұнайтынын, оны аймалау құштарлық туғызатынын айтыңыз. Бірақ егер жұбыңыз жылдам әрекетті ұнатса, қатынасқа күтпеген әдістер қолданып, әйелдің қалауында ескеріңіз.

Табиғат аясындағы жұп. Көрнекі сурет
Табиғат аясындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жыныстық қатынастың түрлі әдісін пайдаланыңыз

Көп әйелге жыныстық қатынастың түрлі әдісі ләззат сезімін көбірек сыйлайды. Жыныстық қатынас кезінде оральды стимуляция жайлы кеңестер өте көп. Өз қалауыңызға қарай, әйелдің іс-қимылына, тыныс алуына қарай шешім қабылдаңыз. Тоқтап қалмаңыз, үнемі қозғалыста болыңыз. "Пятьдесят оттенков серого" фильміндегі әрекеттерді қайталап көріңіз, ол төсекте өзіңізге қайта ғашық етудің бірден-бір мүмкіндігі.

Секс ойыншықтарын қолданыңыз

Жыныстық қатынасты секс ойыншықтары түрлендіретіні анық. Қосымша стимуляция төсек қатынасына қызуғышылықты арттырып, екі тарапқа да жағымды әсер қалдырады. Кейбір әйелді секс ойыншықтарын жай ғана қолданудың өзі қосымша ләззат сезіміне бөлейді. Ойыншықтар еркекті толықтай алмастыра алмайды, сондықтан оны қолданудан қорықпаңыз. Everyday Health жыныстық қатынасты түрлендіру үшін қажетті ойыншықтарды қолданып, дұрыс таңдауға кеңес береді.

Әйелдің іс-қимылына мән беріңіз

Әр әйелге оны тыңдай білу, сезіне білу аса маңызға ие. Сондықтан сценарий ойлап, жоспар бойынша әрекет жасауға асықпаңыз. Мойынды сүюден оның ләззат алмағанын сезсеңіз, басқа эрогенді аймағын іздеуге тырысыңыз. Егер ол оқшауланып, сіздің қолыңыздан итерсе өз қимылыңызды бәсеңдетіңіз. Міндетті түрде жұбыңыздың әрекетіне мән беріңіз. Ол бір-біріңізді тез түсініп, қатынастан көбірек ләззат алуға көмектеседі. Әйелдің сеніміне кіруге тырысыңыз.

Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет
Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзіңіз ғана ләззат алуды доғарыңыз

Секс еркектің оргазмға жетуімен ғана аяқталмайтынын, әйелді қанағаттандырушы құрал ретінде ғана пайдаланбау керек екенін ұмытпаңыз. Әйелдің де оргазм алуы үшін түрлі әдісті қолданып көріңіз. Кинодағыдай тек аймаласудан әйелдер оргазм алмайды, сондықтан шынайы өмірде сізге біраз тер төгу керек.

Төсек қатынасын түрлендіріп отырыңыз

Қатынас кезінде бір ұдайы қайталау әйелді жалықтырып жіберуі мүмкін. Бір төсекте, бір позада ғана қатынасқа түсу аса үлкен ләззатқа бөлемейді. Сондықтан әрқашан өзіңізді әрқилы ұстап, әр түрлі локация қолданған дұрыс. Мысалы ол жұмыс істеп тұрғанда сүйіп бастап, оны кешкі асқа шақырыңыз, оған әдемі іш киім сыйлаңыз, сонда бәрі алғаш рет болғандай сезімге бөленесіз.

Әр әйелдің өз қалауы бар, жыныстық қатынастан күтетіні әр түрлі. Алайда егер сіз жайлы атмосфера ұйымдастырып, қамқорлық көрсетіп, оған жұмсақтық танытсаңыз қателеспейтініңіз анық. Төсек қатынасын түрлендіру маңызды. Жаңа әдістер, аксессуарлар қолданудан қорықпай, әйел қалауына да мән беруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2026467-tosekte-aielinizdi-qalai-qanagattandyruga-bolady-ar-er-azamat-biluge-tiis-10-kenes/