Ер мен әйел арасындағы тартылыс күші: ерекше махаббаттың 10 белгісі
Жарияланған күні:
Ер мен әйел арасындағы ерекше тартылысты ғылымда жалын, ұшқын, магнит немесе махаббат деп айтып жатады. Бір қызығы, мұндай қатынас кез келген жұпта бол бермейді. Кей ғашықтың бір-біріне деген ерекше ықыласына себеп болатын 10 фактор туралы мақаладан оқи аласыздар.
Сүйіктіңізбен арада ерекше сезім, яғни "химия" барын қалай білуге болады? Мұндай тартылыс күші адамдарда толқу, эйфория, көзқарастардың кенеттен түйісуі, бірін бірі сезіну деген сияқты сезімдерді бастан кешіртеді. Мұндайды психологтар тіпті ғашықтардың бір-бірімен ауыруы деп те атайды.
Тартылыс күші
Ерлер мен әйелдер арасындағы химия дегеніміз не? Бұл ерекше эмоционалды байланыс, күшті сезімдерге, құмарлыққа негізделген тартылыс күші болып саналады. Физиологиялық тұрғыдан бұл тікелей гормондарға байланысты болмақ.
Еркек пен әйел арасында ұшқын пайда болған кезде, олар бір-бірін көруге, үнемі бірге болуға ұмтылады. Олар үнемі бір-бірімен кездесуге сылтау іздеп тұрады: жоспарларды кейінге қалдыру, жұмыс туралы ұмыту, мыңдаған шақырымды еңсеру. Психологтар мұндайда ғашықтар ақыл-ойға емес, сезімге бой алдыртатынын айтады.
Толқу
Еркек пен әйел арасында химия қалай пайда болады? Ол кездесу кезінде және бір-бірін алғаш рет көрген сәттен басталуы мүмкін. Адам туралы ең бірінші әсер (90%) қарым-қатынастың алғашқы төрт минутында қалыптасады екен. Бұл болашақ сүйіктіңіздің сізге сәйкес келетіні не келмейтіні жайлы түсіну үшін жеткілікті мерзім, дейді психологтар Аллан мен Барбара Пиз "Махаббат тілі туралы" деп аталатын еңбегінде.
Мәселен, олар кездесу алдында және кездесу кезінде ерекше толқуды сезінеді: жүрек тез соғып, алақаны терлейді, беттері қызарып, ұялу пайда болады. Олар дұрыс емес нәрсе жасаудан қорқып, ебедейсіз көрінеді, тілі күрмеліп, қимыл-әрекеттерінде логика болмайды. Оның жарқын мысалы —"Служебный роман" фильміндегі Людмила Прокофьевнаның образы. Әдетте мұндай жұптар құмарлықтан бөлек, бір-біріне тәуелді болып, бір-бірін шын сүйіп қалады.
Ерекше көзқарас
Бір-біріне шын ғашық жандар жай жұптарға қарағанда ұзақ уақыт бір-біріне қарап, көз түйістіріп қалады. Есіл-дерті тек ғашығында болып, бар назары сүйіктісінде болып, көзімен соны ғана іздеп тұрады.
Көз орасан зор күшке ие орган және сиқыр секілді арбап, әсер ете алады, деп жазады Psyblog журналы "Көз контактісі тартымдылық, махаббат пен өтірікті қалай білдіреді" атты мақалада.
Сүйіктіңізге қол тигізуге асығу
Режиссер Константин Станиславский махаббат жанасуды ұнатынын айтты. Химия тактильді сезімге деген құштарлықты тудырады. Жанасу кездейсоқ, екі адамға да ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ осы жанасудан алған эмоциялар зор болуы мүмкін. Тіпті жеңіл жанасқанның өзінде де, денеден электр заряды өткендей сезім береді.
Егер танысу кезеңінде әйел ер адамның иығынан ұстаса, бұл оның оған деген сезімі бар екенін көрсетеді. Қолдың жанасуы тіптен ерекше сезім сыйлайды, дейді Аллан және Барбара Пиз.
Иістің тартымдылығы
Адамдар арасындағы химия бар екендігінің маңызды компоненттерінің бірі — иіс. Егер сізге адамның иісі ұнамаса, сіздің араңызда химия болмайды. Керісінше, егер иіс тартымды болса, бұл жақындасуға алып келеді. Иістер бізге физиологиялық және психологиялық тұрғыда әсер етуі мүмкін. Олар жарқын эмоцияларды сыйлап, адамды бір-біріне бауыр бастырады делінген "Эфир майлары қалай жұмыс істейді" мақаласында.
Ойнақылық
Еркек пен әйел тартымдылықты сезініп, бірақ байыпты қарым-қатынасты бастауға әлі дайын болмаған кезде, олар мектептегі бір-біріне ғашық болған ұл немесе қыз сияқты әрекет етуі мүмкін. Олар өздеріне назар аударуға тырысып, кейде күлкілі жағдайларға тап болуы мүмкін.
Салмақ жоғалту немесе ұйқының қашуы
Ғашық болып қалған адамдар сол адам туралы көп ойлайды, сондықтан оның тәбеті болмай, ұйқысы қашады. Әрине бұл ұзаққа созылмауы мүмкін. Бірақ ғашық жан салмақ жоғалтып, ұзақ уақыт ұйықтай алмай, кездесуді армандайды, болашақ туралы жоспар құрады.
Эйфория күйі
Ерлер мен әйелдер бір-біріне шын сеніп, бақытты күй кешеді. Олар көтеріңкі көңіл-күйде болып, бір-бірімен ең жарқын сәттерін бөліседі, қалжыңдасып, әзілдеседі. Эйфория жағдайын бақыт гормондары (эндорфиндер, допамин, серотонин, окситоцин) тудырады. Мұндай гормондардың түзілуі адамды осы жағдайға тәуелді етеді, деп жазады профессор Лоретта Грациано Брайнинг "Бақыт гормондары" атты кітабында.
Сексуалдық тартылыс
Ер адам мен әйел әйел адам жақынырақ танысып, бір-бірімен сөйлесіп, әзілдегенде, олардың арасында жыныстық тартылыс күшейе түседі. Ер адам батылдана бастаса, әйел адам жұмсақ әрі мейірімді бола түседі. Химия күшейіп, олар бір-бірінің ойын оқып, синхронды және үйлесімді қозғала бастайды.
Арадағы "химияны" басқа адамдар байқай бастайды
Ғашық жандардың достары, туыстары мінез-құлқындағы өзгерістерді байқайды (алаңдаушылық, өзін-өзі күту, көңіл-күйдің өзгеруі). Ғашықтарды бірге көргенде, олар өзгерістердің себебін түсінеді және олардың байланысын дәл анықтайды. Олардың толқып тұрған көзқарасынан, бақытты жүзінен өмірінде әлдекімнің пайда болғанын байқап қояды.
Қысқаша айтқанда, "химия" ғашық жандарды бақытты етеді, бірақ ол ұзаққа созылмауы мүмкін. Бұл дене үшін үлкен стресс екені анық. Сол себепті әр сезімге байыппен қарап, құмарлықтың жетегінде кетіп қалмаған абзал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029504-er-men-aiel-arasyndagy-tartylys-kusi-erekse-maxabbatyn-10-belgisi/