Ретроградты Шолпан 2023: кезеңнің ерекшеліктері мен ерекше күндері
Жарияланған күні:
Махаббаттың, байлықтың символы болып саналатын Шолпан, бұл кезеңде өзге бағытта қозғалады. Адамдарға бұл уақыт қандай тосынсыйлар мен сынақтарды дайындап тұр? Бұл сұрақтарға астрологтар Кэти Робинсон мен Джилл Винтерстин жауап берді.
Ретро Шолпан кезеңінің мәні, 2023 жылға сәйкес келетін күндері
Астрологтар планеталардың ретроградтық қозғалысы барлығына тән қасиет екенін мойындайды. Олардың ішінде Шолпан планетасы да бар. Бұл кезең жайлы нені білген дұрыс? Төмендегі материалдан біле аласыздар.
Ретроградтық Шолпанды сипаттау
The Voice басылымының хабарлауынша 2023 жылдағы планеталардың, олардың ішінде Шолпанның ретро қозғалысы, жаздың соңғы айы мен күздің басына сәйкес келеді. Ретроградтық Шолпан кезеңінде нені байқаймыз? Планеталар өз траекторияларын бір жарым жылда бір өзгертеді. Яғни осы уақытта ретроградтық қозғалысқа түседі.
Жер Шолпанды қуып жетіп, жоғарыдан қарағанда ол артқа қарай жылжыған сияқты көрінеді. Ретроградтық дегеніміз - оптикалық иллюзия, сондықтан оны бей-жай қалдыруға болмайды.
Шолпан - адамның эмоционалды күйіне, шығармашылыққа, махаббатқа, сұлулыққа, қаржылық жағдайға, сексуалдылыққа тікелей әсер етуші болып табылады. Астролог Кэти Робинсон ретроградты Шолпан кезеңінде белсенділікті азайтып, жұмысқа, ақша туралы қиялға, махаббатқа көңіл бөлу керек деп кеңес береді.
Аталған планета адамның жаңа қырынан танылып, өз пайдасы үшін манипуляция жасауға үйретеді деп қабылданған. Жұмыста да, жеке бас шаруаларында да ара-қатынас бір жақты, эгоистік бағытта өрбиді. Өзгерістер тосыннан болмас үшін, күнделігіңізде ретроградты күндерді белгілеп жүріңіз.
2023 жылдың ретроградты Шолпан күндері қашан?
Astro-Seek басылымының ақпаратынша ретро Шолпан кезеңі 23 шілдеде басталып, 4 қыркүйекте аяқталады. Ғаламшар 43 күн, яғни бір жарым ай ретроградты күйде болады. Шілденің соңғы аптасынан, тамыз бойы және қыркүйектің алғашқы күндері Шолпан орбита бойынша Арыстан белгісінде кері қозғалады.
Астрологтар бұл кезеңді көп зерттеді. Бұл бір жарым ай кезең эмоцияға толы болмақ. Себебі Шолпан Күн жүйесінің басқа да планеталырмен қосылып, бірге керісінше бағытта қозғалады. Шолпанның өз жылдамдығы өте баяу болғандықтан, басқа ғаламшарлардың қозғалысына тәуелді. Ретро Шолпан кезеңі келесідей асрологиялық өзгерістерге себепші:
- 23 тамызбен 15 қыркүйек аралығындағы Бикештегі ретро Меркурий
- 17 маусым мен 4 қараша аралығындағы Балықтардағы ретро Сатурн
- 29 тамыздан жыл соңына дейінгі Торпақтағы ретро Уран
- 30 маусымнан 6 желтоқсанға дейінгі Балықтардағы ретро Нептун
- 1 мамырдан 11 қазанға дейінгі Суқұйғыш пен Тауешкідегі ретро Плутон.
Жоғарыдағы кезеңдерде жан тыныштығы ұмытылып, тән қажеттіліктерін қанағаттандыруға көңіл бөлінеді, жиі шаршау байқалады. Барлық планеталардың әсер етуін ескеріңіз, сондай-ақ ай циклдерінің ауысуын, айдың тууы және толуы жайлы да ұмытпаған дұрыс. Жылдың ең маңызды өзгерістерінің тізімі Starwalk.Space-те жазылған.
Ретроградты Шолпан адамдарға қалай әсер етеді?
Шолпанның кезеңі әсерін тигізбей өтпейтіндіктен, трансформацияға дайын болыңыз. Ережелерді ұстансаңыз, өзгерістер оң болуы мүмкін.
Ретро Шолпан кезеңінде не өзгереді?
Ретроградты Шолпан кезеңінде көбі өзінің, жұбының тартымдылығынан күмәнданады. Айтылған идеялар сол жерде тоқтап, әңгімелер монолог сияқты болады. Әңгіме айтушылар бір-бірін мүлдем тыңдай алмайды. Ретроградты Шолпан несімен қауіпті? Шолпан әйелдерге көбірек әсерін тигізеді.
Бақытты отбасында өмір сүретіндердің өзі, өздерін жалғыз қалғандай сезінеді. Тұрақты жұп болып жүргендер, аяқ асты ара-қатынстарын тоқтатуға әрекет жасайды. Жоспарланған үйлену тойлары шегеріліп, ажырасу көрсеткіші артады. Астролог Джилл Винтерстин эмоцияға берілмеуге алдын-ала дайындалуға кеңес береді. Ретроградты кезеңнің жақсы жақтары бар ма? Олар келесідей:
- Шығармашылықтағы көтерілу, креативті идеялардың пайда болуы.
- Өнер адамдары үшін мансабын жоғарылату мүмкіндігі.
- Қалауыңызбен талғамыңыздың өзгеруі.
- Ашық әңгіме құруға деген ниет.
- Өткеннен сабақ алу.
- Ағымдағы романтикалық арақатынасты бағалау.
- Болашаққа анық жоспарлар құру.
Ретро Шолпан қарыз алушылар мен оны берушілерді ұнатпайды. Қарыздан аулақ болып, мәселеден шығудың басқа жолдарын қарастырыңыз.
Ретроградты кезеңді қалай өткізу керек?
Ретроградты Шолпан кезеңінде не жасауға болмайды? Некеге тұруға болмайды, некеңіз ұзаққа созылмайды. Отбасыға, жеке арақатынасыңызға байланысты мәселелерді шешуге асықпаңыз. Ұзақ мерзімді қаржылық жобаларды қолға алмаңыз. Өзіңізге өзгеріс енгізуді, косметологияның күрделі процедураларын,стиль, образды өзгертуді кейінге қалдырыңыз. Жаныңыз өзгерісті қаласа бұрыннан жоспарлаған, білетін мастеріңіздің көмегіне жүгінген дұрыс.
Достарыңызбен, жақындарыңызбен, сүйіктіңізбен арақатынасыңызды бірқалыпта ұстауға тырысыңыз. Жаңа таныстықтардан абай болыңыз, олар ұзаққа созылмай, үмітіңізді ақтамауы мүмкін. Өзіңізбен айналадағыларға иллюзия құрмай, шынайы көзқараспен қараңыз. Өміріңізді тоқтатып қоймай, алдыңызға басқа мақсаттар қойыңыз:
- Бизнесіңізді, өзіңізді дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегия ойластырып, талдау жасаңыз.
- Күшіңізбен уақытыңыз барда жаңа іс бастауға дайындалыңыз.
- Бұрынғы романтикалық арақатынаста болған адамдармен хабарласып, жақсы қоштасуға әрекет жасаңыз.
Ретро Шолпан уақытында өзіңізбен жақындарыңызды жақсы көріңіз. Шығармашылықпен, хоббиіңізбен айналысыңыз. Бұрыннан қызығушылық тудыратын ісіңізді қолға алуға қолайлы сәт. Осы кезеңде пайда болған барлық идеялар, назар аударуға тұрарлық екендігі сөзсіз.
Ретро Шолпан кезеңін қабылдай біліңіз. Бұл кезеңнің ерекшелігі тек жоспарыңызға өзгерістер енгізіп, маңызды жұмыстарыңызды іске асыруға болады. Берілген кеңестерге құлақ түріп, ретро Шолпан кезеңіне дайын болыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031267-retrogradty-solpan-2023-kezennin-erekselikteri-men-erekse-kunderi/