Сақ болыңыз: 2023 жылдың тамыз айындағы магниттік дауылдар кестесі
Жарияланған күні:
Жердің магнит алаңында болатын толқулар адамдардың көңіл-күйі мен электронды құрылғылардың жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді. Тамызда магниттік дауылдар қай күнге тұспа-тұс келеді? Ғылыми және ғарыш кеңістігінің шолушысы Эшли Стрикленд болжамын назарға ұсынамыз.
Магниттік дауылдардың мәні мен пайда болу себептері
Жердің ғарыштық ауа райы атомсфераның жоғары қабаттары мен Күн және Күн жүйесі әсерінен болатын өзгерістерден туындайды. Ғарыштағы ауа райының ең танымал факторларының бірі - осы магниттік дауылдар.
Магниттік дауылдар дегеніміз не?
Магниттік дауылдар - Жердің геомагниттік алаңында болатын толқулар. NASA агенттігінің мәліметінше, магниттік дауылдар Күн қалдықтарының шашырауы салдарынан пайда болып, күн желін тудырады. Ол өз кезегінде магнитосфераны жарып өтіп, адамдарға, обьектілерге әсер етеді. Денсаулыққа тигізетін әсерімен қатар, магниттік дауылдар келесідей ақаулар тудыруы мүмкін:
- Радиобайланыс, навигациялық жүйелер жұмысындағы ақаулар
- Электр жүйелерінің қуатын тексеру жұмыстарындағы қиындықтар.
- Электр жүйелерінің өздігінен апаттық жағдайда өшірілуі.
- Жүйелерді тексеру құрылғыларының жұмысындағы ақаулар.
- Полярлы шашыраудың көбеюі.
- Ғарыш айлақтарының, жер серіктері жұмысында туындайтын ақаулар. Наурызда ғарыш зымырандарын өндірушілері жұмысын кейінге шегерген.
Магниттік дауылдар салдарын бақылауда ұстау үшін арнайы NOAA, TESIS агенттіктері жұмыс істейді. Олардың зерттеулерінің қорытындысы бойынша алдағы екі, үш айға магниттік дауылдар кестесіне болжам жасалады. Бұл агенттіктен бөлек, тәуелсіз еріктілерден құралған белгиялық SpaceWeatherLive тобы да жұмыс істейді.
Магнит ағындары қалай пайда болады?
Күннің шамадан тыс белсенділігі магнит ағындарының туындауына әкеліп соғады. Жердің магнит сферасы - планетаның қабаттарынан құралып, оны Күннің зиянды сәулесінен қорғайды. Күннен СМЕ массасы таралып немесе Күн сәулесінен жоғары жылдамдықта ағын түзілген уақытта, ол қорғаныс қабатына барып соғылады. Сақина тоғы ұлғайып, Жердің магнит алаңының қысымы азаяды. Бұл процесс 6-12 сағатқа созылуы мүмкін.
Бірнеше күндер ішінде қысым қалпына келе бастайды. Күннің бетінде неліктен белсенділік пайда болады? Бұл үлкен көлемді шашыраулар, атмосфера қабатындағы корональды тесіктер бар болғандықтан орын алады. Бұл тесіктер, магнит алаңындағы күн желі арқылы зарядталған бөлшектерді қуып, Күннен ғарышқа қарай магнит ағындарының өтіуіне себепші. Үлкен көлемдегі плазма бұлттары пайда болып, магнит алаңдарын түзеді.
Олар Жердің магнит алаңын бұзып, толқуларға алып келеді. Күн плазмасы қорғаныс қабатын қалай бұзады? Полюстар ауданында магнит сферасының ашылуы орын алады. Бұл жерде плазма мен атмосфера газдарының байланысынан полярлы жарқырау пайда болып, атмосферанын жоғарғы қабаттарымен бірге оптикалық құбылыс орын алады.
2023 жылдың тамызына арналған магниттік дауылдардың күнтізбесі
Магниттік дауылдардың жиілігі Күннің 11 жылдық белсенділік циклымен есептеледі. Ғарыштық әрі ғылыми шолушы Эшли Стриклендтің пікірінше, ағымдағы циклде Күннің белсенділігі ең жоғарғы деңгейге мезгілінен бұрын жетеді. Ол өсе береді, сондықтан магнит алаңын әрқашан бақылауда ұстау қажет. Оны есептеу үшін арнайы құрылғылар мен арнайы бірліктер қолданылады:
- Геомагниттік белсенділіктің глобальды индексі Kp-index (K), шкалалары 0-9 арасында, 0-өте төмен ағын, 9-экстремальды ағын.
- G-бес балдық шкаласы, бұл шкала ағынның күші мен интенсивтілігін анықтайды. Шкаланы АҚШ-тың мұхит және атмосфераны зерттеулердің Ұлттық басқармасы шығарған (NOAA). Сондай-ақ Kp-геомагнитті штормның деңгейінде сипаттайды.
- Күндегі шамадан тыс шашырауды сипаттайтын шкалаларға А, B, C, M, X жатады.
Сонымен қатар болжам жасау үшін, ғарыш обсерваторияларының, Күн бетінің магнит карталарының, ультракүлгін зерттеулердің деректерін пайдалануға болады. Тамызға арналған магнит ағындарына болжам жасап, ол күндерді қалай оңай өткізуге болатынына назар аударайық.
2023 жылдың тамызында магниттік дауылдар қай күндері болады?
Геомагниттік белсенділік мониторы Meteoagent-тің болжауынша магниттік дауылдар 3-4, 12-13, 19 , 20-22 тамыз аралығында болады. Мұхит және атмосфераны зерттеу Ұлттық басқармасы ағындар М-санатында болады деп болжайды. Олардың әсерін бағалау үшін әрқайсысының интенсивтілік деңгейін есептеу шарт:
- 3-4 тамызда – K-index 3 (төмен дауылдық белсенділік);
- 12-13 тамызда – K-index 5 (жоғары дауылдық белсенділік);
- 19 тамызда – K-index 4 (орташа дауылдық белсенділік);
- 20-22 тамызда – K-index 4 (орташа дауылдық белсенділік).
Ағымдағы 25-циклдің белсенділігі өте жоғары. Ол Күн бетінде дақтар қалдырып, ал Жерде солтүстік жарқырауын туындатты. Ай күнтізбесі бойынша тамызда болатын екі айдың толысуымен бірге, бұл ай өте қызықты болмақ.
Магнит ағындарының адамдарға әсері
Ғарыштық ауа райының адамға әсері жылдан-жылға ұлғаюда. Бұл адамдардың электр құрылғыларын пайдалануымен, спутникті қолдануларымен түсіндіріледі. Тамыздың геомагниттік ағындары электр жүйелеріне, GPS қызметіне, авиация мен жер серігіне әсерін тигізеді. Радиобайланыстың сөндірілуіне ықпал етуі мүмкін. Жоғарыдағы күндері осы жайттарды естеріңізде ұстаңыздар.
Күн энергиясы Жердің магнит сферасымен соқтығысқанда, адамдарда келесідей белгілер байқалады:
- Көңіл-күйдің болмауы, әлсіреу.
- Бас ауруы (мигрень), артериалды қан қысымының өзгерісі.
- Созылмалы аурулардың асқынуы.
Бұл аурулардың алдын-алу үшін таза ауада жиі серуендеп, көп мөлшерде су ішіңіз. Алкоголь, кофе, темекіден аулақ болыңыз. Жеңіл тамақтар ішуге тырысыңыз. Жылы суға түсіп, жұмыс пен демалу графигін қатаң сақтаңыз.
Күн бетінде болатын толқулар қалыпты жағдай болып саналады. Магниттік дауылдар күнтізбесіне сәйкес, жағдайыңызды бақылауда ұстаңыз. Өз денсаулығыңызды қарапайым кеңестерге құлақ түріп, қадағалаңыз. Сонда тамыз сіз үшін жеңіл әрі сәтті өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031431-saq-bolynyz-2023-zyldyn-tamyz-aiyndagy-magnittik-dauyldar-kestesi/