Түс жору кітапшасы: түсіңде жаңа үй кірсең не болады
Жарияланған күні:
Адам баласы өмірінің төрттен бір бөлігін ұйқыға арнайды. Ұйықтап жатқан адамның әр түрлі түс көретіні белгілі. Түсінде жаңа үйге кіру нені білдіреді? Түс жору кітапшалары бойынша бұл түстің түсіндірмелерін ұсынамыз.
Миллердің түс жору кітабы
Миллердің түс жору кітабы бойынша түсіңізде жаңа үйге кіру нені білдіреді? Егер түсте көрген жаңа үй сізге тиесілі болса, бұл - сіздің әрбір бастамаңыздың сәтті болатынының белгісі. Түсіңізде көрген кішкентай үй тиімді бизнес көзін, отбасындағы тыныштық пен бақытты сәттерді білдіреді. Зәулім үйлер саяхат пен қуанышқа толы ұзақ өмірді меңзейді.
Дениз Линнің түс жору кітабы
Дениз Линнің түс жору кітабы бойынша адамның түсінде жаңа үй көруі нені білдіреді? Түсінде жаңа үй көрген адам үйдің кейбір бөліктеріне назар аударуы керек. Мысалы қоқырсыған жертөле ішкі қайшылықты, өзіңіз жалғыз жеңе алмайтын мәселелерді көрсетеді. Бітелген құбырлар сіздің барлық эмоцияыңызды іште сақтайтыныңызды меңзейді. Ал жаңа бөлмелерді қарап жүру өзіңізді түсінуге жасаған ұмтылысыңызды білдіреді.
Цветковтың түс жору кітабы бойынша түсінде жаңа үйге кіру нені білдіреді?
Цветковтың түс жору кітабында түсінде жаңа үй немесе үй құрылысын көру өмірде жақсы өзгерістер болатынының белгісі екені айтылған. Егер түсіңізде шатыр жабынын жасап жатқан жұмыстарды бақылап отырсаңыз, күтпеген жерден ақша шығыны болуы мүмкін.
Хассенің түс жору кітабы бойынша жаңа үйге кіру нені білдіреді?
Хассенің түс жору кітабы бойынша түсінде жөндеу жұмыстары жасалған таза үйді көру көптен бері алаңдатып жүрген қарым-қатынастағы жағдай нақтыланатынын білдіреді. Үйдің шатырын жауып жатқан сәттің түске енуі біраз шығынның болатынын ескертеді. Ал жаңа үй сатып алу алдағы уақытта қаржылық жағдайдың жақсаратынын аңдатады. Түсінде үйді бұзуға дайындау адамның жеңіл ойлы әрекетіне байланысты жақын арада сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екенін айтады.
Исламдық түс жору кітабы
Исламдық түс жору кітабы бойынша түсінде жаңа үйге кіру нені білдіреді? Исламдық түс жору кітабы бойынша үйге қатысты түстің бірнеше түсіндірмесі бар. Мәселен кішкентай үйден шығып бара жатқанын көрген адам уайым-қайғыдан арылады. Ал үйінің кеңейтілгенін көрсе, жүректегі мейірімі артады әрі егін жинайды. Егер біреу өзіне белгісіз жерде бейтаныс тұрғындары бар үйді түсінде көрсе, бұл оның ақыреттегі үйін білдіреді. Бұл үйдің жағдайы да түсіндегідей болады: жақсы немесе жаман.
Егер сіз түсіңізде үйіңізді жаңартып, аула көлемін кеңейткеніңізді көрсеңіз, бұл - мына дүниедегі игіліктің көбейетінінің көрінісі. Түсіңізде өзіңіздің бейтаныс үйге кіргеніңізді көру жақсы жаңалық болатынын және науқастың тез арада аурудан айығатынын білдіреді.
Адамның түсінде үй тұрғызуы – жақсылықтың нышаны. Ал керісінше үйді бұзуы зұлымдық пен әділетсіздікке бетпе-бет келетінін аңдатады. Кімде-кім түсінде таныс адамның үйіне кірсе, оның сыры ашылады. Өзіңіздің жеке үйіңізді көру отбасын, жақын адамдарыңызды білдіреді.
Фрейдтің түс жору кітабы
Фрейдтің түс жору кітабы бойынша түске кірген үй нені білдіреді? Фрейд тұрғын үй көбінесе адамды бейнелейтінін жеткізген. Қабырғалары тегіс үй ер адамды, ал балкондары, лоджиялары және терезелері бар үй әйелді білдіреді. Егер түсіңізде үйіңізді қуанып жүріп жөндесеңіз, онда жеке өміріңізде бәрі өз ретімен жақсы болады. Ал үй жөндеу кезінде жағымсыз сезімді кешірсеңіз, онда серігіңізге деген сезіміңізге селкеу түскенін жасырасыз.
Юнонаның түс жору кітабы
Үйлер туралы түстер көбінесе өмірдің ағынын, істердің барысын білдіреді. Сізді келешекте не күтіп тұрғаны түсіңізде көрген үйдің жағдайына байланысты. Кейде мұндай түстер қайталанады. Әсіресе, сіз өзіңіздің өміріңіз туралы ойласаңыз және жақсы өзгерістерді күтсеңіз осындай түстерді жиі көруіңіз мүмкін.
Юноның түс кітабы бойынша түсінде жаңа үйге кіру нені білдіреді?
- Үй сатып алу немесе жаңа үй қарап жүру - болашаққа жасалатын жоспардан хабар береді. Мұндай түс өмірде болатын өзгерістерді болжайды.
- Жарқыраған немесе алтынмен қапталған үйді көру - бақытсыздықтың немесе қиыншылықтың белгісі.
- Түсінде үй салу сіздің қоғамда өз орныңызды табу, тұрақтылыққа және өркендеуге қол жеткізу қиын болатынын білдіреді. Кейде мұндай түс зерігуді, қазіргі жағдайыңызға қанағаттанбау немесе ауруды білдіруі мүмкін.
Түс көру - әлі күнге дейін психологиялық және физиологиялық тұрғыда толық зерттелмеген құбылыс. Қазақ халқы түсті көруден бұрын, жақсылыққа жоруға мән берген. Сондықтан қандай түс көрсеңіз де, оны жақсылықтың белгісі деп болжай білген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035905-tus-zoru-kitapsasy-tusinde-zana-ui-kirsen-ne-bolady/