Жууға бір сағат кетеді: 15 жастағы үнділік жігіт өмірінде мүлде шашын қимаған
Жарияланған күні:
15 жастағы үндістандық жасөспірім өмірінде мүлде шашын қимаған. Бүгінде оның шашының ұзындығы 146 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сидакдип Сингх Чахал шашын аптасына екі рет жуады. Анасының айтуынша, шаш жуу процесінің өзі бір сағатқа жуықтайды екен.
Жасөспірім өзінің шаш өсіру себебін сикх дінімен байланыстырады.
Бұл діндегілерге шаш қиюға тыйым салынған.
Күнделікті өмірде Сингх шашын түйіп, тюрбан киіп алатынын айтады.
Сондай-ақ ол шашын өмірінің соңына дейін қимайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2037100-zuuga-bir-sagat-ketedi-15-zasar-undilik-zigit-omirinde-mulde-sasyn-qimagan/