2023 жылы күзде күн мен түннің теңелуі: ерекше күнге қатысты дәстүрлер
Жарияланған күні:
Кезеңдердің ауысу уақыты мистикалық мағынаға ие. Күзгі күн мен түннің теңелуі қашан болады және ол күнді қалай өткізу керек? Сағаттық белдеулер мен уақыт жайлы сайттың басшысы Константин Бикостың кеңестеріне құлақ түріңіз.
Күн мен түннің теңелу уақыты, және мәні
Күзгі күн мен түннің теңелуі қашан болады? Астрономиялық жылдың күнтізбелік жылға қарағанда ұзағырақ болуына байланысты атаулы күн жыл сайын өзгеріп тұрады. Бұл күн 2023 жылы сенбіге сай келеді, Мәскеу уақыты бойынша 23 қыркүйек 09:50 де, ал Астана уақыты бойынша 3 сағат айырмашылықпен 12:50 де.
Бұл күн күздің астрономиялық басы деп қабылданады. Starwalk.Space басылымының жазуынша бұл күні барлық планета күнге қарасты тең қалыпта орналасады. Ал әлемдегі ең танымал, уақыт пен сағаттық белдеулер бойынша Тime and Date веб-сайтының басшысы Константин Бикостың пікірінше, бұл күні Күн - экватор сызығының үстінде орналасатындықтан, жердің екі жарты шарына да теңдей жылуын түсіреді.
23 қыркүйек күні, күн мен түннің ұзақтығы теңдей 12 сағаттан болады. Сосын Күн, аспан экваторын басып өтіп, Солтүстік жарты шардан Оңтүстікке қарай өтеді. Осы уақытта Солтүстік жарты шарға астрономиялық күз келсе, ал Оңтүстікте көктем мезгілі болады.
Ертеден ата-бабаларымыз күзгі күн мен түннің теңелуін ерекше мистикалық мағынаға ие деп сенген. Олар бұл күннен соң Айдың ертерек шығатынын білген. Астрономдар да бұл құбылысты дәлелдеп, Ай мен жер осінің траекториясы дәл осы кезеңде сәйкес келетінін айтқан. Almanac.com басылымының зерттеуінше, ең жақын уақыттағы Айдың толысуын, Берекелі Ай деп атаған. Күзгі күн мен түннің теңесуін мерекелеу атадан балаға мирас болып қалып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
- Ежелгі келттердің дәстүрін ұстанатын еуропалықтар, жылдың ең маңызды сегіз мерекесінің бірі есебінде – Мабон мейрамын тойлайды. Ал Германияда, дәстүрлі түрде заманауи фольклорлық ивент – Октоберфест мерекесі тойланады.
- Друидтардың жанкүйерлері әйгілі Стоунхенджда жиналып, дәстүрлі түрде фестиваль өткізеді.
- Ал Жапонияда мемлекеттік мереке, ата-бабаларын еске алу шарасы өтеді. Ол күні бейіттердің басына барып, еске алып, вегетариандық тағамдар дайындайды.
- Мексикалықтар бұл күнде Юкатан аралында орналасқан, ежелгі майялықтардың қаласы Чичен Ицадағы Кукулькана пирамидасына жол тартады. Халық күн сәулесі пирамида баспалдақтарына мистикалық жылан сияқты түскенде, пирамида шыңына шығып армандарының орындалуын тілеген.
- Страсбургтегі Кафедралық соборға барушылар, дәл осы күні, күн сәулесінің жасыл витраждан өтіп, Христос ескерткішіне түскенін бақылай алады. Бұл көріністі жылына тек екі рет, күн мен түннің теңелу уақытында ғана тамашалауға болады.
Славяндар бұл күндерді таусен, радогощ немесе осенина деп атайды. Кезең славян құдайы Велеске және егін жинау науқанының аяқталуына арналады. Христиан дінін қабылдағаннан кейін халықтық мерекені діни мерекеге айналдырғысы келгендер пайда болады. Қазір екі мерекені де тойлау дәстүрге айналған. 21 қыркүйек күні мистикалық күнге бірнеше күн қалғанда, олар Богородица Рождествосын тойлайды.
Күзгі күн мен түннің теңелуінің дәстүрлері, рәсімдері және белгілері
Бұл күндер тазарып, ісіңізді қорытындылап, қателіктеріңізді түзетуге өте қолайлы деп саналады. Дәл сол күні жасалған кейбір істер, өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге ықпал етуі мүмкін.
Дәстүрлер
Күзгі күн мен түннің теңелуі кезеңін үйдің ішін тазалаумен бастау керек. Сынған заттарды тастаңыз, пайдаланбайтын заттарды таратып жіберіңіз. Үйдің ішін рябина бұтақтарымен, молшылықтың белгілерімен, жаман күштерден сақтайтын заттармен безендіріп, үйге жаңа заттар сатып алыңыз. Үйде ерекше тағамдар дайындап, отбасыңызбен қонақтарға ерекше құрмет көрсеткен дұрыс. Үстеліңізде келесідей бәліштер болғаны дұрыс:
- Орамжапырақпен немесе пиязды етпен бәліш.
- Жемістермен, алмамен тәтті бәліш (калина, рябина, брусника).
Дәстүрлі мерекелік бәліштердің қамыры әр түрлі, ал формасы дөңгелек болуы мүмкін. Отбасында махаббат пен бірлікті бағалайтындарға қышқыл-тәтті дәмді, калина, рябина қосылған бәліштер ұнайды. Ал өздерінің қалауынша өмір сүргісі келетіндер орамжапырақпен бәлішті, ет пен пияздан жасалған бәлішті ұнатады. Үй жағдайында жасалған шарап, квас, кептірілген жемістерден жасалған компотты пайдалануға болады.
Белгілер
Бұл күні болатын ауа-райына қарап, алдағы уақытқа ауа-райын болжауға болады деген сенім қалыптасқан. Негізінен құстар мен өсімдіктерге назар аударылған.
- Рябинаның мол болуы – жаңбырлы күзбен, суық қыстың белгісі болып саналады. Жемістің неғұрлым көп болуы, қыстың соғұрлым суық болуын болжайды.
- Бұл күнгі құстардың оңтүстікке ұшуы – қыстың жақындап қалғандығының белгісі болып саналады.
- Қайың мен рябинаның ерте сарғайып кеткен жапырақтары – қыста болатын қатты аяздардың белгісі деп қабылданған.
- Сол күнгі қатты жаңбыр – жылы күздің белгісі.
Егер күн мен түннің теңелу күні жылы ауа-райы болса, көпке дейін жайлы ауа-райы болады деп сенген. Жайлы ауа-райының болуы әлі де ұзақ жылы күндерді, жұлдызды күзгі аспанның белгісі деп саналған.
Рәсімдер
Күзгі күн мен түннің теңелу күндері қандай ритуалдар жасаған дұрыс? Махаббатты өзіңізге тарту үшін жұптық заттарды қолданыңыз. Ал көңіліңіздегі мұңнан құтылу үшін отты, әдемілік пен мықты денсаулықты тарту үшін суды пайдаланыңыз.
Өміріңізге махаббатты тарту үшін келесідей жасаңыз:
- Жатар алдында жаныңызға тағы да бір жастық пен көрпе қойып қойыңыз;
- Өзіңіздің тіс щеткаңыздың жанына, тағы бір щетканы салып қойыңыз.
Барлық жаманшылықты артта қалдырып, негативтен тазарып, энергетикаңызды ретке келтіру үшін отпен келесідей ритуал жасаңыз:
- Бұтақтар мен жапырақтарды жинап, от жағыңыз.
- Қағазға барлық қорқыныштарыңызды жазып алыңыз.
- Жанған отқа, қорқыныштарыңыз жазылған қағазды өртеп жіберіңіз.
Барлық ауру-сырқаттарыңыз артта қалып, жастығыңыз оралып, күшіңіз көбейсін десеңіз, келесідей жасаған дұрыс.
Күн шыққанша оянып, жуынып, күннің шығуын қарсы алыңыз. Күн өткізу барысында, жиі жуынып жүруге тырысыңыз. Ал кешке, өзен жағасына барып, беті-қолыңызды, аяғыңызды т.б жуып алыңыз.
Күзгі күн мен түннің теңелуі - маңызды астрономиялық құбылыс әрі мистикалық және мәдени мағынасы бар өзгеріс. Оның тарихын, дәстүрі мен белгілерін, ритуалдарын есте ұстап, мерекенің сізге тек жақсылық, молшылық, қуаныш әкелуіне ықпал етіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2037289-2023-zyly-kuzde-kun-men-tunnin-tenelui-erekse-kunge-qatysty-dasturler/