Бұл әлде махаббат па: кемел жастағы ер адам неліктен жас қызды таңдайды
Жарияланған күні:
Қоғамда ер адамның жас қызға үйленуін ұят санайтындар баршылық. Мұндай жұпқа күмәнмен қарайтындар да жоқ емес. Жас айырмашылығы отбасын құруға әсер ете ме? Осы тақырып аясында мамандардың пікірін ұсынамыз.
Неліктен егде жастағы ер адамдардың таңдауы жас қыздарға түседі?
Атақты немесе бай-қуатты ер адамның жас қызбен қарым-қатынасы туралы көптеген мысал бар. Мысалы 83 жастағы Аль Пачино 29 жастағы Нур Альфалламен кездескен. Ал жас әйел 2022 жылы ұлын дүниеге әкелді. Клинт Иствудтың екінші әйелі Дина режиссердан 35 жас кіші, ал оның жаңа сүйіктісі Кристина Сандера 33 жас кіші болатын. Актер әрі режиссер Вуди Аллен асырап алған қызы Сун-И Превин 27 жасқа келген кезде оған үйленді, ал өзі 62 жаста еді.
Қарым-қатынас бойынша кеңесші Жасмин фон Хэтч қырықтан асқан ер адамдар үшін 22 жастағы әйел ыңғайлы, - деп жазады. Кемел жастағы ер адамдар түрлі себеппен жас әйелді таңдайды:
- Олар жасы үлкен әйелдерге қызықпайды. Ерлер жасы ұлғайған сайын тартымды болса түседі, тек 50 жастан кейін ғана келбеті сыр береді.
- Бұл - эволюциялық стратегия: ер адамдар бала көтере алатын әйелдерге бейсаналы түрде тартылып тұрады, - деп жазады психикалық саулық мақалаларының авторы Сильвия Смит.
- Стокгольм университетінің демографы Свен Дрефаль жас әйелге үйлену ер адамның өмірін ұзартады, бұл әлеуметтік мәртебенің, өзін-өзі бағалаудың және бақытты сәттің көп болуына байланысты екенін айтады.
- The Outline авторы Ребекка Стоунер жас айырмашылығы қоғамдағы гендерлік рөлдердің жемісі, - дейді. Ер адам – асыраушы, әйел – дүниеге сәби әкеліп, оны тәрбиелейтін үй шаруасындағы әйел.
- Кемел жастағы ер адам өзіне көбірек қамқорлық жасай алатын әйелдерге қарай ұмтылады.
- Жас қыздар үлкен әрі ақылы толысқан адамдарға құрметпен қарайды және бұл ерлерге ұнайды. Себебі билік пен басқару өзінің қолында болады.
- Орта жас дағдарысында жүрген ер адам проблемаларын осылай шешеді: экзистенциалдық жалғыздық, өмірдің мәні қалмағандай сезіну, өлім қорқынышы. Жастық шақтың қайта келмейтінін білген соң бұл мәселелердің шешімі жоқ секілді көрінеді.
- Кемел жастағы ер адам өзіне біреудің таңданып қарағанын қалайды. Мұны жас қыздар жасай алады.
- Кемел жастағы ер адамға жас қыздың тентек мінезі, жастық шаққа тән ойнақы болмысы мен өмірге жеңіл көзқарасы ұнайды.
- Жасы кіші қызға ғашық болған ер адам одан анасының жас кезіндегі бейнесін көреді.
Жасмин фон Хэтч 30 жастан асқан әйелдермен кездесу қиын, өйткені олар тұрмысқа шығуды ойлайды әрі ер адамға бұл тақырып бойынша қысым жасайды, - деп жазады. Сонымен қатар осы жастағы көптеген әйелдің жігіттерден көңілі қалады, тіпті оларды іштей жек көруі де ғажап емес.
Екінші рет үйленгісі келген ер адамдар өзінен жас қызды іздеуге бейім. Ғалымдар жұп арасындағы жас айырмашылығының табиғи немесе әлеуметтік, мәдени және экономикалық әсердің жемісі екеніне нақты жауап берген жоқ, - дейді Ребекка Стоунер.
Ерлердің жар ретінде жас қыз іздеу тендециясы азайып барады. Ғалымдар Элис Эрли мен Венди Вуд бір заңдылық ашты: гендерлік теңдік неғұрлым жоғары болса, ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы аз болады, ер адамдар жас қыздарды қаласа, әйелдер әлдеқайда үлкен ер адамды қалайды. Темпл университетінің аспиранты Келли Фейганның айтуынша, Америка Құрама Штаттарында 1970-2014 жылдар аралығында 11 немесе одан да жасы кіші әйелге үйленген ерлердің саны 18,9 пайыздан (бірінші неке) 2.3 пайызға және 60,5 пайыздан (қайта некеге тұру үшін) 22 пайызға дейін төмендеді.
Феминистер ерлердің және жалпы қоғамның жасы ұлғайған әйелдерге деген көзқарасын әділетсіз деп санайды. Неліктен ер адамдар жыл өткен сайын сымбатты болады, ал әйелдер - керісінше?
Қалай күшті жұп болуға болады?
Америкалық жазушы Ленор Коффи: "Қырық жастағы ер адам жиырма жастағы қызға ғашық болса, ол өзінің жастығын іздейді", - деген. Егер кемелденген адам өз тағдырын жас қызбен байланыстырса әрі өзіне және басқаларға әлі де жас, күшті екенін дәлелдегісі келсе, мұндай қарым-қатынас ер адамның өзін дәлелдеп болған уақытына дейін ғана жалғасады.
Өзін-өзі бағалауға деген ұмтылыс дұрыс. Бұл қасиет әрбір адамға қажет. Алайда ер адам өзінің жанында жас қызды ертіп жүру арқылы өз бағасын арттырамын десе, бұл дұрыс әрекет болып саналмайды. Сильвия Смит тек айналаңды өзгерту арқылы емес, өзіңді тану және талдау арқылы құндылығыңды арттыруға жұмыс істеу керегін айтады.
Өнертапқыш және сатирик-жазушы Цаль Меламед атап өткендей, кез келген жастағы адам махаббатқа бөленгісі келеді. Қарым-қатынастың беріктігі ер мен әйелдің жасына, ақшасына, күшіне емес, олардың бір-біріне деген сезіміне, сүйіспеншілігіне, түсінісуі мен құрметіне байланысты. Роберт А.Джонсон "Мы" кітабында мұның тұтастық сезімін беретінін жазады.
Сезімнен бөлек мына дүниелер де маңызды:
- өмірлік құндылықтар мен басымдықтардың ұқсас болуы;
- ортақ мүдде;
- өмірдегі ортақ мақсаттар;
- сенімділік;
- өсуге және дамуға ұмтылу;
- жыныстық қажеттіліктердің сәйкес келуі;
- ымыраға келе білуі;
- жеке кеңістікті құрметтеу;
- қарым-қатынастағы теңдік пен еркіндік.
Егер ер адам жас қызды өзіне лайықтап өзгерте аламын деп ойласа, бұл - миф. Сүйіспеншілік дегеніміз - адамды "сындырмай" сол күйінде жақсы көру. Адамға кеңес беруге, көмектесуге болады, бірақ қысым жасалмау керек. Ең бастысы - әйелдің қаржылық тәуелділігіне қарамастан, бір-біріне деген құрмет болуға тиіс, себебі бұл жағдайдың психологиялық тәуелділікке айналу қаупі бар.
Ер адамның жас әйелі қаламаса да, ескі әдетінен бас тартуы қиын болады. Екі тарап бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек.
Жас айырмашылығы үлкен жұп дұрыс жолмен жүрсе, неғұрлым ресурсқа бай болуы мүмкін. Бұған көбіне ер адамның қаржылық тұрақтылығы, өмірлік тәжірибесі және өзіне деген сенімділігі ықпал етеді. Әйелдің энергиясы мен қарым-қатынасты жақсарту ниеті үйлескен кезде олар тау қопаруға да дайын болады.
Ер адамның жасы әлдеқайда үлкен, ал әйелінің жасы кіші жұптың артықшылығы да, кемшілігі де бар. Екі адам махаббатты таңдаса, бұл қай кезде де дұрыс саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2058213-bul-alde-maxabbat-pa-kemel-zastagy-er-adam-nelikten-zas-qyzdy-tandaidy/