Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз тағдырыңызды жіберіп алмаңыз: ақпан айына арналған махаббат жұлдызнамасы

Жарияланған күні:

Қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет
Қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытай күнтізбесі бойынша Күн Балықтарда, Меркурий мен Шолпан Суқұйғыштарда болғандықтан бұлбелгілердің өміріндегі қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін. Ақпан айында қай жұлдыз белгілерінің махаббатта жолы болады? Махаббат жорамалын Кайл Томас жасап көрді.

Тоқтылар

Басы бос Тоқтыларды қызыққа толы ай күтіп тұр, себебі олар бірге демалатын және шабыттандыратын адамды кездестіреді. Бұл танысу қарым-қатынастың бастамасы болуы мүмкін бе? Тоқтылар үшін ақпан айындағы махаббат жұлдыз жорамалы қандай?

Ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғандар жандар үшін бұл айда түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қақтығыстардың себебі - жиналып қалған өкпе-наз. Жағдайды түзету үшін ашық сөйлесу және қателіктермен жұмыс істеу керек. Ал кейбір Тоқтылар жұмыста өз ғашығын кездестіруі мүмкін.

Торпақтар

Торпақтардың қолдаушысы - Шолпан 16 ақпаннан бастап Суқұйғыш белгісіне енеді. Бұл жұлдыз белгісіне жеңіл әрі ойнақы болуға және жаңа серіктеспен танысуға мүмкіндік береді. Отбасын құрған Торпақтар болмашы жерден қиындық тудыруға асығып тұрады. Сол себепті шытырман оқиғалардан аулақ болып, сүйіктіңізбен жеке өміріңізді түрлендіруге тырысыңыз.

Тұрақты қарым-қатынастар берік бола түседі. Үйлену туралы ұсынысқа немесе ата-ана атану туралы жаңалыққа дайын болыңыз. Бұл үшін сәтті күн - Ғашықтар күні болмақ.

Аяғы ауыр, жүкті келіншек. Көрнекі сурет
Аяғы ауыр, жүкті келіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

16 ақпаннан бастап Шолпан жұлдызнаманың тоғызыншы секторына өтеді, сол себепті Егіздердің жеке өмірін жақсартуға мүмкіндігі бар. Бойдақтар өздеріне рухани жағынан жақын болатын жанды кездестіреді, шетелдікпен танысады немесе интернет арқылы байланыс орнатады.

Ақпан айында Егіздер үшін махаббат болжамы қандай? Сүйіктісі бар Егіздер ғашығын өзінен тым жоғары қоймауы керек және одан көп талап етпеуі тиіс. Тұрмыстық және іскерлік мәселелерді бірге шешіңіз, сонда ғана жеке өміріңіз реттеліп, жағымды жаңалықтарға толы болады.

Шаяндар

Goto Horoscope астрологиялық басылымы Шаяндардың жұптарында көңіл-күйдің жиі өзгеруі болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл сыртқы факторлардың әсерінен орын алуы ықтимал. Десе де Шаяндар өзінің сүйіктілеріне адал болып, оларды жақсы көретін болады.

Айдың эмоционалды тұрғыдағы өзгерістерінен бойыңызды аулақ ұстау үшін, жоғарыдағы жайттарды естен шығармаңыз. Басы бос адамдар жаңа таныстармен кездеседі және ол таныстық достыққа ұласады. Десе де бұл таныстықтарромантикалық байланысқа айналуы мүмкін.

Арыстан

Басы бос Арыстан ақпан айында өз махаббатын кездестіруі мүмкін. Бұл қоғамдық орында болады: аурухана, спорт зал, оқу орны. Егер Арыстан осы таныстықты жіберіп алса, ұзақ уақыт бойы жаңа танысуды күтетін болады. Арыстандар үшін ақпан айындағы махаббат жұлдыз жорамалы қандай?

Көп уақытын жұмысқа жұмсайтындар жобадағы әріптесіне ғашық болуы мүмкін. Ұзақ уақыт қарым-қатынаста болған Арыстандарға серіктесіне берген уәдесінде тұруға тура келеді. Отбасылы жандар үшін бір-бірін сынауды қою керек. Одан да пәтерге бірге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, некені нығайтқан абзал.

Жұмыс істеп отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Жұмыс істеп отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештер

Ақпанның бірінші жартысында басы бос бикештер бұрынғы достарына ғашық болады, ал отбасылы жандар бұл уақытты үйде балаларымен бірге өткізеді. Айдың екінші жартысы - денсаулық пен тұрмыстық мәселелерге арналмақ. Махаббат екінші орынға қойылады. Қарым-қатынасты нығайту үшін уақытты бірге өткізіңіз.

Жақын туыстарыңыздың мәселелерін бірге шешіңіз, сонда реніш болмайды. Имиджді өзгерту арқылы қарым-қатынастарыңызға жаңа дем бере аласыз. Жақын адамыңызды олардың армандары мен алға қойған мақттарында қолдаңыз. Бұл қарым-қатынас пен өзара сыйластықты нығайтады.

Таразылар

Medium әлеуметтік басылымы Таразыларға танымалдылық пен жаңа таныстықтар орын алатынын болжайды. 2024 жылдың ақпан айында Таразыларды не күтіп тұр? Басы бос Таразыларромантикалық қарым-қатынасқа дайын болады және жалғыздықтан арылады. Олар өз интуицияларының арқасында болашақ сүйіктілерін таңдайды.

Ұзақ уақыт бірге болған жандар қарым-қатынастарын жандандырғысы келеді. Бұған оларға бірлескен шығармашылық пен жағымды эмоциялар көмектеседі. Сондықтан, шеберлік сабақтарына бірге қатысып, саяхаттаңыз, бір-біріңізді кездесуге шақырыңыз. Бұл айда ерлі-зайыптыларда шынайылық пайда болады.

Сарышаяндар

Сарышаяндар үшін қарым-қатынасқа тура, байсалды көзқараспен қарауға тура келеді. 10 ақпандағы Суқұйғыштағы Жаңа Ай және 24 ақпандағы Бикештегі толық ай жұптарды жақындастыра түседі, сондай-ақ бұрынғы қарым-қатынастарға нүкте қоюға мүмкіндік береді. Басы бос сарышаяндар өзмахаббаттарын кездестіреді.

Жаңа серіктеспен берік рухани байланыс қалыптасады. Ерлі-зайыптылар үйлесімділік пен өзара тығыз қарым-қатынасты сезінеді. Қиын жағдайларда қолдау көрсету және ескі реніштерді ұмыту — бұл отбасылық психологпен талқылауға арналған сұрақтар болмақ.

Йогамен айналысып жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет
Йогамен айналысып жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер

Insta Astro астрологиялық басылымының хабарлауынша, ақпан айы өткен реніштерді жоюға арналғанай. Бұл айда тұрақты жұптар бір-біріне көбірек сене бастайды. Басы бос Мергендер бұрынғы сүйіктілерін сағынады. Бірақ оларға қайта оралу жақсылыққа әкелмейтінін есте ұстаған жөн, сондықтан ойыңызды басқа жаққа бөлуге тура келеді.

Мергендерді ақпан айында махаббатта не күтеді? Берік қарым-қатынас орнатқысы келетін Мергендер ішкі жан дүниесін де, сыртқы келбетін де өзгертуге талпынуы керек. Бұл шынайы махаббатты кездестіруге және бар қарым-қатынасты ретке келтіруге көмектеседі.

Тауешкілер

Knowinsiders ақпараттық сайты Тауешкілерді жаңа махаббат хикаясы күтіп тұрғанын болжайды. Бұл өмірдің басқа салаларына да өзгеріс әкеледі. 20 ақпанға дейін түсініспеушіліктерге әкелетін қарым-қатынасты нығайтуға болады. 20 ақпаннан кейін кештерді жеке, тыныш өткізетін уақыт келеді.

Ол үшін бірге жақсылық жасауға ұмтылыңыз: танго билеуді үйреніңіз, басқатырғыштар жинаңыз, тамақ дайындаңыз. Аузыңыз құрғағанша сіздікі дұрыс екенін дәлелдемеңіз, одан да қарсыласыңызды тыңдап үйреніңіз.

Суқұйғыштар

5-22 ақпан аралығында Суқұйғыштағы Меркурий болашақ сүйіктіңізбен тиімді байланыс орнатуға көмектеседі. Басы бос Суқұйғыштар жаңа адамдармен танысады және достық қарым-қатынасты романтикалық қатынасқа айналдырады. Ақпан айындағы Суқұйғыштар үшін махаббат болжамы қандай? 16 ақпаннан бастап Шолпан Меркурийге Суқұйғышқа қосылады.

Бұл тандем ұзақ уақыт бірге болған жұптардың қарым-қатынасына жағымды өзгерістерді әкеледі. Барлық Суқұйғыштар бұл айданәзіктік пен құмарлықты сезінеді. Түсініспеушіліктер шешіліп, жаңа мақсаттар мен жоспарлар жүзеге асырыла бастайды.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан пәтер. Көрнекі сурет
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан пәтер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Ақпан айында Astrologyk астрологиялық басылымы Балықтарға махаббаттың беріктігін тексеруді болжайды. Яғни, ақпанда нағыз сезімдер бұл қиындықтарға төтеп бере алады, ал құмарлыққа негізделген сезімдер жойылады. Қысқа романтикалық сапар екі жұп үшін де пайдалы болады. Ақпанның соңғы күндеріндегі Балықтардың сыртқы тартымдылығы оларды жалғыздықтан арылтады.

Астролог Кайл Томас Рeople журналына 2024 жыл өмірдің түрлі аспектілерінде барлық жұлдыз белгілері үшін көптеген мүмкіндіктер беретінін айтады. Ол Балықтарға тұрақтылықты, соның ішінде махаббатта да тұрақтылық орнайтынын болжады.

Ақпан айында махаббат көптеген жұлдыз белгілерінің жүрегінде пайда болады, ал қалғандары отбасылық және романтикалық байланыстарды нығайту бақытына ие болады. Жұлдыздар қарым-қатынасты реттегісі келетін кез келген адамға қолдау көрсетеді. Сондықтан жұлдыз жорамалдағы болжамдарды қолданыңыз, сонда сіздің жүрегіңіз жараланбайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2058342-oz-tagdyrynyzdy-ziberip-almanyz-aqpan-aiyna-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/