Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпанға арналған Ай күнтізбесі: ай фазалары, қолайлы және қолайсыз күндер қандай

Жарияланған күні:

Толық ай
Айдың толған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кібісе жылындағы Ай циклдерінің өзгеруі табиғи құбылыстарға назар аудартпай қоймайды. Қыстың соңында Айдың әсері ерекше бола ма? Ақпан айының күнтізбесі бойынша жасалған талдауды астрологтар Тали және Офира Эдут ұсынады.

2024 жылдың ақпан айындағы Айдың толып-кемуі

Қыстың соңғы айы кемімелі Ай фазасымен басталады. Ақпан айында ол үш кезеңнен тұрады:

  • 1-2 ақпан
  • 4-9 ақпан
  • 25-29 ақпан

Бұл күндері сыртқы келбетіңізге және денсаулығыңызға мән беріңіз. Ағза мен теріге тазалық жасаңыз, эпиляциямен қатар энергетиканы да тазартыңыз. Киімдеріңізді химиялық тазалауға апарыңыз және бағалы зергерлік бұйымдарыңызды да тазалап алыңыз. Жаңа Ай тумай тұрып ескі заттардан құтылыңыз немесе таратып беріңіз.

2024 жылдың ақпанында Айдың тууы қашан болады? Ол сенбі, 10 ақпанға сәйкес келеді. Ай Суқұйғыштан Балықтарға ауысады. Astrologyk астрологиялық басылымы бір айға жоспар құрып, мақсат қоюдыға кеңес береді. Армандаңыз, стереотиптерді бұзыңыз және тәжірибе жасап көріңіз. Өсіп келе жатқан айға арналған жоспарларыңызды жүзеге асырыңыз.

Жаңа ай
Жаңа туған Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өсіп келе жатқан Ай кезеңі жаңа Ай туғаннан кейін бірден басталады. Ол екі кезеңнен тұрады:

  • 11-15 ақпан
  • 17-23 ақпан

Ай өсіп келе жатқан кезде араласатын ортаңызды көбейту, имиджіңізді өзгерту және бөлме өсімдіктерін қайта отырғызған пайдалы. Бизнес-жоспарыңызды, кандидаттық диссертацияңызды немесе допты себетке лақтыру сияқты шеберлігіңізді шыңдаңыз. Толық Айдың әсерінен күшіңіз сарқылмай тұрғанда қимылдап алыңыз.

Ақпан айында Ай қашан толады? Айдың толу кезеңі 24 ақпан, сенбіге тұспа-тұс келеді. Ай Арыстаннан Бикешке ауысады. Бұл даму үшін, жұмыстарыңызды ретке келтіруге және қаржылық құжаттамамен жұмыс істеуге ыңғайлы уақыт.

Айдың елеусіз қалдыруға болмайтын тағы екі маңызды фазасы бар:

  1. Үшінші тоқсан – 3 ақпан. Қомақты қаржыға зат сатып алмаңыз, несиеге жоламаңыз және физикалық белсенділіктің өз орнымен болғаны дұрыс. Біраз жинақталып, артық салмақтан арылыңыз, қарым-қатынасыңызды реттеп, қарызыңызды өтеңіз.
  2. Бірінші тоқсан – 16 ақпан. Ешкіммен сөзге келмеңіз, мұңаймаңыз, диетадан бас тартыңыз. Бастаған ісіңізді аяқтаңыз, білім алыңыз, адамдармен сөйлесіңіз, сүйікті хоббиіңізге уақыт бөліңіз.
Толық Ай
Толық Айдың көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақпан айындағы маңызды астрологиялық оқиғаларға зер салыңыз. Мына күндерді және кеңестерді де ескеріңіз:

  • 3-15 ақпан (өсіп келе жатқан Ай) – Марс пен Плутонның бірігуі. Ұжымда және отбасындағы келіспеушіліктің өршуі. Татуласу жолын іздеңіз.
  • 20 ақпан (өсіп келе жатқан Ай) - көтеріліп келе жатқан Ай түйінінің (Раху) және Хиронның бірігуі. Белсенді болу арқылы адам өмірінде тепе-теңдік пен үйлесімділіктің басталуы. Айдың бірінші онкүндігінде негізгі міндеттерді жасаңыз.
  • 28-29 ақпан — Сатурн Күнмен түйіседі. Мансап жолында және өзіңізді дамыту бойынша оптимизм мен өркендеу кезеңі. Курстар мен тренингтерге жазылыңыз.

2024 кібісе жылы болғандықтан, ақпан 29 күн болады. Бұл айдың 20-21 күндері кемімелі Ай Таразыдан Сарышаянға ауысады. Жаңа күнтізбелік айдың басталуына дейін күш жинайтын жаттығулар жасаңыз, тепе-теңдікті қалпына келтіріңіз, демалысқа шығыңыз.

Айдың адам өміріне әсері

Ақпанда астрологиялық ауытқулар болмайды әрі Айдың адамдарға әсері жақсы болады. 2024 жылдың ақпан айындағы қолайлы күндер қандай? Бұл айда қолайлы саналатын жеті күн бар: 1–2, 4–8, 10, 14–16, 18, 20, 22, 25–26 және 29. 2024 жылдың ақпанында қандай қолайсыз күндер бар? Биылғы ақпанда қолайсыз күн жоқ, тек 24 ақпанда Айдың толған сәті жұмыста және көлік жүргізу кезінде ішкі тыныштықты, ұқыптылықты және байсалдылықты талап ететін эмоциялы күн болады.

Ай және жұмыс

Ай жұмысқа, бизнеске және материалдық жағдайға әсер етеді деп есептеледі. Ай күнтізбесі бойынша стартапты іске қосу сәті бәсекелестерден алда болуға мүмкіндік береді. Ай бойынша жоспарланған мәміле қомақты қаржы әкеледі. Айдың мына күндеріне мән беріңіз:

  • 11-15 және 17-23 ақпан - жаңа жұмысты бастау, бизнес ашу, кеңейту.
  • 10 ақпан (ауа белгісіндегі жаңа Ай) - келіссөздерді, миға шабуыл жұмыстарын, көрмелер мен презентацияларды жоспарлаңыз. Жарнама, веб-сайттар мен блогтарды іске қосыңыз. Астролог Чани Николас бұл мақсат қою үшін ең жақсы уақыт екенін айтады.
  • 24 ақпан, Бикештегі толық Айда сәл аялдап, нәтижелерге баға беріңіз, пайданы есептеңіз.

Айдың соңына қарай жасайтын істеріңіздің тізімін қарап шығыңыз және негізсіз ұзақ уақытты алатындарын жасамаңыз. Көктем мезгіліне жоспар құрыңыз.

Әңгімелескен әріптестер
Әңгімелесіп отырған әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың махаббат пен көңіл-күйге әсері

Ай энергиясын зерттеуші мамандар доктор Орасио де ла Иглесиа, психология профессоры Дэвид Ваго және үнді йогы, мистик Садхгуру Жер серігі адамның ұйқысы мен репродуктивті денсаулығына әсер ететінін айтады. Ақпан айында көңіл-күйіңізді жақсарту үшін мына кеңестерді ескеріңіз:

  • Жаңа Ай туғанда және Ай толғанда рухани әлеміңізге оң әсерін тигізетін жаттығулар жасаңыз. Ішкі әлеміңізді нығайтып, тазартыңыз. Astro-Seek астрологиялық басылымы Ай толған кезде сабырлы болуға және өмірдің кемшін тұстарын қабылдауға кеңес береді.
  • Үшінші тоқсанда су балансын қалыпты ұстау арқылы мазасыздық пен үрейді басыңыз (көбірек су ішіңіз).
  • Бірінші тоқсанда психологпен және медитациямен жұмыс істеу арқылы қорқынышты басыңыз.

Ақпан айында махаббат әлемінде қатты дағдарыс күтілмейді. Жаңа айда өз сезіміңізді мойындап, үйленуге ұсыныс жасаған дұрыс.

Сақина тағу
Жүзік таққан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың сұлулық пен денсаулыққа әсері

Ай Жердің жоғарылауына және ағзадағы сұйықтық деңгейіне әсер етеді. Сыртқы келбетіңізді жақсарту үшін мына ұсыныстарды ескеріңіз:

  • Өсіп келе жатқан айда сұлулық салонына барыңыз. Ақпан айы бойынша шаш қиюға арналған Ай күнтізбесін қолданыңыз. Косметологқа немесе массажистке барыңыз.
  • Астрологтар Тали және Офира Эдут Ай толған кезде ағзаны тазартуға, денеге күтім жасауға, дұрыс тамақтанып, жаттығулар жасауға кеңес береді. Артық түстерді тазалауды кейінге қалдырыңыз, бірақ шашыңызды жақсартуға арналған маскалар өте қажет.
  • айдың өсіп бара жатқан кезеңінде косметикалық және хирургиялық операциялар жасатуға болады.
  • Жаңа Айда тұзды үңгір мен бассейнге баруды жоспарлаңыз. Кез келген ауыр процедуралардан аулақ болыңыз.
Бетке маска жағу
Косметологиялық процедуралар жасау сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақпан айында көктемгі-жазғы маусымға дайындалуға болады. Лазерлік эпиляцияны, сұлулық екпелерін және бетті қалпына келтіруге болады. Варикозды емдеу және ескі татуировканы өшіру жақсы нәтиже береді.

Ай циклдері, ақпан оқиғалары және көктемнің жақындау сезімі сізге күш пен шабыт береді. Өмірдің барлық салаларындағы істерді жоспарлау кезінде айдың өзгеретін фазаларын ескеріңіз. Бұл тәсіл әл-ауқат пен кез келген әрекетте қолдауды қамтамасыз етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2058555-aqpanga-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-qolaily-zane-qolaisyz-kunder-qandai/