Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабылдау және кешіру: өзің жіберген қате үшін өзіңді кінәлі сезінбеу үшін не істеу керек

Жарияланған күні:

Қара көйлекті қыз
Қара түсті көйлек киген қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қателіктер адамның ішкі дүниесіне маза бермеуі мүмкін. Жасаған дұрыс емес қылығыңыз үшін өкініп жүру күш-қуатты азайтады, өмір сүруді қиындатады. Бұл жазбамыздағы мамандар кеңесі өзіңізді кінәлі сезініп жүруден арылуға және иығыңыздан ауыр жүкті түсіруге көмектеседі деген сенімдеміз.

Өзіңізді қателіктеріңіз үшін қалай кешіруге болады? Қателігіңізді кешіру үшін сіз бұл жағдайды қабылдап, не үшін бұлай істегеніңізді анықтап, кешірім сұрауыңыз керек, барлығын түзетіңіз, мұны сабақ ретінде ризашылықпен қабылдап, өзіңізді кінәлауды тоқтатыңыз.

Қателікті қабылдаңыз

Өзіңізді кешіруді істеген ісіңізді мойындаудан бастау керек. Қателік фактісін қабылдаңыз. Өзіңізге: "Иә, мен қателестім. Мен адаммын, болмашы себеппен қателік жасадым", - деп айтыңыз. Осылайша бар ауыртпалықты жеңілдетесіз және жасаған әрекетіңіз бен оның салдарының жауапкершілігін мойныңызға аласыз.

Қателесуге рұқсат беріңіз. Болған өзгерту мүмкін емес. Сондықтан жағдайды қайта-қайта ойлап, кінәлі екеніңізді еске түсіре бермей, өз-өзіңізді жазалай бермеңіз. Бұлай жалғама берсе, депрессияға ұшырап, бар күшіңізді болмашы дүниеге жұмсайсыз.Сіздің қазіргі жағдайға деген көзқарасыңыз бен одан әрі қарай не істейтініңіз маңыздырақ.

Медицина ғылымдарының докторы, автор және лектор Ричард Мосс "Счастье присутствия. Как жить осознанно" кітабында ой өткен істе болса, тән кінәні, сағыныш пен өкінішті сезінеді, - деп жазады. Адам баласы үшін өмірдің мәні дәл қазіргі сәт болуы керек. Мұны қабылдау маңызды.

Неліктен қателік жасағаныңызды анықтаңыз

Қателікті мойындай отырып, сіз бұл әрекеттердің не себепті болғанын түсінуіңіз керек. Сіздің жоспарларыңызда басқаларды ренжіту немесе қиындық туғызу болмағаны анық. Әлбетте, сол сәтте сіз дұрыс істеп жатқаныңызға сенімді болдыңыз.

Мәселеге сол кездегі көзқараспен қарап көріңіз, содан кейін баға беріңіз, эмоция мен қажеттілікті, оның сіз үшін қаншалықты маңызды болғанын еске түсіріңіз.

Бұл өзіңізді ақтау әдісі емес. Бұл адамның өзін кінәлі сезініп, сол сезімнен шыға алмай қалуын болдырмау және реттеу үшін қажет дейді психоәлеуметтік оңалту бойынша маман Кендра Черри. Іс-әрекетіңізді егжей-тегжейлі талдай отырып, ешкімге зиян тигізбейтін ойыңызды жүзеге асыруға ден қоя аласыз.

Кешірім сұраңыз

Егер адам өзін кінәлі сезінсе әрі істеген ісіне өкінсе, мұны зиян көрген тарапқа жеткізу маңызды. Басқалардан кешірім сұрау - өзіңізді кешірудің маңызды бөлігі.

Ренжіткен адамға өкінетініңізді айтыңыз. "Бұлай болғаны үшін кешір!" - деп айту да дұрыс емес. Себебі бұған сіздің қатысыңыз аз болған сияқты көрінеді. Не болмаса: "Саған ауыр тигені өкінішті!" - десеңіз де сіздің кінәңіз жоқ секілді көрінеді. Кешірім сұраған кезде, болған оқиғаға жауапкершіліктің бәрін түсінетіндігіңізді және нақты не үшін кінәлі екеніңізді айта отырып: "Мен өз әрекетім үшін өкінемін!" - деңіз.

Философия докторы Элизабет Скотт шын жүректен кешірім сұрау айтарлықтай жеңілдік береді, - дейді. Кешірім сұрамау ашу-ыза, реніш пен дұшпандыққа итермелейді. Мәселе шешілмесе, адамды іштен жейді.

Құшақтасқан қыз бен жігіт
Жағалауда құшақтасып тұрған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кінәні жуып-шаю

Кінәні жуып-шаю басқа адамға тигізген зиянның орнын толтыру ғана емес, бұл кінәлі адам үшін де қажет, әйтпесе өзін кінәлі сезіну жанға тас секілді ауырлық түсіреді, психикалық саулығына кері әсер етеді.

Кешірім сұраған кезде жағдайды қалай түзетуге болатынын, оған қалай көмектесе алатыныңызды сұраңыз. Егер кінәңізді ақтау түрлі себеппен мүмкін болмаса, басқа мұқтаж адамға көмектесіңіз, - дейді фиософия докторы, отбасылық терапевт Андреа Брандт.

Бұл ешкімге пайда әкелмейтін өзін-өзі жазалау емес. Күнәні жуып-шаю адамның жақсы атын, өзін-өзі бағалауын және абыройын қалпына келтіреді. Сол кезде дұрыс емес әрекет жасағаныңыз сізді жаман адам етпейді. Егер сіз түзетпесеңіз, олар сіз туралы дәл осылай ойлайды. Мұны білу ауыр тиеді, ал ойлар тыныштық бермейді.

Сабақ болған жағдайды ризашылықпен қабылдаңыз

Қателеріңізді өмірдің тұрақты бөлігі ретінде қабылдаңыз. "Ештеңе жасамаған адам қателеспейді" деген сөзді есте сақтаңыз.

Әйгілі америкалық The Atlantic журналының авторы Артур Брукс: "Егер біз терең мағынаға, шынайы сүйіспеншілікке және эмоционалдық күшке толы өмірді қаласақ, онда бұл жайсыздық, кикілжің және жоғалту қаупімен байланысты болады, - деп жазады. Егер біз негатив эмоциялар мен уайымды өмірімізден алып тастасақ, соның кесірінен кедейленіп, әлсіз боламыз.

Артур Брукс өмірінің соңына дейін жаттыққан, 96 жасында қайтыс болған фитнес-гуру Джек Лалланды еске алады. "Мен жаттығуды жек көремін", - деді Джек Лаллан. Шындығында жаттығу сізге ауыр және қиын болған кезде ғана пайда әкеледі.

Қорқыныш, ауырсыну, ашу секілді жайсыз сезімдердің салдарынан адам өмір сүруге ұмтылады. Қателік - өмір сүруге көмектесетін сабақ, ол адамды күшті ете түседі. Егер сіз қателіктің не екенін түсінсеңіз, бұл сіздің мәселеден жоғары екеніңізді және әрі қарай мұндай қателікті қайталамайтыныңызды білдіреді. Өмірдің сабақтарын ризашылықпен қабылдаңыз.

Өзіңізді кінәлай бермей, кешіруге тырысыңыз

Егер қолыңыздан келгеннің бәрін жасасаңыз, өзіңізді таза ар-ожданыңызбен кешіріңіз. Одан әрі өзіңізді кінәлай бермей, мейірімді, қамқор жан ретінде түсіністікпен, жанашырлықпен қараған абзал.

Зерттеушілер өз-өзіне рақымдылық танытатын адам қателіктері мен кемшіліктерін мойындаған сайын басқаларға жанашырлық танытып, олардың кемшіліктеріне шыдамдылық танытатынын атап көрсетеді.

Андреа Брандт кінә мен ұят сезімін арқалап жүрген адамның өзін жақсы сезіну мүмкін емес, -деп жазады. Адамның өзін-өзі кінәлап жүру жақсылық әкелмейді.

Кінәлі сезіну сезімінен қалай арылуға болады? Өзіңізді кешіру бұл эмоциялардың ауыр жүгін жеңілдетуге және адамның өзін бағалауына көмектеседі, - дейді Андреа Брандт. Өзіңізге былай айтыңыз: "Мен өзімді жасаған қателіктерім үшін кешіремін және қолымнан келгенше жақсы өмір сүру үшін алға жылжуға мүмкіндік беремін".

Қателіктеріңізді кешіре отырып, оларды түзету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз. Сонда ғана өзіңізді кінәлі сезінуден құтыласыз. Ал мамандар айтқан кеңестер осындай кезеңнен өтуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2059490-qabyldau-zane-kesiru-ozin-zibergen-qate-usin-ozindi-kinali-sezinbeu-usin-ne-isteu-kerek/