8 наурыз: әжелерге арналған ақ тілектер топтамасы
Жарияланған күні:
Бірер күннен соң көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Осыған орай, ақ жаулықты әжелерімізге арналған ақ тілектер топтамасын назарға ұсынамыз.
Халқымызда ақ жаулықты әжелерімізге ерекше құрмет көрсетіледі. Әсіресе, оларды мереке алдында қуантып, жылы лебізімізді білдірсек, апа-әжелеріміздің көңілін көтеріп, балалық махаббатымызды білдіретініміз анық. Назарларыңызға 8 наурыз күні әжелерімізге айтуға болатын ақ тілектер топтамасын ұсынамыз.
***
Әже, сізді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Көктем өзіңізге керемет жақсы көңіл-күй, қуаныш пен бақыт әкелсін деп тілеймін. Сіз ешқашан ауырмай, көңілді, әдемі болып жүріңіз! Қуаныш, бақыт және шаттық серігіңіз болсын! Үйіңізден жылулық кетпесін!
***
Менің қымбатты және сүйікті әжем, әрқашан көңілді жүріңіз! Езуіңізден күлкі кетпесін! Көктем сізге көп жылулық, мейірімділік пен махаббат сыйласын! Сізге Алла күш-қуатты нәсіп етсін!
***
Құрметті әже! Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен және сүйіспеншілікпен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, шексіз бақыт, мейірімділік пен нәзіктік тілеймін. Сіз әрқашан бізге қамқор болып, айналаңызды тек махаббатқа бөлеп жүре беріңіз!
***
8 наурыз мерекесі құтты болсын, Әже! Мен сізге біздің мейірімді әже болып қала бергеніңізді қалаймын. Сізге денсаулық, жүректің жарқын қуанышын тілеймін.
***
Әжем, мерекеңіз құтты болсын! Сіз әлемдегі ең мейірімді, көңілі дархан даладай кең, қамқор жансыз. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Көңіл-күйіңіз әрқашан жақсы болсын, ал балаларыңыз бен немерелеріңіз сізді тек қуанта берсін!
***
Сонымен бірге сүйікті әжелеріңізді жыр шумақтарымен де құттықтауға болады.
***
Құрметті апа, әже!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.
Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............
***
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын әже, сізге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
***
***
Әжетайым асылым бір өзіңіз, Сіздің айтар сөзіңіз азық жанға. Мерекесі көктемнің құтты болсын, Шуақ шашып келетін әрбір жанға.
Жүзіңізіңден әжетай күлкі кетпей, Бар жақсылық жүрсінші сізге беттей. Мерекеңіз шаттығын сыйлап сізге, Сәтсіздіктер қалсыншы сізге жетпей.
Әр көктемнің күнімен бір жасап сіз, Жүз жасты да тойлайық, ғасыр әжем. Әр көктемде барайық гүлді баққа, Алла жар боп, жарайма, асыл әжем.
Жібек Ысқақова
***
Асыл әжем мерекең құтты болсын, Сегізінші наурызың келіп жеткен. Қуанышын, шаттығын сыйлай берсін, Жасыл желек жайқалған гүлді көктем.
Жаныңызға мереке нұр сыйласын, Гүл көктемдей құлпырып, жайнап жаның. Әрбір күнің жақсысын сыйлай берсін, Сәттілікте, шуақты атып таңың.
Немерелер қызығына тоймай әже, Шөберенің қолынан май жалаңыз. Мерекеңіз ұласып мерекеге, Көктемдейін құлпырсын айналаңыз.
Жібек Ысқақова
***
Әр көктемде мейрімге бөлейтін бұл, Құтты болсын әжетай мерекеңіз. Отбасының гүлісіз тамыр жайған, Өзіңізбен артады берекеміз.
Ақ мақтадай пейіліңіз ортаймасын, Ақ жүректі мейрімді әжетайым. Саулығыңыз мықты боп, шаршамаңыз, Жаны жайсаң кең пейілді әжемайым.
Құтты болып мереке, күлімдеңіз, Шаттаныңыз әжетай жоқ боп уайым. Ортамызда жүріңіз бал-бұл жанып, Амандықта әжетай жайнап дәйім...
Жібек Ысқақова
Әжеңізді ерекше әсерлі етіп құттықтағыңыз келсе, төмендегі тілекке назар аударыңыз:
***
Ақ самайлы әжем, 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарың орындалып, денсаулығың мұқалмасын!
Балалар жетіп мұратқа, немерелер... Қызығын тауыса алмай кенеле бер. Әже, саған тілеймін ұзақ ғұмыр, Жүзден асып, жүзге де келе берер.
Әр таңың арайлап атып, күнің нұрға толсын! Көктем мерекесі көңіліңе қуаныш сыйлап, жүзіңе нұр шашсын! Шаңырақтың берекесі таусылмай, ортамызда ақылшымыз болып отыра бер!
***
Мереке қарсаңында әжеңіздің жанын жадыратар тілекпен бірге, көңілінен шығатын сыйлық алуды да ұмытпаңыз. Жүрекжарды тілегіңізді арнайы барып, көңілін аулап, құттықтап, бастысы жанын жадыратып қайтуды ұмытпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064076-8-nauryz-azelerge-arnalgan-aq-tilekter-toptamasy/