Қай жұлдыз белгілері 2024 жылғы наурызда табысқа кенеледі
Жарияланған күні:
Наурызда байып кетуге мүмкіндік туады, бірақ 25-інен бастап тұтылу дәлізі бәріне бірдей сынақ болуы мүмкні. Әрбір жұлдыз белгісін қаржы саласында не күтіп тұр? Астролог Лих Симмонс бір айға қаржы жұлдызнамасын әзірледі.
Тоқты
Knowinsiders басылымының пікірінше, наурызда Тоқтылардың қаражаты жеткіліксіз болады. Қарыздарды өтеу үшін несие алуға тура келеді. Сатурнның арқасында лауазым мен жалақы көтерілуі мүмкін.
Күн мен Юпитердің үйлесімді секстилі, Венера мен Хиронның тандемі, сондай-ақ уранмен Меркурий Тоқтыларға ұжымда көшбасшы болуға, нарық саласында жетекші болуға көмектеседі. Көпшілік алдында сөйлеген сөздері мен таныстырылымдары сәтті өтеді. Шолпан 15 наурыздан бастап гардеробты жаңартуға итермелейді, бұл қосымша қаражатты қажет етеді.
Торпақ
Spirituality эзотерикалық басылымының пікірінше, торпаққа Наурыз қаржылық перспективалар айы болады. 20-сына дейін ақша саласы тұрақты гүлденген күйінде қалады. Бұл шыдамдылық пен қажырлы еңбектің жемісін беретінінің дәлелі. Осы күннен кейін барлық назар мансаптық өсу мүмкіндігін пайдалану, қосымша қаражат табу үшін материалдық әл-ауқатқа аударылады.
Тұрмыстық мәселелерді шешіңіз. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қозғалуға, жиһаз немесе техника сатып алуға тура келеді. Бюджеттен асып кетпеу үшін ақылыңызға бүйрек бұрғаныңыз абзал.
Егіз
Наурызда салқынқанды болыңыз. Parade журналының пікірінше, қаржы саласында егіздер күрмеулі жағдайда болады. Интуицияға құлақ түріп, ішкі дауыстың кеңестерін қолдану және өркендеу үшін шығармашылықпен айналысыңыз. Егер сіз жұмыс қанағаттандырмайтынын және байлықты қамтамасыз етпейтінін түсінсеңіз, оны ауыстырыңыз.
Жаңа жоспарлар мен мақсаттар құрыңыз. Қаржы уақытында келеді және шығындар орташа деңгейден төмен болады. Жиі іссапарлар, іскерлік іс-шаралар және келіссөздер болуы мүмкін. Пайда әкелер таныстықты кеңейтіп, ол үшін алғыс айта жүріңіз.
Шаян
AstroSage астрологиялық басылымының мәліметі бойынша, шаянға жыл бойы қаржылық жағынан қолайсыз болады. Тапсырмалар ағыны мен жалақы жоғары болады, бірақ шығындар да көп болады. Су белгісі қаржыны ұқыпты басқарып, үнемдеп, көп жұмыс істесе, тепе-теңдікті сақтай алады.
25 наурыздан бастап Айдың тұтылу кезеңінде айтар сөзіңізге абай болыңыз. Жұмыстағы жағдай ушығып кетуі ғажап емес, бірақ бәрі өтпелі екенін ұмытпаңыз. Наурыздың басында Тоқты белгісіндегі күннің ингрессиясы тәуекелге итермелейді, бірақ бәрі ойдағыдай өтеді.
Арыстан
Оның қаржылық жағдайы тұрақты болады, ал мансап өсу мен дамуды күтеді. Бұл күн мен Юпитердің үйлесімді секстилінің арқасында болады екен. Арыстан басты назарда болады және IT, коммуникация, ғылыми қызметкер немесе оқытушы саласында жұмыс істейтіндер үшін үлкен жетістік күтіледі.
Адал еңбек жақсы табыспен өтеледі. Арыстандар көңіл көтеруге көп ақша жұмсайды. Денсаулық пен сұлулыққа қаражат бөле отырып, олар өзін-өзі бағалау мен әлеуметтік мәртебені нығайтады.
Бикеш
Indastro астрологиялық басылымының пікірінше, инвестиция бикештерге пайда әкеледі және қарыздарын өтеуге көмектеседі. Юпитер бірнеше кіріс көзін ұсынады. Көктем - несиелерді өтеуге тамаша кезең.
Басқа адамдарға қамқорлық жасау көптен күткен жеміс береді, бірақ оның өзі ауыр жүк болады. Алғыс, сыйлықтар, әлеуметтік мәртебенің өсуін күтіңіз. Қаржылық жағдай эмоционалды фон секілді тұрақты болады. Достар мен серіктестің қаржылық қолдауы болуы мүмкін.
Таразы
Таразыдағы Айдың жартылай көлеңкелі тұтылуы 25 наурыздағы тұтылу дәлізін ашады, жұмыс пен қаржыға әсер етеді. Әріптестермен, басшылықпен қарым-қатынас жақсарады, бірақ егер компания негативке толы орта болса, кетуге тура келеді. Құқықтық мәселелер таразылардың пайдасына шешіледі.
Наурыздың басында бұл белгіде қаржылық жағдай тұрақты және тіпті өсім болады. Gotohoroscope астрологиялық басылымының мәліметі бойынша, ынта-шынтаңызбен қалаған мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Ұзақ ойланбаңыз, жалқау болмаңыз және жоспар бойынша нақты жүріңіз.
Сарышаян
Астролог Лиз Симмонстың айтуы бойынша, Сарышаяндар наурыздың көп бөлігін жаңа дағдыларды үйренуге немесе біліктілікті арттыруға арнайды. Коммерциямен, IT-технологиялармен, электроникамен және техникалық саламен айналысатындардың болашағы жарқын болмақ.
Сарышаяндар көбінесе жетістіктермен айналысатындықтан, шығыны аз болады. Мұны істеу мүмкіндігі болған кезде демалыстар мен үлкен сомадағы сауданы кейінге қалдырыңыз.
Мерген
GaneshaSpeaks эзотерикалық басылымының мәліметі бойынша, жыл басы мергендерге өсу мен пайда үшін қолайлы мансаптық мүмкіндіктер береді. Кейбір бұрынғы инвестициялар жемісін бере бастайды.
Марс Мергендерді өршіл ете түсіп, негізсіз тәуекелдерге итермелейді. Абайлап жүріңіз. Белгінің өкілдері кәсіпте танымалдықтың артуын күтеді. Ақша түсімдері тұрақты болады, бірақ тұтылу дәлізіне көп ақша жұмсамаңыз.
Тауешкі
Наурызда ұзақ сапарлар, саяхаттар мен іссапарларға шығудан бас тарту ұсынылады. Айналаңызбен көбірек араласыңыз, өйткені бұл пайдалы байланыстар орнатуға және тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Бос әңгімелерге уақыт сарп етпеңіз, маңызды сәттерді басқалардың сізді тығырыққа тірейтіндей уәжі болмауы үшін жеке хат алмасу арқылы талқылаңыз.
Наурыздың үшінші онкүндігінде ескі электронды гаджеттерді ауыстырыңыз. Саудаңыз сәтті болады және байланыс сапасын жақсартады. Бизнесті бастаудың ең жақсы уақыты - көктемгі күн мен түннің теңелуі (20 наурыз).
Суқұйғыш
Наурызда ең үлкен жетістікке қызмет көрсету, сауда және медицина саласында жұмыс істейтіндер кенеледі. Оқуды бастайтын, курстарға жазылатын немесе өздері сабақ беріп, білімін бөлісетін Суқұйғыштар да жетістікке жетеді. Айдың тұтылу күнінде (25 наурыз) жаңа ештеңе бастамаңыз.
Шамадан тыс жұмыс істемеу үшін жүктемені қайта қарастырыңыз. Бейресми жұмыс байланыстары ресми келісімдерге қарағанда көбірек пайда әкеледі. Бизнесті кеңейту және жарнама науқандары сәтті өтеді.
Балық
Наурыздың үшінші онкүндігінде Шолпан мен Марстың балық белгісі ретінде транзиті әріптестерімен және басшылығымен байланысты жақсартады. Наурыздың алғашқы екі онкүндігінде оларды перспективалы жаңа жобалар мен кірістердің өсуі күтеді. Ойда жоқта жасалатын сауда бюджеттің тұрақтылығына нұқсан келтірмеуі үшін эмоцияларды бақылауда ұстаңыз.
Қарыздарды жинайтын уақытыңыз, таныстарыңызға қарызды қайтаруды еске түсіріңіз. 25 наурызда тұтылуға дейін негізгі шаруаларды аяқтаңыз. Шетелдік серіктестермен ортақ іс сәттілік әкеледі.
Наурыз тәуекелге барудан қорықпайтын және көп жұмыс істеуге дайын адамдарға кең қаржылық перспективалар ашады. Кәсіпте оқып, дамыңыз. Тұрақтылықты нығайту үшін карьералық өсуді пайдаланыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064295-qai-zuldyz-belgileri-2024-zylgy-nauryzda-tabysqa-keneledi/