Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 6 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Сізді махаббат пен бірге тұрақтылық қуантады. Сүйіктіңізбен бірге қандай да бір зат сатып аласыздар, ал кейбір ғашық жандар үйдегі жайлылық үшін жанын салып, жөндеу жұмыстарын бірлесіп жасағысы келеді.

Торпақ

Өзіңізге ұнайтын адаммен сезіміңіз туралы ашық сөйлесіңіз. Бәлкім, сіз де оған ұнап жүрген шығарсыз, алайда бірінші болып қадам жасауға қорыққан болар.

Егіздер

Махаббатта көп тер төгуге тура келеді. Отбасылы жандарға жары мен балалары қолдау білдіріп, биік белестерді бағындыруына үлестерін қосады. Ал бойдақтар үшін сезім мәселесінде әртүрлі кедергілер болуы мүмкін.

Шаян

Бұл күн албырт сезім мен құмарлыққа толы болады. Көптеген адам ессіз махаббатты басынан өткеріп, алдамшы сезімдерге де бой алдыруы мүмкін, сондықтан ұстамды болуға тырысыңыз.

Арыстан

Өмірлік серігіңіз бар болса, бүгін болашақты армандайтын және ортақ жоспарларды белгілейтін уақыт. Бос уақытыңызды қалай өткізуге болатынын, демалыста қайда баруға болатынын ойлаңыз.

Бикеш

Қарапайым таныстық терең махаббат сезіміне ұласуы ғажап емес. Сондықтан оған жомарттық танытып, жағымды тосынсый жасаңыз.

Таразы

Жақын достық ортадағы біреумен қарым-қатынас бастауыңыз мүмкін, ондай байыпты қарым-қатынастың болашағы зор.

Сарышаян

Бүгін жеке өміріңіз туралы алаңдаушылық пен жағымсыз ойлардан арылуға тырысыңыз. Көңіл күйіңіз айтарлықтай жақсарғанша, оңаша қалып, өзіңізге демалыс сыйлаңыз.

Мерген

Бүгін махаббаттың уақыты емес. Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындауы мүмкін. Бір шешімін табуға тырысыңыз.

Тауешкі

Жақын адамыңыздың көңіліне қаяу түсіруіңіз әбден мүмкін. Сондықтан жақсы қасиетіңізді көрсетіп, серуендеуге немесе кешкі асқа шақырыңыз.

Суқұйғыш

Романтикалық кездесулердің маңыздылығын ұмытпаңыз. Қарым-қатынасты сақтау үшін тараптар бірдей күш салуы керек

Балықтар

Сезіміңізді іште бұғып қалмаңыз, жаңа адамдармен танысып, еліктіре біліңіз. Жұмыс барысында махаббатыңызды кезіктіріп қалуыңыз да мүмкін.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Ата-аналар баласын бақылауы керек: мүмкіндігінше олардың әлеуметтік желіде болуын шектеп, спортпен, ән айтумен және сурет салумен айналысуына мән бергеніңіз жөн.

Торпақ

Бүкіл отбасымен демалысқа баратын уақыт келді. Демалыс күндері кинотеатрға баруды жоспарлаңыз, жақындарыңызбен экскурсияға барыңыз.

Егіздер

Анаңызға үй шаруасына көмектесіп, кино көріңіз немесе бауырларыңызбен жолығып, жақсы уақыт өткізіңіз.

Шаян

Отбасыңызбен алдағы айдың жоспарын талқылаңыз. Жұмыс пен демалысқа уақыт бөліңіз. Бірге өткізген уақыт ата-аналар мен балалар қарым-қатынасын жақсартады.

Арыстан

Отбасыңызға көңіл бөліп, барлығын тыңдаңыз, қажет болса, жақсы кеңес беріңіз. Кешті бірге өткізіп, отбасылық құндылықтар туралы фильм көрсеңіздер болады.

Бикеш

Отбасы мүшелеріне артық қысым жасамай, күнделікті мәселелерді шешуге көмектесу қажет. Оларға өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.

Таразы

Бұл күн отбасылық қарым-қатынас үшін қолайлы болмақ. Жақын адамдарыңыздың сізге айта алмай жүрген мәселелері болса, дастархан басында сөзге тартып көріңіз. Бәлкім, сіз оларға көмектесе аласыз.

Сарышаян

Отбасыңызда эмоциялық жылулық жетіспеуі мүмкін. Сондықтан жақын адамдарыңызға мейірімділік танытып, жылулық беруге тырысыңыз, олардың көңіл күйін көтеріп, бірге уақыт өткізіңіз.

Мерген

Отбасыңызда біреу ашуланып, сізбен ұрысып қалса, татуласуға қадамды бірінші болып жасаңыз. Сіз дайын болсаңыз олар да татуласудан бас тартпайды.

Тауешкі

Егер әулетіңізде қиын өмірлік жағдайға тап болған туысыңыз болса, оған қол ұшын созып, үміт сыйлаңыз. Бәлкім, бір адамның өмірін жақсартуға септігіңіз тиер.

Суқұйғыш

Отбасы мүшелерін, әсіресе жасы үлкен, қарт адамдарды тыңдаңыз: бұл адамдар отбасыңыздың берекесін арттыруға көмектеседі.

Балықтар

Жақын адамдарыңызға дағдарысты жеңуге және қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесе аласыз. Ол үшін түсіністік танытып, бар күш-жігеріңізді салыңыз.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Достарыңыз бүгін ерекше мейірімді болады. Сіз де оларды қуантуға тырысыңыз.

Торпақ

Достармен қызу пікірталас болуы мүмкін. Сіз қарым-қатынасыңызда немесе достық қарым-қатынасыңызда өте қиын кезеңді бастан өткеріп жатырсыз.

Егіздер

Қазір кез келген әлеуметтік желіде, желілік қоғамдастықта немесе жай ғана Интернетте әріптес ретінде пайдалы болатын жаңа достар табудың уақыты келді. Бүгін мұндай қарым-қатынастың оң және пайдалы нәтижелері көп болмақ.

Шаян

Достарыңызға өз идеяңызды айтып, олардың басын қосыңыз. Бәлкім, біреу сізді қуана қолдап, идеяңызға қосымша күш береді.

Арыстан

Егер достық қарым-қатынасыңызда қандай да бір қиындықтар туындаса, оны ұрыс-керіс, сөгіспен емес, әңгімелесе отырып шешуге тырысыңыз.

Бикеш

Достарыңызға басқа көзбен қарауға тырысыңыз: мүмкін сіз оларды басқа жағынан көресіз, бұл қарым-қатынаста көмектеседі.

Таразы

Күннің соңында сізде жаңа адамдармен достасудың жақсы болашағы болады. Өзіңізді олармен бәсекелесуге емес, бейтаныс адамдармен байланысып, оларға көмектесуге бағыттаңыз.

Сарышаян

Бір сағатыңызды досыңызбен серуендеуге арнаңыз: бұл тиімді болады. Досыңыздан сыр бүгіп, ішіңіздегі уайымды жасырмауға тырысыңыз. Себебі ол сізге шын жүректен көмектескісі келеді.

Мерген

Маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін көптеген жаңа достар табасыз. Қарым-қатынасқа ашық болыңыз - бұл достығыңыздың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Тауешкі

Достарды таңдағанда абай болыңыз: ортаңызда жағымпазданғысы келетін адамдар тым көп және олар басыңызға қиындық туса, тастап кетуден тайынбайды.

Суқұйғыш

Достармен қарым-қатынаста ыңғайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Жұмыстан тыс уақытта олармен байланыста болуға тырысыңыз. Егер сізге жеке мәселелерді немесе алаңдаушылықтарды талқылау қажет болса, оны қазір жасаңыз.

Балықтар

Жақын достарыңызбен уақыт өткізіңіз. Өмір, мансап, отбасы туралы әңгімелесіңіздер. Мұндай басқосу бәріңізге де ұнайтыны сөзсіз.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін жұмыс іздеуге қолайлы күн емес. Сондықтан тынығып, бүгінше басқа шаруалармен айналысқаныңыз жөн болады.

Торпақ

Бұл күн кәсіби қарым-қатынаста жағымды жаңалықтар әкеледі. Нәтижеге жету және беделіңізді көтеру үшін өз көзқарасыңызды қорғаудан қорықпаңыз. Егер жаңа білім алуды шешсеңіз, кез келген жұмыста табысқа жетуге болады.

Егіздер

Жұмыста өзіңізді тәрбиелеңіз: Бүгін сіз өзін-өзі тәрбиелеу арқылы баға жетпес дағдыларға ие боласыз.

Шаян

Жұмыс орнында шынайы әлеуетіңізді аша аласыз және басқалардан ерекшеленуге қорықпаңыз, әсіресе басқаларға ұқсауға тырыспаңыз. Егер өзіңізді дұрыс ұстасаңыз, нағыз кәсіби мансап құра аласыз.

Арыстан

Жұмыста көп міндет тұр, дегенмен кешке қарай сіз олардың көпшілігін шешесіз. Сондықтан көп уайымға салына беромеңіз.

Бикеш

Жұмыстағы беделіңіз айтарлықтай жақсарады. Бұл күні сіз сенімді қызметкерлерге және ұзақ жылдар бойы әріптестерге айналатын жақсы адамдармен танысасыз. Осы сәтті пайдаланып, беделіңізді арттырыңыз.

Таразы

Үлкен бастама бизнесіңізге пайда әкеледі. Бизнестегі әріптестеріңіздің талантты және құлшынып жұмыс жасауға дайын екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай адамдармен күш біріктіріп, талай белесті бағындыруға болады.

Сарышаян

Бүгін жұмыс жолында абай болыңыз, себебі мансабыңызда көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Табысқа жету мақсатымен жұмыс жасап, оған жеткізер нақты іс-әрекет жоспарын белгілеңіз.

Мерген

Жаңа білімді меңгеру процесінде белсендірек болыңыз. Үйреніңіз және өз біліміңізді басқалармен бөлісіңіз. Қиын тапсырмаларды орындаудан қорықпаңыз.

Тауешкі

Әріптестеріңізбен байланыста болыңыз - бұл сіздің жұмысыңызға ерекше серпін береді. Сондай-ақ қызығушылықтары бірдей басқа қызметкерлермен тәжірибе алмасуға да қолайлы уақыт.

Суқұйғыш

Сіз үшін тәуелсіз шешім қабылдау маңызды, әсіресе әріптестеріңізді қандай іс-шараларға жіберетініңізді өзіңіз шешіңіз: бұл компания үшін шынымен пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан қолыңыздан келгенше аянып қалмаңыз.

Балықтар

Жұмыста және одан тыс жерлерде жаңа нәрселерден, мүмкіндіктерден және мансаптық тәуекелдерден қорықпаңыз - олар үлкен қиындықтар мен шығындар әкелмейді. Керісінше, сізді шыңдай түседі.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Өзіңізге спорт аяқ киімін сатып алыңыз. Денсаулықты жақсарту үшін таңғы уақытта жүгіруді бастаған дұрыс.

Торпақ

Демалуды ұмытпаңыз - бұл өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Телефоныңызға үңіле бермей, табиғат аясында серуендеп қайтыңыз.

Егіздер

Денсаулыққа байланысты проблемалардан құтылу үшін дәрумен қабылдау керек. Сондай-ақ өсімдік талшықтары көп тағамдарға назар аударыңыз.

Шаян

Спорт, дұрыс тамақтану және таза ауада серуендеу жастықты ұзартады, соны ұмытпаңыз. Қарапайым салауатты әдеттер ұзақ уақыт бойы иммундық жүйенің денсаулығын жақсартуға, өмірлік белсенділікті арттыруға және әл-ауқатты жақсартуға мүмкіндік береді.

Арыстан

Бүгін сіз күш-қуатқа толы боласыз: күні бойы сізді ештеңе шаршатпайды. Бірақ түстен кейін жақсылап ұйықтап алыңыз, әйтпесе кешкісін өзіңізді шаршаңқы сезінуіңіз мүмкін.

Бикеш

Денсаулығыңызды жақсартуға тырысыңыз, йога немесе медитациямен айналысыңыз, арнайы әдебиеттер оқыңыз.

Таразы

Кешке арқаңызға назар аударыңыз: омыртқа мен бұлшықетке арналған жаттығуды жасап көріңіз. Егер ауырлық пен ыңғайсыздықты сезінсеңіз, емделген дұрыс.

Сарышаян

Денсаулықты жақсартуға немесе аурудан арылуға қолайлы күн. Жүрегіңіздің немесе ас қорыту функцияларының саулығына алаңдасаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Мерген

Бүгін денсаулығыңызға зиян келтіретін әдеттерден арылуды бастауға қолайлы күн.

Тауешкі

Күш пен иммунитет бүгін сіздің одақтасыңыз болады. Егер бір жеріңіз ауырып тұрғандай болса, денсаулығыңызды нығайтуға көмектесетін таңқурай шайын ішіп көріңіз.

Суқұйғыш

Алдағы апта физикалық денсаулықты жақсартуға және дененің қорғаныс жүйелерін нығайтуға мүмкіндік береді. Тұрақты жаттығулар мен физикалық белсенділікті арттырыңыз. Егер сізде созылмалы аурулар болса, қазір оларды емдеудің ең жақсы уақыты.

Балықтар

Егер бүгін жаттығу жасамаған болсаңыз, бұл күн жаттығу үшін жақсы уақыт. Демалыс күндері жүзу немесе жүгіруден рахат алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064517-bugingi-zuldyz-zoramal-6-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/