Пайдасы мол ойындар: сәбилер миын дамыту үшін және уақытын қызықты өткізу үшін не істеу керек
Жарияланған күні:
Ойын баланың миын дамытуға пайдалы. UNICEF сайтындағы мәлімет бойынша, тығылыспақ және алақай-алақай сияқты қарапайым ойындар дамып келе жатқан сәбилердің миында миллиондаған байланыс орнатады. Сол себептен кішкентайлар қайта-қайта ойнаудан шаршамайды екен. Ойын баланың миын қалай дамытатынын Гардвард университетінің нейрофизиологы Джек Шонков түсіндірген. Маманның кеңесін ұсына отырайық.
Сіз баламен өзара әрекеттесудің ең маңыздысы – бұл онымен бірге ойнау екенін білесіз бе?
"Балаңыздың миын дамыту өте күрделі болып көрінуі мүмкін, енді бойыңызды еркін ұстаңызда, терең дем алыңыз. Бала тәрбиесі – бұл ғылымнан гөрі өнер болар. Менің атым Джек Шонков және бұл менің ойын арқылы балаларыңыздың миын дамыту жайлы шағын шеберлік сабағым", - дейді Шонков.
Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы жылдары неліктен өте маңызды?
Маманның айтуынша, бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, өйткені кішкентай бүлдіршіндердің алатын тәжірибесі және олардың жақын адамдарымен қарым-қатынасы олардың миын түгелімен дерлік қалыптастырады.
Сондай-ақ осы ерте шақтағы қалыптасу баланың оқуы мен мінез-құлқына, физикалық және психикалық денсаулығына өмір бойы әсер етеді. Бала өмірінің алғашқы жылдарының маңызды өте зор.
Бала миын дамыту үшін ата-ананың жасай алатын ең маңызды шарасы қандай?
Баланың және әсіресе кішкентай сәбидің миын дамытуға ықпал ету үшін кез-келген ата-ананың қолынан келетін ең маңызды ісі – бұл бөбегін танып-білу, оның беретін белгілерін түсіну, біздің "беру мен қайтару" деп атаған қарым-қатынасты құруды үйрену.
"Беру мен қайтару" деген не және ол неге ұқсайды?
Беру мен қайтару – ойын форматындағы дамытатын әдіс.
Беру мен қайтару деген осы; уақыт өте келе және тәжірибе көбейген сайын нәтижеңіз де жақсара түседі.
"Беру мен қайтару" ойыны екіжақты болып табылатын өзара әрекеттесудің маңызын айқын көрсетеді. Бала "береді" – жымияды, былдырлайды, ымдайды, ал ересек адам оған "қайтарады" – баланың жасаған іс-қимылын қайталап көрсетеді. Бала дыбыс шығарады және сіз де оған жауап ретінде сол дыбысты қайталайсыз. Бала бір затты қолымен көрсетеді, сіз де сол затқа қарап қолыңызбен көрсетесіз. Ойынның мәні осы. Бұл екі бағытта жүреді. Баланың өзі бастауы мүмкін. Ата-анасы да бастай алады. Негізгісі – сіздің қалай жауап беруіңізде.
"Беру мен қайтару" бірінші талпыныстан істеп кетуі міндетті емес. Бірақ іс жүзінде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым оңай бола түседі.
"Беру мен қайтару" бала мен ата-ана арасындағы ойынмен қалай байланысты?
"Өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын – жаңа нәрсені тану. Ойын – егер сен тағы бір іс-әрекетті жасасаң, не болатынын анықтау. Ойын – бұл әлемнің асылын құшуға талпыныс. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның арқасында жүзеге асырылады", - дейді Шонков.
Көп ойнау, кішкентай бала мен ата-ана арасындағы көп өзара әрекеттесу "беру мен қайтару" санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды.
Ата-аналарға "беру мен қайтаруды" қалай ойын түрінде жүргізуге кеңес берер едіңіз?
"Мен "Беру мен қайтару" идеясын жеңіл, жылы шыраймен және еркін жасайтын нәрсеге айналдырар едім. Сіз баламен оны тамақтандырғанда, киімін ауыстырғанда, оны шомылдырып жатқанда ойнауыңызға болады. Ересек адамдар мен балалардың өзара қарым-қатынасында ойын мен үйрету үшін көптеген мүмкіндіктер бар", - дейді маман.
Баланың күлкісіне жауап ретінде жымиғанда және олармен ойнағанда, ата-анасы баланың миында жаңа нейрон байланыстарын құратыны жайлы ата-аналардың түсінуіне көмектесу керек.
Баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қалай ойнау керек?
Бала нәресте кезінен бастап көрнекі түрде, сонымен қатар дыбыс арқылы өзара әрекеттесу: баланың көзіне қарау, осындай жеке байланысты орнату, баланың сезімдеріне жауап қату – балалар үшін өте маңызды.
Олардың кейбіреуіне мыналар жатады. Тығылыспақ ойыны – сіз бетіңізді жабасыз, "Балақай қайда екен? Ол осында". Алақай-алақай. "Бала үлкен бе екен? Қандай үлкен!" Мұндай ойындар баланың өсуіне мүмкіндік беретін эмоционалды қауіпсіздік сезімін тудырады. Сіз бетіңізді матамен жауып, тығылыспақ ойнаған кезде балалар осы арқылы үйренеді.
Сіз осылай істеген сайын, балаңыз неге мәз болады? Біріншіден, бұл өзара жеке әрекеттесу, бұл рахаттану сезімін сыйлайды. Екіншіден, бала заттардың жоғалып, және қайта пайда болатындығы жайлы, және олардың қай кезде болмасын өмірде бар екендігі жайлы тұжырымдаманы ұғына бастайды.
Егер бала бұны қайтадан қайталығысы келсе, оның себебі бар. Ал оның себебі – баланың миы: "Мен мұны меңгеріп жатырмын. Осының арқасында мен көп нәрсені үйренудемін. Мен осы процестен ләззат алудамын" деп хабар бергені.
Менің балам не істегенді ұнатады деп өзіңізден сұраңыз. Сосын сіздің ойыңызша бала неге мұны ұнататынын өзіңізден сұраңыз. Жауабы қашанда мынадай: "себебі бұл менің баламның миын дамытуға көмектеседі".
Kudago ресурсы баланы бос уақытта қалай уақытын өткізуге болатыны туралы қызық идеяларды топтастырған.
Мультфильмдер
Егер сіздің балаңыз мультфильм көргенді ұнатса, көру уақыты ақылға қонымды шеңбермен шектелуі керек екенін ұмытпаңыз. Үш жасқа дейінгі балалар күніне 15 минуттан аспайтын балалар ертегілерін көре алады. Алты жасқа дейінгі балаларға мамандар күніне 40 минуттан аспайтын мультфильмдерге рұқсат етуге кеңес береді, одан жас оқушыларға күніне бір сағаттық мультфильм жеткілікті.
Үстел ойындары
Классикалық шахматтан "Дженги" мен "Эволюцияға" дейінгі ойындардың бүгінгі таңдауы қаншалықты үлкен екеніне көз жеткізу үшін балалар дүкеніне бас сұғыңыз. Кейбіреулер реакция жылдамдығын дамытады, басқалары есте сақтауды, ал басқалары зейінді жаттықтырады. Топ болып ойнауға арналған ойындар бар, екі адамға арналған үстелдер бар. Кішкентайлармен текшені лақтырып, ойындардағы ұяшықтарды санауды бастайтын ойындар да бар.
Ертегі оқу
Ертегіні түнде ғана оқу керек десеңіз, қателесесіз. Ата-аналармен бірге оқу отбасылық қарым-қатынасты нығайтады және кішкентайларды дамытады. Сондықтан күні бойы балаңызбен бірге оқуға уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Нәтижесі көп күттірмейді. Кітап оқу логикалық және бейнелі ойлауды дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, сөздік қорын толықтырады. Оқитын балалар тезірек сөйлейді және оқуда сәттілікке жетеді.
Фотосессия
Сүйікті көйлек киіп, ойыншықтардан декорация жасау идеясы әр жас ханымға ұнайды. Өйткені үйдегі фотосессия – кішігірім мереке. Баланың өзі тақырып пен бейнені ойлап тауып, костюм таңдап, анасынан косметикалық сөмке ала алады. Дайындық қиялды керемет дамытады және көркемдік таланттарды ашады. Мысалы, супер қаһармандық тақырып ұлдарға жарайды. Оған декор жасау өз қолыңызбен өте қарапайым: аппликацияны кесіңіз немесе постер салып беріңіз.
Монтессори ойындары
Монтессори – италиялық ағартушы Мария Монтессори әзірлеген үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған жүйе. Әдістің мәні – ата-ана мұғалім емес, қоршаған әлемді тануда балаға көмекші ретінде әрекет етеді. Үйде оқу ортасын құру үшін сізге түрлі-түсті қағаздар, әртүрлі текстуралы маталар, банкалар, түймелер қажет. Мысалы балаңызға сұйықтықты әртүрлі ыдысқа құю кезінде ыдысты қалай пайдалану керегін көрсетіңіз немесе қарындашпен сызатын қағаздан әртүрлі фигураларды кесуді сұраңыз. Әртүрлі дәнді дақылдарды араластырып, балаңыздан түсі немесе пішіні бойынша сұрыптауын сұраңыз. Сабақ оқушының өзі қалағанша созылуы керек.
Қолөнермен айналысу
Ол тек қыздарды емес, ұлдарды да баурап алады. Өйткені "қолдан жасайтын" заттардың алуан түрлісі бар: квиллингтен моншақтарға дейін, кестеден декупажға дейін. Дүкендерде "серпімді тоқу", "ағаш ою негіздері", "балаларға арналған сабын жасау", "зергерлік бұйымдарға арналған саз" және бірнеше сағатты қызықты өткізуге көмектесетін көптеген басқа жиынтықтар сияқты арнайы шығармашылық жинақтарды табу оңай.
Ең кішкентай балаларымен аппликация жасай аласыз, витраждар немесе пластилин фигураларын жасай аласыз. Егде жастағы балалар вазаны немесе саздан жасалған фото жақтауды жасай алады, шарфты байлай алады немесе шілтер тоқи алады. Есіңізде болсын, бұл жерде ең бастысы — балалар мен жасөспірімдерді шынымен баурап алатын процесс.
Виртуалды музейге "сапарлау"
Балаңызбен бірге өнер көрмесіне бару үшін музейге арнайы барудың қажеті жоқ. Үйде жылдам интернет болса виртуал музейлерден балаңызды қызықтыратын нәрсені таңдай аласыз. Мадам Тюссоның әйгілі балауыз фигураларының суреттері, графикасы, мүсіні, археологиялық құндылықтары немесе экспозициясы сияқты көптеген экскурсия бар. Әлемнің әртүрлі музейлерінің ресми сайттарында виртуалды турды таңдай аласыз.
Балаларға арналған йога
Балаңызбен йога ойнау үшін тәжірибелі маман болудың қажеті жоқ. Ең бастысы, нәресте сіз көрсететін позаны қайталай алуы. Қарапайым жаттығулардан бастаңыз, содан кейін жаңа элементтерді қоса беріңіз. Балалар йогасында позалар тізбегінің қатаң ережелері жоқ, сондықтан балалармен бірге өз кешеніңізді ойлап табыңыз. Мұндай жаттығу ойындары бұлшықеттерді ғана емес, сонымен қатар кішкентай йогтың жадын да күшейтеді.
Псилогия сайты да балалардың уақытын қызықтырып өткізетін әдістерді бөліскен екен. Оған велосипед тебу, көлік жууға көмектесу, бөлменің жиһаздарын басқа орындарға қою, туыстарға хат жазу, уақыт капсуласын жасау, ас әзірлеуге көмектесу, жұлдыздарды тамашалау, отбасы мүшелерінен сұхбат алу, қолдан қуыршақ тоқу сияқты түрлі ойын мен пайдалы істер кіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2075883-paidasy-mol-oiyndar-sabiler-miyn-damytu-usin-zane-uaqytyn-qyzyqty-otkizu-usin-ne-isteu-kerek/