Кімнің табысы артады: 2024 жылғы сәуір айына қаржы жұлдызнамасы
Жарияланған күні:
Күн тұтылуы, Меркурий ретрограды, Юпитер мен Уран өмірге елеулі өзгеріс енгізеді. Біреулер байыса, біреулер үнемдеуге мәжбүр болады. Астролог Джессика Адамс сәуірге жұлдыз жорамалын әзірлепті.
Тоқты
Астролог Джессика Адамс 8 сәуірде Торпақтағы көктемгі күн тұтылуын жаңа бастама деп атаған. Табыс пен дамудың әлеуеті ашылады екен. Қаржылық жағдайды жақсарту үшін оларды алдағы үш айда жүзеге асырыңыз.
Меркурий ретроградта болған кезде (1-24 сәуір) құжаттардағы қателерді түзетіп, аяқталмаған істерді орындаңыз. 5 сәуірден бастап 10 сәуір аралығында өмірге деген қанағаттану сезімі артады.
Торпақ
Knowinsiders әлеуметтік басылымының пікірінше, сәуір айы Торпақтар үшін өмірдің қаржылық жағын жақсартуға тамаша мүмкіндік болады. 3 сәуірден бастап сәттілік пен молшылықкүтіп тұр. 19 сәуірден бастап бұл белгідегілер идеяға қарқ болады.
Жылдың басты астрологиялық оқиғасы, Юпитер мен Уранның қосылуы – 21 сәуірде болады. Бұл материалдық әл-ауқатты жақсарту үшін серпіліс энергиясын береді. 5 сәуірден бастап өзіңізге уақыт бөліңіз.
Егіз
Егіздер үшін сәуір жаңа жол мен "эмоционалды әткеншек" айы болады. Кәсіби салада қиындықтар туындайды, әдеттеріңіз бен ұйғарымдарыңызды қайта қарастырып көріңіз. 5 сәуірде күн солтүстік кармалық түйінге қосылған кезде келетін идеяларға мұқият болыңыз. Astrosage астрологиялық басылымының пікірінше, қайырымдылыққа ақша жұмсауға деген ұмтылыс пайда болады.
Меркурий ретрограды 1 сәуірде басталғаннан бері жаңа істерді бастамауға тырысыңыз. 25 сәуірден бастап аяқталғаннан кейін ескі жұмыста шаруаларды орындауға уақыт бөліңіз.
Шаян
Сәуірде шаяндарды мансапта жоғарылауы мүмкін. Medium әлеуметтік басылымының мәліметі бойынша, оны іске асыруға түйсік пен шығармашылық көмектеседі. 21 сәуірде Юпитер мен Уранның даму секторына қосылуы серпіліс үшін ресурс береді.
Кәсіби салада пайдалы таныстық болады деп күтіледі. 1 сәуірден бастап Меркурийдің ретросы басталған кезде ескі жұмысқа оралуға немесе өзіңіз жақсы білетін шаруаларды орындауға мүмкіндік бар. 8 сәуірдегі мансап секторындағы күн тұтылуы даму саласын таңдауға, әлеуметтік мәртебені көтеруге және тұрғылықты жерін өзгертуге көмектеседі.
Арыстан
Сәуірде Арыстан өміріндегі негізгі бағыттарын белгілейді. Skyhoroscope астрологиялық басылымы оқумен айналысуды бастауға кеңес береді. Шығармашылық және қоғамдық қызмет саласында жұмыс істейтіндер зор жетістікке жетеді.
Сәуірдің аяғында қаржылық шешімдеріңізге ерекше назар аударыңыз. 29 сәуірден бастап арыстандар ойлағанын тез арада жүзеге асырып, мақсат-мұраттарына бірден қол жеткізгісі келеді. Ал 30 сәуірден бастап агрессия деңгейі жоғарылайды. Мұрагерлікті, сақтандыруды және инвестицияларды 24 сәуірден кейін (Меркурийдің ретросының аяқталуы) немесе мамырда рәсімдеңіз.
Бикеш
Бикеш психологтар жиі айтатын "жайлылық аймағынан" шығады. Оның сәуір айындағы өмірі елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Жаңа дағдыларды үйреніңіз, біліктілікті арттырыңыз. Егер ойда жоқта жасайтын сауда шығындарын азайтсаңыз, ақшаны үнемдеп, болашақта сенімділікке ие боласыз.
1 сәуірден бастап, Меркурийдің ретрограды кезеңі басталған кезде, төлемдерді, шоттарды және банк карталарын алу үшін құжаттарды қайта ресімдеңіз. 5 сәуірден бастап молшылыққа кенелуіңіз мүмкін. Ақша табудың және жинақтаудың жаңа тәсілдерін таңдаңыз.
Таразы
Жетінші жұлдыз белгісі үшін сәуір бақытты сәттер сыйлайды. Қолдау іздейтін таразылардың жолы болатыны сөзсіз. Бай әрі жомарт адам өмірде тірек болуы мүмкін. Қызметтік қарым-қатынас немесе клиентпен қарым-қатынас болуы мүмкін.
Күн тұтылуы Тоқты мен Таразы белгілерінің осінде өтеді, келіссөздерде дипломатиялық тұрғыдан қарап, табанды бола біліңіз. Меркурийдің ретро кезеңінде, 1-24 сәуірде ірі жобаларға араласпаңыз. Құжаттарды мұқият тексеріңіз, егер іссапарға шықсаңыз, маршрут пен билеттерді тексеріңіз.
Сарышаян
Сәуірде Сарышаяндар көптен бері ойластырған жоспарын жүзеге асырып, "психикалық жараларын" емдейді, бұл оның мансабына оң әсер етеді. Айдың бірінші жартысы іссапарлар мен іскерлік кездесулердің арқасында белсенді болады. Сәуірдің екінші жартысы қаржы саласында біршама табысқа әкеледі.
Күн тұтылуы өмірдің барлық саласын өзгертеді. Сүйікті жұмысыңыздан кетіңіз, әлеуеті зор әрі қызық жұмыс іздеңіз. 24 сәуірде Сарышаяндар қарыздар мен несие мәселелерін шешеді.
Мерген
Сәуірде мергендер алдына жан салмас пысық болады. Екі есе көп жұмыс істегеннен кейін ол беделін нығайтып қана қоймай, еңбегінің жемісін де көреді. Өз бизнесі барлар жұмыста түнеуге дейін барады. Демалыс күндері жақын адамдар арасында уақыт өткізу шаршауды басады. Ойын-сауық, бос уақыт, шығармашылық, спорт және білім беру саласында жұмыс істейтін мергендер табысқа жетеді.
Сәуірдің екінші жартысында демалыс болады. Көбірек қамқорлық пен көңіл бөлу үшін отбасыңызбен демалуға барыңыз. Ұзақ сапарға билеттерді меркурийдің ретро кезеңі аяқталған 25 сәуірден кейінгі күндерге алыңыз.
Тауешкі
Тауешкілер үшін сәуір эмоционалды шаршау кезеңі болады. Ол бәрін өз бойында ұстауға дағдыланғандықтан, күйзеліске түсуі де мүмкін, бірақ оған отбасы мен жақын адамдары қолдау көрсетеді. Толқудың негізгі көзі – кәсіби сала.
Қиындықты еңсеру үшін үлкен мақсаттар қоймаңыз. Сабырлы болыңыз. Жұмыстан шығу және бизнес ашу дәл қазіргі жағдайда бос әуре болуы ғажап емес. Жоспарлау мен инвестициялау үшін қолайлы күндер – 5 және 20, қолайсыз күндер – 17 және 30. Оқуды жоспарлағандар сабаққа 26 сәуірден бастап кірісуі керек.
Суқұйғыш
Жұмыс пен оқу жүктемесінің артуына қарамастан, Суқұйғыш сәуір айында одан да көп жұмыс істейтін болады. Басты себеп – белсенді әлеуметтік өмір мен көптеген байланыс. Суқұйғыш презентациялар мен көрмелерге қатысуы мүмкін. Ең үлкен жетістікке құрылыс, сәулет және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтіндер қол жеткізеді.
Күн тұтылуы күні, 8 сәуірде жоспарланбаған шығындардан аулақ болыңыз. Қаржылық қауіпсіздік жастығын қамдап алыңыз. Бұл жыл соңына дейін ірі сауда жасауға жинақ үшін бастама болады.
Балық
Сәуір айында балықтар жұмыс істеп қана қоймай, демалуға да мүмкіндік алады. Өмір қызықты және қарқынды болады. Сәуір айында кірістер мен шығыстар теңдей болады. Бас бос адамдар байқуатты серіктесті кездестіруі ғажап емес.
Несие алғысы келетіндерге сәуір айында сәттілік серік бола қоймайды. Өз қаражатыңызға сеніңіз және қарызға батпаңыз. Шолпанның Тоқты белгісі бойынша транзиті бастаманы және жалақыны көтеруді талап етеді. 19 сәуірден бастап Торпақ белгісіндегі күннің ингрессиясы ірі сауданы жоспарлауға тамаша сәт.
Сәуір жұмыс пен қаржы саласын өзгертеді. Мықтылар мен жұлдыздарға сенетіндер жеңеді. Қиындықтарды болдырмау және өмірдің жаңа деңгейіне шығу үшін жұлдыз жорамалын қолданыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2076953-kimnin-tabysy-artady-2024-zylgy-sauir-aiyna-qarzy-zuldyznamasy/