Күміс неге қараяды: бағалы металлдың ерекше қасиеттері мен белгілері туралы наным-сенімдер
Жарияланған күні:
Читать на русскомКүміс – тұрмыста жиі қолданылатын бағалы металл. Ол неге қараяды? Күмістің қараюымен байланысты қандай наным-сенім ба? Осы сұрақтың жауабын бірге іздеп көрейік.
Күмістің қараюы – дуа мен көз тигеннің белгісі
Күміс – адамдарды жағымсыз әсерлерден қорғайтын сиқырлы металл. "Түстердің құпия өмірі" еңбегінің авторы Кассиа Сен-Клэрдің айтуынша, күміс тағамдағы уды анықтауға көмектеседі. Күміс әшекей-бұйымдар тағып жүретін адамдарға бұл бұйым қандай да бір қауіп төніп тұрғанын алдын ала сездіреді деген сенім бар.
Денедегі күміс неге қарайып кетеді? Денеде қарайып кеткен әшекейлер иесінің күшті энергетикалық шабуылға ұшырағанын білдіреді. Ол адамға көз тиген болуы немесе балгерлердің көмегімен дуалаған болуы мүмкін.
Неліктен мойынға таққан күміс әшекей қарайып кетеді? Үнемі тағып жүретін күмістен жасалған әшекей кенет қарайып кетсе, ол дуа арқылы жасалған шабуылдың негізгі ауыртпалығын өзіне қабылдады дегенді білдіреді деген түсінік бар. Көбіне мойынға тағып жүретін күміс алқа қарайып кетеді. Зергерлік бұйымдар осындай қызмет атқарады әрі иесін жамандықтан қорғайды.
Күміс жаман ойлардан қараяды
Күмістің қарайып кетуі адам дуаланған дегенді білдіре ме? Көбінде олай емес. Күшті тұлға жағымсыз эмоцияларды бастан кешіретін болса, өзіне өзінің көзі тиюі мүмкін. Жағымсыз ойларға ерік берген адам оның орындалып кетуіне түрткі болып, жағымсыз жайттарды шақырады. Денедегі күміс зергерлік бұйымдар энергетикалық шабуылға жауап беріп, түсін өзгертеді.
Кейде бір адам екінші бір адамды қарғап жатады. Кейде қарғыс тиюі мүмкін. Шын мәнінде, жағымсыз сөз естіген адам тым әсіреленгіш келіп, қарғысқа сеніп қалады. Күміс соққыны қабылдап, қараяды, сөйтіп негативті азайтады.
Мұндай жағдайда күміс тек энергетикалық әсерден ғана емес, ағзадағы биохимиялық процестерден де қараяды. Стресс әрдайым гормоналды теңгерімге, тердің құрамына және терідегі басқа да бөліністерге әсер етеді. Олар күміс иондарымен әрекеттеседі, содан денедегі әшекейлер қараяды. Britannica энциклопедиясында келтірілген мәлімет бойынша, күміс күңгірттенеді. Оны алып тастау, тазалау керек және одан әрі киюге болады.
Ауру белгісі
Ертеде ата-бабаларымызда медицина мен диагностика дамымаған. Олар өзінің хал-жағдайын мұқият бақылап, белгілерге назар аударып, ырымдарға сенген. Сондай ырымдардың бірі – қарайған күмісті ауру белгісі ретінде қарастырған.
Денсаулығыңыз сыр бермесе де, ырымға еренсіз болмау керек. Күміс асқазан мен ішек ауруларына байланысты тердегі артық күкірттен қарайып кетеді. Дизайнерлер гильдиясының мүшесі Тони Хардвик бұған дұрыс тамақтанбау себеп болатынын айтады. Мұндай жағдайда уақытты созбай дәрігерге қаралу керек. Аурудың себебін уақытылы анықтап, дұрыс ем қабылдаса, адам құлан таза айығып кету мүмкін.
Қарайған әшекейді не істейміз? Оны тазартып алып қолдана беруге болады. Сырғаларды, білезіктерді, алқаларды зеңжардан үнемі тазалап отырыңыз. Диагноз дұрыс қойылып, ем жүрген кезде әшкейлер қарайғанын тоқтатады. Ал егер сіз зергер болсаңыз, күмісті абайлап қолданыңыз: онымен ұзақ жұмыс істеу сирек кездесетін агирия ауруын тудыруы мүмкін, ол терінің сұр не көкшіл тартуынан көрінеді.
Күмісте қандай шипалық қасиеттер бар?
Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Шәрипа Төреқұлова адам ағзасында күміс бар екенін, әсіресе мида, жүйке жасушаларының ядросында, сүйек ұлпаларында, ішкі секреция бездерінде, көздің құбылмалы қабықшасында көп кездесетінін жазады. Оның жазуынша, күміс ағзадағы физикалық процестердің қалыптылығына, органдардың дұрыс жұмыс істеуіне қызмет етеді.
"Күміс зат алмасуына, қан түзілуіне атсалысады, ағзаны жасартады. Өйткені күмістің иондары жасушаларға тез енеді, бұдан жасушалардың өміршеңдігіне нұқсан келмейді, бірақ олардың ары қарай бөлінуі шектеледі. Күміс иондары микроағзалардың ферменттік жүйесін зақымдайды, сондықтан да ол ағзаны зиянды нәрселерден залалсыздандыра алады, бактерияларға қарсы тұрады, жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді.
Күміс адам денесімен әрекеттескенде ағзадағы ток күміске қарай бағытталып, сол арқылы аурулар да оған қарай тартылады", - деп жазады ол.
Шәрипа Төреқұлова күміс әшекейлер тек сәндік бұйымның ғана емес, жүйке жүйесінің теңдігін сақтайтын, күдік-күмәннан, шүбәланғыштықтан, тітіркенуден, тынышсыздықтан қорғайтын емдік тұмардың да қызметін атқаратынын айтады. Оның тұжырымдауынша, мойынға тағылған алқадағы немесе "шылдыр шүмекке" тағылған жүзік құрамындағы күміс қан қысымын түсіреді. Егер жүзікті сұқ саусаққа тақса, ол ішектердің жұмысын жақсартады, әжімдердің жоғалуына әсер етеді.
"Ал оны шынашаққа тақса, ол жүректі түрлі аурулардан қорғайды", - дейді ол.
Қарайған күміс бұйымдар маңызды белгі болып саналады. Ол сізге көз тигенін немесе қандай да бір аурумен сырқаттанып жүргеніңізді білдіруі мүмкін. Сондықтан күміс әшекейіңіз қарайып кетсе, еренсіз болмаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2078948-kumis-nege-qarayady-bagaly-metalldyn-erekse-qasietteri-men-belgileri-turaly-nanym-senimder/