Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ әдебиетіндегі махаббат дастандары: кейіпкерлері мен жырлар мәтіні

Жарияланған күні:

Қозы мен Баян
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу ескерткіші. Көрнекі сурет: el.kz

Ғашықтық дастаны – махаббат тақырыбына назар аудара отырып, лирика мен эпостың элементтерін біріктіретін поэзия түрі, қазақ ықылым заманнан бұл жанрды жыр деп атап келген. Әр түрлі тақырып пен эмоцияларды қозғай алатын қарапайым лиро-эпостан айырмашылығы, махаббат лиро эпосы ғашықтардың қарым-қатынасына, құмарлығына, романтикасына және ішкі тәжірибесіне ерекше назар аударады. Бұл мақаламызда қазақ әдебиетіндегі махаббат дастандары, оның кейіпкерлері мен жырлар мәтініне тоқталамыз.

Қазақтың жыр-дастандарындағы ғашықтық сарын туралы ғалым Сәуле Тапанованың "Жыр-дастандардағы ғашықтық сарын" зерттеуінде жіті зерттелген.

Мақалада əдеби шығармаларда жырланған ғашықтық сарынның "Қозы Көрпеш" эпикалық поэмасынан бастап Шəкəрім поэмаларына дейін көрініс табуы қарастырылды. Өз бастауын халықтық мұрадан алатын ғашықтық сарын, қиялдар мен армандардың шабытты ұмтылысы роман жанрында шығармашылық жалғасы мен өрлеуін тапты.

"Қазақ əдебиеті тарихындағы көркем туындылардың бəрі де өзінің түптөркіні — халық ауыз əдебиетінен нəр алып, дəстүрлік жалғастық табады. Бүгінгі таңдағы биік сатыға көтерілген, əлем əдебиетінің алтын қорына қосылған іргелі туындылары бар қазақ əдебиетіндегі алуан тақырыптар, сан түрлі сарындар, өлмес идеялар, өміршең мұраттардың қай-қайсысы да о баста ауыз əдебиетінде, оның ішінде поэзия саласында көрініс тапқан, дəстүрлік тұрғыдан бұрынғыдан жалғастық тауып, мол арна тартқан.

Бұл орайда біз сөз етіп отырған махаббат тақырыбы да алғаш осы халық ауыз əдебиетінде, нақтылап айтқанда, халықтық əн-өлеңдерінде, эпостық жырларда кең көрініс тапты. Көнеден жеткен, авторы белгісіз мына шумақтар соның бір дəлеліндей", - деген ғалым жырға кезек береді:

Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,

Алашқа білдірмедім аузымды ашып.

Жарасқан бал, шекерге күміс қасық

Жүрерміз сүйтіп қашан араласып, - деген жігіт арманы,

Мен нəзік болсам да едім текті нəзік,

Сөзіңді келем деген еттім азық.

Кезінде келем деген келмеген соң,

Құлындай сақау шыққан кеттім азып, деген қыз назын білдіретін шумақтағы қыз жүрегінің ықыласы мен ғашықтық сезімнің көрінісі махаббаттық сарынның халықтық əдебиетте суреттелген алғашқы үлгілердің бірі деуге болады. Ал қазақ ауыз əдебиетінің үлкен бір саласы болып табылатын жырлардағы суреттелетін ғашықтық сарыны өзінше бір төбе.

"Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу" жыры

Ғалымның жазуынша, эпостық жырлардың ең көне үлгілерінің бірі – "Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу" жыры. Жыр Қарабай мен Сарыбайдың түзде жүрiп құда болуымен басталады. Жырдың басты тақырыбы, негiзгi идеясы – махаббатты дəрiптеу.

Бұл жырға зерттеуші "тiлi көркем, композициясы шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдiк шеберлiгi, образ жасау жағынан бұл – күрделi де кесек туынды. Бас кейiпкер ҚозыКөрпеш кiршiксiз таза махаббат иесi болып бейнеленедi. Ол батыр, аңғал, адамгершiлiгi мол жiгiт ретiнде суреттеледi. Қозы сияқты Баян да адал ниеттi, ақ жарқын, кiршiксiз таза махаббатты көксеген, өзiнiң сүйгенiне қосылуды арман еткен, ақылына көркi сай қыз ретiнде бейнеленген", - деп баға береді.

"Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу" жыры басталғаннан-ақ оның басты тақырыбы сұлулық пен əсемдiк екендiгiн бiрден-ақ байқауға болады. Нəзiк ойлы музыка сазындай жайдары, ашық, əсем əнмен басталатын жыр қалың тоғай iшiнде адасып елеңдеп жүрген маралды əдемi, нəзiк қылды сезiмге əсер ету мақсатымен суреттейдi. Марал мен Баян арасында үлкен жақындық бар. Бiрi — табиғаттың еркесi, аң сұлуы болса, екiншiсi — ел еркесi, адамзаттың сұлуы. Жырдағы осы ғайыптан келген табиғаттың ерке сұлу маралы болашаққа кiршiксiз, таза махаббаттың символындай жарқ етiп көрiнедi. Табиғаттың өзi елжiреп, сұлулық нұрын төгiп тұрғандай сезiледi. Жыр əсемдiктi тап басып, тiлсiз табиғат пен адам өмiрiн қатар алып, сұлулықтың құпия əсем сырына бой ұрады.

Қазақтың лиро-эпос жырларына көшбасшы болған "Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу" жырынан кейiнгi тiлi көркем, көлемдi сюжеттi жыры – "Қыз Жiбек" жыры болып саналады. Ел арасына ауызша да, жазбаша да кең тараған жыр. Төлеген Базарбайдың еркiнен тыс сүйiспеншiлiк iздейдi. Жiбекке ғашық болады. Жiбек сияқты сұлуға ғашық тек Төлеген ғана емес. Сол елдiң атқа мiнер азаматтарының бiразының қолы жетпей жүрген аруды, сырттан келген Төлегенге жетектетiп жiбермейтiнi белгiлi. Сондай елдегi көп ғашықтарының бiрi – Бекежанның қолынан қаза табады.

Жырдың суреттеуi бойынша батырдың сүйген жары елден асқан сұлу, ұзын бойлы, талдырмаш, сүмбiл қара шаш, қасы қияқтай, оймақ ауыз, күлiм көз, айқабақ, алтын кiрпiк, қызыл ерiн, алма мойын, аршын төс болып келедi. Оның өзi түгiлi басына таққан үкiсiн, зерлi бешпентiн, алтын жүзiгiн, қызыл түймесiн, əсем қылықтарын жырға қосады. Онымен бiрге болған күндер дүниенiң бар қызығына татиды. Ғашықтық сезiмнiң барлығы бiрдей ойын-күлкi, назды қылық, қызықты дəуренмен өте бермей, сүюдiң азабын да тартады. Кiшкенеден бiрге өскен ғашық жарынан қапелiмде айырылып қалып, зарығып, оның көшiне iлесiп, соңғы рет жолығып, сақинасын алып қоштасады.

Жырлардағы Қозы Көрпеш пен Төлегеннiң елден жалғыз аттанып, ұзақ шөлдi кезiп, жапандағы жалғыз үйге кезiгiп, не жол тосқан анталаған жаумен жалғыз алысуы – аса қорқынышты, қауiптi оқиғалар. Олардың əрекеттерiнен ерлiк пен асқақтық сезiледi. Оларға iлесе мұңды, аянышты оқиғалар туып отырады. Лиро-эпостық жырларда көбiнесе кейiпкердiң қиындықпен қолы жеткен аз уақыт iшiндегi бақытты өмiрi мен қуанышы жырланады. «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жырының Шөже ақын жырлаған нұсқасында Қозы мен Баян қайта тiрiлiп, отыз бiр жыл өмiр сүредi. Сөйтiп, аз уақыт болса да бақытты болсын деп, тыңдаушысы жасып, сағы сынып мұқалмасын дегендей, тамсандырып, өкiнiш тудырмай, көңiлiн жайландырады. Халық идеясынан туған тiлек, қысқа бақытсыз өмiрдi қолдамай, мəңгiлiк халық жадында қалатын өмiрдi көксейдi.

"Айман – Шолпан" жыры

Зерттеушінің тағы бір назар аударған жырына тоқталсақ.

"ХІХ ғасырдың алғашқы жартсындағы қазақ елiнiң əлеуметтiк-қоғамдық тiршiлiгiн, тұрмыссалтын қамтитын, халық арасына кең тараған, оқиғасы реалистiк өмiрден алынған қазақтың лироэпостық жырларының бiрi – "Айман – Шолпан" жыры.

Жыр Маманның екi қызын əуелi сұлулық, бақыт, салтанат құшағында көрсетедi де, кейiн екеуiн тұтқынға түсiрiп, теңсiздiкке ұшыратады. Бұл шендестiру Маман мен Көтiбардың бақ салтанатын мақтай келiп, олардың өте ұсақ, халықтық мiнезге жат адамдар екенiн, феодалдық зорлық бар жерде қазақ қызының бағы жанбайтындығын көрсетедi. Жырдағы Шолпан мен Арыстанның махаббаты екi елдi бiтiстiруге себеп болады.

Ал, жырдағы Айман – өте ақылды, сирек кездесетiн би қызының үлгiсi. Айманның махаббаты романтикалықтрагедиялық сарында емес, прозалық-реалистiк арнада баяндалған. Өз басының мүддесiне келгенде, ол – бас бостандығын iздеген, үлкен махаббат иесi болған образ", - делінеді зерттеуде.

Жоғарыда аталған қазақтың ғашықтық жырларынан басқа ХІХ ғасырда туып, сюжеттiк негiзiне əлеумет теңсiздiгiн, феодалдық қоғам қайшылығын арқау еткен "Мақпал қыз", "Құл мен қыз", "Күлше қыз Назымбек", "Есiм серi Зылиха" жырларының да көркемдiк-тарихи мəнi ерекше. Бұл жырларда айтылатын Мақпалдың сүйгенi Əбен, Айымның ғашығы Талайлы, Зылиханың жары Есiм бұқара халық ортасынан шыққан кедей-жалшылар. Қолдары қысқа кедей жiгiттерiнiң өздерiнiң сүйген қыздарына қосыла алмай, ру қоғамының ескi салтынан соққы жейдi.

Сәуле Тапанованың сөзінше, лиро-эпостық жырларда көбiне адам еркiндiгi, əйел теңдiгi мəселелерi көтерiледi.

"VІІ–ХІІ ғасырларда ең жоғары өркендеу дəрежесiне жетiп, дүниежүзiлiк тарихи маңызға ие болған бiртұтас араб-мұсылман мəдениетiнiң ықпалына басқа елдер сияқты қазақ сахарасы да iлiктi. Араб-мұсылман мəдениетiнiң өзi көптеген халықтардың жасаған мəдени мұраларының көркем де озық үлгiлерiн сiңiру арқылы биiкке көтерiлiп, өзiндiк өрнек қалыптастырған болатын. "Шығыс мұралары қазақ даласына əр түрлi жолмен келiп жеттi.

Бiрiншiден, олар халықтардың күнделiктi қарым-қатынастары арқылы ауызша түрде жеттi. Екiншiден, бұлар қолжазба күйiнде таралды. Бiрақ шығыс сюжеттерi қазақ халық ауыз əдебиет творчествосының арасында жырланды. Сондықтан қазақ эпикалық дəстүрi өз əсерiн тигiзбей қойған жоқ", - дейді маман.

Шығыс халықтары əдебиеттерiнiң өзара байланысы жəне бiр-бiрiне жасаған игi əсерi əр түрлi, дейді әдебиеттанушы.

"Солардың бiрi — көркем шығармалардың адамгершiлiк мазмұн-мағынасын, оқиға желiсiн, жазуөрнек тəсiлдерiн түсiне, өрбiте, өсiре қабылдау болып табылады. Соның айқын дəлелi ретiнде Рудаки, Фирдоуси, Низами, Физули, Навои, Саади, Хафиз, Жəми шығармаларын қазақ ақындары өзiнше дамыта жырлап, тыңнан толғап, "нəзира" дəстүрiмен, халық арасына таратқан нұсқаларын айтуымыз керек. Атақты Абайдың өзi шығыстық желiге "Масғұт", "Ескендiр", "Əзiм" дастандарын жазса, Ш.Жəңгiров "Ескендiр Зұлқарнайды", Т.Iзтiлеуов "РүстемДастанды" жырлады. Бүгiнде араб, парсы, үндi аңыз-ертегiлерiнен келген "Мың бiр түн", "Тотынаме", "ЖүсiпЗылиха", "Сейфүлмəлiк", "МұңлықЗарлық", "Бозжiгiт", "ШəкiрШəкiрат" сияқты ғашықтық дастандар қазақ топырағында қайта түлеп, жаңарып, бай фольклорлық мұраларымыздың қатарын толықтырды", - деп мәлімет береді ғалым.

Тапанова лиро-эпостарда екi ғашықтың мəңгiлiк сүйiспеншiлiгi, ескi салт-санаға қарсы күресi, замана сыны, көршiлес елдермен өз елдерiмiздiң арасындағы тарихи байланыс көрiнiс тапқанын айта келе, бұл жырлардың ұрпақ тəрбиесiнде адамгершiлiк, гуманистiк, эстетикалық маңызы зор екеніне тоқталған.

"Аталған жырлардың қай-қайсы да жар таңдаудағы адамның ақыл-парасатының биiктiгiн тiлге тиек ете отырып, махаббат пен сүйiспеншiлiктiң нəзiк сырларын, сұлулық пен сыпайылықтың көңiл қобызын қозғар сиқырын, адамзат баласының өмiрлiк идеясы мен идеалын паш етедi", - дейді маман.

Қазақтың жазба әдебиетіндегі ғашықтық жыр-дастандар

"Махаббатпен жаратқан адамзатты" деген қағида Абай, Шəкəрім секілді ислам ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығармаларының негізгі мəні мен маңызы болғандығы мəлім. Пəктікті сүюге, сұлулықты түсінуге, кемелдікті тануға талаптанудың барлығы махаббаттан басталатындығын айтқан.

Қазақтың жазба əдебиетiндегi алғашқы поэмалардың ХIХ ғасырдың екiншi жартысында пайда бола бастағанын айта келiп, ғалым Əбілхами Нарымбетов: "Революцияға дейiнгi қазақ əдебиетiнде шығыс немесе халықтың аңыз əңгiмесi негiзiнде жазылған поэмалар болды. Қисашыл ақындардың "Мұңлық – Зарлық", "Шəкiр – Шəкiрат", "Алтын балық" сияқты дастандарын былай қойғанда, Абайдың немесе оның дəстүрiндегi ақындардың жазған "Масғұт", "Ескендiр", "Дағыстан", "Еңiлiк – Кебек" сияқты поэмалар т.б. бəрi де жаңа еуропалық поэзияның үлгiсiне толық көшiп болмаған едi, негiзi шығыстың дастандық поэзияларының үлгiсiнде жатыр. Демек, шын мəнiндегi, яғни орыстың жəне дүниежүзiлiк классикалық поэзияның үлгiсiндегi, сюжеттi поэмалар жасау қазақ совет ақындарының творчестволық тəжiрибесiнде шешiлдi", - дейдi.

Ғалым Тапанованың жазуына қарағанда, ХХ ғасырдың басында шынайы көркем үлгiдегi, мазмұндық жəне идеялық астары терең поэмалар көбейген.

"Бұл кезеңде С.Торайғыровтың, Ш.Құдайбердиевтiң, М.Сералиннiң т.б. түрлi сипаттағы поэмалары жазылды. Ал осынау реалистiк поэма жасау дəстүрiнiң түптамыры оның алдындағы Абай шығармашылығында жатқаны бəрiмiзге мəлiм. Абай қазақтың ұлттық əдебиетiнде бұрыннан бар дастаншылдық, қисашылдық дəстүрдi өз талантымен өңдеп, жаңғыртып, оған жаңа дəуiрдiң ыңғайымен жаңалап, туған жұртына қайта ұсынды", - делінген мақалада.

Романтикалық поэмалардың табиғатына реалистiк қасиет дарыта жырлады. Сөйтiп, соны сипаттағы қазақ поэмасының негiзiн қалады. Шəкəрiм дастандарының барлығы романтикалық сарынның үнiн бəсеңдетiп, шынайы суретке, терең философиялық толғамдарға, əлеуметтiк мəселелердi нақтырақ бейнелеуге бет бұрды.

Ақын поэмаларының барлығында екi жастың арасындағы махаббат оқиғалары баяндалады. Бұл — сонау шығыстық поэзиядан келе жатқан дəстүрлi тақырып. Шəкəрiмнiң шығармаларында жырланатын махаббат мəселесi ақынның жалпы гуманистiк көзқарастарының бөлiнбес бiр саласы ретiнде көрiнiп, жаңа ғасыр басындағы бостандық идеяларына, адам құқығы туралы ойларға шебер үндеседi.

Қорытсақ, ғалымның еңбегіне сүйеніп келтірген деректеріміз тарихи-қаһармандық жыр­лары мағынасы мен көркем­дік-рухани қасиеттері тұрғысынан көпке белгілі көп­теген батыр­лық эпос-жыр, дастан­дардың қата­рынан орын алған шығармалар екені даусыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2082002-qazaq-adebietindegi-maxabbat-dastandary-keiipkerleri-men-zyrlar-matini/