Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат күнінде сүйікті жанға қандай тосынсый жасауға болады

Жарияланған күні:

Кілт пен гүл
Кілт пен түймедақ гүлі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғашықтар мейрамы сүйіктіңізді қуантуға тағы бір себеп болатын күн. Әдетте махаббат күнінде ғашық жандар бір-біріне сыйлық жасайды. Ал сүйікті жанға қандай тосынсый жасауға болады? Бұл жазбамыз бір кәдеңізге жарасын деген мақсатта идеялар топтамасын ұсынамыз.

Ер адам сүйіктісіне арнап қандай тосынсый жасай алады?

Әйел затын таң қалдыру қиын секілді көрінеді. Дегенмен оларға ең басты қажет дүние назар аудару екенін ұмытпаған жөн. Сонымен ғашықтар күніне орай сүйікті аруыңызды қалай таң қалдыруға болады?

Демалыс орындарына, СПА орталықтарына сертификат сыйлаңыз

Хош иістен, тәжірибелі маман жасаған массаждан кез келген әйел бір сәт күйбең тірлікті ұмытып, миын тынықтырады. esquire.com мейрамда сүйіктіңізге демалыс орындарына немесе СПА-орталықтарына сертификат сыйласаңыз, қуанып қалатынын жазады. Оның үстіне мұндай сыйлықтар арзан тұрмайды. Кейбір қыз-келіншектерге массаж, СПА орталықтары ұнамауы да мүмкін. Егер сүйіктіңіз спортқа жақын жан болса, оған бассейнге немесе жаттығу залына абономент алып беріңіз.

Эфир майы
Эфир майы мен теңіз тұзы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірге саяхаттаңыз

mensby.com сайтында жарияланған "Сюрприз для жены или девушки: 50 идей подарков и сюрпризов для любимой" жазбасында сарапшылар сүйіктіңізбен бірге саяхаттауға кеңес береді. Саяхатқа шығу ерекше әсер қалдырады, әлемді шарлау арқылы бір-біріңіздің әлемдеріңізді тани түсесіздер, тек өзге елге бару үшін шамаңыз жетсе болғаны. Егер саяхатқа шығу сіз үшін қиын болса, өз қалаңыздың іргесіндегі әдемі жерлерге пикник ұйымдастыруға болады. Бұл әлдеқайда жеңіл әрі жақсы әсер қалдырады.

Өлең арнаңыз, ән айтыңыз

Егер ән айтатын немесе аздап өлең шығаратын өнеріңіз болса, аруыңыздың жүрегін жаулауға болады. Ал мұндай қабілетіңіз болмаса, бекер шаршаудың қажеті жоқ. Жүректегі сезіміңіз бен ерекше оқиғаңызды аспаппен ән айта алатын, өлең шығара алатын адам арқылы жеткізсеңіз болады. Мысалы романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, гитара тартатын жігітті қасыңызға алып, оған өлең айтқызасыз да, өзіңіз әдемі гүл шоғымен кіріп келесіз. Бұл да әдемі көрініс болатын сыңайлы.

Смартфон сыйлауға болады

Жақыныңызға соңғы үлгідегі смартфон сыйлау шарт емес. Әлбетте бұл жағынан сүйіктіңіздің талғамы мен қалауын ескеру де артық етпейді. Себебі кейбір әйелдерге сіз алып берген техника ұнамауы да мүмкін. Мұндай сыйлық туралы сүйіктіңіздің телефоны сынып немесе су тиіп істен шығып қалған жағдайда ойлануға болады. Сол кезде қуанып қалатыны сөзсіз.

Әуе шарында бірге ұшыңыз

Әуе шарына мініп көргісі келмейтін қыз жоқ шығар. Мұндай тосынсый ерекше эмоция тудырады. Сүйіктіңізбен әуе шарына мініп, биікке көтерілудің өзі керемет романтикалық әсер қалдырады, қос ғашықты жақындастыра түседі. Әуе шарымен ұшуды жоспарлап жүрсеңіз, аруыңыздың биіктен қаншалықты қорықпайтынын ақырын біліп алған жөн.

Әуе шары
Қалықтап ұшқан әуе шары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жылқыға мініп серуендеуге болады

Жылқы жануары адамдарға өте жақын болып келеді. Тіпті психикалық бұзылысы бар адамдарды терапия ретінде жылқыға мінгізіп емдейді. Әдетте романтикалық серуендер үшін арнайы бағыттар таңдалып, алдын-ала ойластырылып қояды. Сүйіктіңізді мұндай тосынсый бей-жай қалдырмайтыны анық. Жылқыларға жеткенше қайда баратыныңызды айтпаңыз. Естелік ретінде оның таңданысын бейнекамераға түсіріп алыңыз. Жылқылар жүрген локация фотосессия жасау үшін өте әдемі.

Жақсы көретініңізді билбордқа жазыңыз

Мұндай тосынсый жасайтын болсаңыз, барлығын алдын-ала ойластырған жөн. Сезіміңізді білдірген жазбаны қайдан көрсетесіз? Қыздың үйінің терезесінен бе, әлде жұмыс орнына жақын жерде ме? Осы жағын әбден пысықтап алғаныңыз дұрыс. Ал тосынсый әлбетте қыздың езуіне күлкі үйіреді.

Фильмге апарыңыз

Фильмге бару күнделікті қарапайым кеш секілді болуы мүмкін. Бірақ бірге көрген фильм күні бойы жұмыстан шаршағаңызды басатынын, жақсы әсер қалдыратынын ұмытпаңыз. Кинодан шыққаннан кейін бір шыныаяқ шай ішіп, емен-жарқын әңгімелесуге уақыт табылады.

Квадроциклге мініңіздер

Мұндай экстрим көпке дейін ұмытылмайды. Әдетте квадроциклдің жүретін бағыттары өте әдемі, табиғаты ерекше болады. Тосынсый жасайтын кезде сүйіктіңізге қайда баратындарыңызды айтпаңыз. Оның таң қалатыны сөзсіз.

Квадроциклмен серуен
Квадроциклмен серуендеген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шатыр үстінде кездесу ұйымдастырыңыз

Әдетте биік ғимараттардың ең жоғарғы қабатында орналасқан мейрамханалар болады. Ол жерде ашық аспан астында қаланы төбеден тамашалай аласыз. Ғашықтар күнінде қызықты шаралар ұйымдастыратын арнайы компанияға хабарлассаңыз да болады. Бұл тосынсый екеуіңізге де жарқын эмоция сыйлайды.

Махаббат күнінде сүйіктіңізге қандай сыйлық жасауға болады?

Ғашықтар мейрамында қыз бен жігіт бір-біріне түрлі зергерлік бұйымдар, әшекейлер, қолдан жасалған заттар мен иіссу, косметика сыйласа болады. Сонымен қатар қандай мейрам болса да, жігіттің қызға гүл сыйлағаны абзал. Оған қоса бір-біріңізге мақтау сөз айтуды ұмытпаңыздар.

Махаббат күніне орай ерекше сыйлық ретінде мына нұсқаларды қарап көрсеңіз болады:

  • Жұлдызды аспанды бірге тамашалауға арналған проектор;
  • Әдемі сағат;
  • Кітап;
  • Ортопедиялық жастық;
  • Үй жануары;
  • Киім-кешек, бірге түскен суреттеріңіз жапсырылған футболка;
  • Тәттілер;
  • Кәдесыйлар.
Тәтті кәмпит
Жүрек пішініндегі кәмпиттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыз-келіншектер ер азаматына не сыйласа болады?

Жазушы-фрилансер Мэгги Панос womansday.com басылымында ер адамдарға мынадай сыйлықтар беруге кеңес береді:

  • фитнес-білезік;
  • спорттық аяқ киім;
  • табиғи қоспалардан жасалған сабын;
  • сөмке;
  • флис матадан тігілген көрпе;
  • фотожиек;
  • шыныаяқ;
  • кілтке тағатын салпыншақ;
  • құрал-сайман салатын жәшік.

Ромео мен Джульетта, Тристан мен Изольда есімдері бүкіл әлемде мәңгілік махаббаттың бейнесіне айналса, қазақ даласы 15 сәуірде ғашықтар күнін атап өтіп, Қозы мен Баянның пәк сезімін үлгі етеді. Бұл күні сүйіктіңізге тосынсый жасап қуантуға асығыңыз, себебі сыйлық жүректегі махаббатты арттырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2084015-maxabbat-kuninde-suiikti-zanga-qandai-tosynsyi-zasauga-bolady/