Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 маусым күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Ай
Ай. Көрнекі фото: unsplash.com

Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Бүгін достарыңыз бен таныстарыңыздан қолдау мен көмек күтпеңіз, олар сізге сіздің көңіліңізден шығатындай қолдау көрсете аламуы мүмкін.

Жұмыс іздеп жүрсеңіз, уайымдамаңыз, жақын арада керемет ұсыныстар болады. Еңбекақы турасында оңай келісіп, барлық міндеттемелеріңізді орындай аласыз. Жұмысыңызда ұқыпты және жауапты болыңыз, бұл сіз үшін маңызды.

Торпақтар

Бүгін маңызды іс жоспарлаған болсаңыз, сәтті шешімін табуы үшін оны түске дейін атқарған жөн.

Денсаулыққа көңіл бөліңіз: мазалап жүрген жеріңіз болса, асқындырып алмай, дәрігерлерге алдын-ала қаралғаныңыз жөн. Өзіңізге көңіл бөліңіз, демалыс алуға тырысыңыз.

Егіздер

Сіздің талабыңызға сай келетін және болашағы бар үміткерлерді іздеуге уақыт бөліңіз. Берік қарым-қатынас орнату табандылықты қажет етеді.

Қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды нығайтуға деген қызығушылықтың артуы дағдарыс кезін оңай еңсеруге мүмкіндік береді. Ауыр сырқаттарды дәрі-дәрмексіз де жеңе аласыз. Алайда күш-қуатыңыз сарқылып, шаршап, депрессияға түсуіңіз мүмкін.

Шаяндар

Айдың соңына қарай жұмыста оң өзгерістер болуы мүмкін. Бұл уақытты жұмысыңызға жаңалық енгізу тұрғысынан тиімді пайдалана білген жөн.

Қарым-қатынаста қамқорлық көріп, алғысқа ие боласыз. Сүйіктіңіздің кеңесіне құлақ асыңыз, ол кеңестер болашақта кәдеңізге жарап қалуы мүмкін.

Арыстандар

Жұмысқа қатысты көптеген ұсыныс түседі. Тапсырмалар мен қызметтердің құнын объективті есептеуге тырысыңыз. Айналаңыздағы адамдардың көмегіне жүгінуге болатынын естен шығармаңыз.

Физикалық және эмоционалды жағдайыңызға назар аударыңыз, әртүрлі жаттығу арқылы денсаулығыңызға күтім жасаңыз. Күш-қуат алу үшін таза ауада серуендеңіз, шөп тұнбасын ішіңіз, дұрыс тамақтану режимін қолға алыңыз.

Бикештер

Жұмыс міндеттеріңізді мұқият талдап, басқалар сізден күткен қандай нәтижеге қол жеткізе алмай жүргеніңізді анықтаңыз. Назарыңызды сол кемшіліктерді түзеуге аударыңыз.

Бүгін отбасыңызбен демалыс жоспарын құрыңыз. Жоспар құру кезінде балалырыңыздың, жарыңыздың қызығушылығын назардан тыс қалдырмай, олар да риза болатындай шешім қабылдаңыз.

Таразылар

Отбасындағы берекелі орта ұмыт болған немесе күтпеген идеяны іске асыруға себеп болады. Күтпеген қонақтар келуі мүмкін

Бүгін жақын достармен кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, уақытты көңілді өткізудің сәті түсіп тұр.

Сарышаяндар

Соңғы кезде туындаған мәселенің шешімін басшылықпен бірге іздеңіз. Көп ұзамай оң шешімі табылады.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: созылмалы сырқаттарыңыз сыр бере бастауы мүмкін. Осы кезеңде денсаулығыңызға мұқият қараған жөн және дәрігердің қабылдауына жазылуды ұмытпаңыз.

Мергендер

Ой-өрістеріңізді кеңейтіп, жаңа машықтар үйренгіңіз келсе, достарыңызбен ашық сөйлесіп, шынайы болыңыз.

Сүйіктіңізге тосынсый жасап, көңіл-күйін көтеруді ұмытпаңыз, бұл екеуіңіздің араңыздағы сезімді маздата түсері анық.

Тауешкілер

Қызметте кәсіби қабілетіңізді шыңдайтын жолдар іздеген жөн. Ізденіс пен жаңа машықтар сізге мол табыс әкеледі.

Сүйіктіңізбен пікір алуандығы тууы мүмкін. Ұрыс-керістен ұашу үшін сізге оны сабырмен тыңдап, шешімдеріне құрметпен қарауға тура келеді.

Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Жұмысыңызды дер кезінде орындап тапсыруды әдетке айналдырыңыз.

Достарыңызға көбірек көңіл бөліп, ортақ қызығушылықтарыңызға қарай түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алыңыз. Көптен хабарласпай кеткен достарыңызға да қоыңрау шалып, қхал-жағдайын біліп қойған артықтық етпейді.

Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Стресстің алдын алу үшін жасыл шай ішуді бастаңыз. Ішкі күйіңіздің тыныштығына көбірек көңіл бөлгеніңіз абзал.

Отбасыңызда соңғы кезде туындаған мәселелерге уақыт бөліп, талқылаған жөн. Олармен жақын сөйлесіп, толғандырып жүрген ойлары, шешімін таба алмай жүрген мәселелері болса, көмектесіп, шешу жолдарын іздеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2116536-bugingi-zhuldyz-zhoramal-13-mausym-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/