Бикештер ғашық болады, тоқтылар үйленеді: 2024 жылғы шілдеге арналған махаббат жұлдызнамасы
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖаз ортасы – романтикалық танысулар, кездесулер кезеңі. Біреулер өмірлік серігін кезіктіреді, енді біреулер үйленуге бел буады. Астролог Маресса Браун шілдеде кімдердің жолы болатынын айтыпты.
Тоқтылар
Fengshuitell басылымының жазуынша, шілде Торпақтарға жаңа адаммен танысуға немесе бұрыннан бар қарым-қатынасты жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бойдақтар қоғамдық шараларда болашақ жарын кезіктіреді. Ал ерлі-зайыптылар көбірек сөйлесуге және ортақ істер мен жоспарларды талқылауға көңіл бөлуі керек. Бұл түсініспеушіліктерді болдырмауға және қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Басы бос Торпақтар ерекше іспен айналысып, содан жұбаныш табады. Осы ісі оған жаздың аяғына дейін сол іске қызығатын адаммен кездесуге жол ашуы мүмкін.
Торпақтар
15 шілдеде Марс пен Уранның Торпақта кездесуі ерлі-зайыптылардың қаржылық жағдайына әсер етеді. Бұл тұрмыс жағдайын жақсартып, жанжалдардың себептерін жояды. Көптеген Торпақ үйленуге, бірге тұруға және балалы болуға шешім қабылдайды.
Астролог Маресса Браунның айтуынша, Юпитер мен Уран жыл бойы Торпақ жағында болады. Олар сізді махаббатта эксперимент жасауға итермелейді. Бойдақтар қарым-қатынас құратын адам табу үшін туыстарының көмегіне жүгінеді.
Егіздер
Астрология саласындағы еңбектер авторы Кэролин Стебер Егіздерге әзіл-қалжыңы жарасатын немесе әзіліне күле алатын адамды табуды ұсынады. 20 шілдеден бастап Марс Егіздерге еніп, белгі өкілдерінің өмірін құмарлыққа толтырады. Мансап жолына ден қойғандар бұл жоспарын махаббат хикаяларымен тең алып жүруге мәжбүр болады, әйтпесе жұбы қызықты басқа жақтан іздеп кетуі мүмкін.
Тамыз айында Егіздерді махаббат драмасы күтіп тұр, бірақ бұл тек жеке өмірінде үйлесім жоқ адамдарға қатысты болмақ. Егер ажырасқыңыз келмейтін болса, шілдеде қарым-қатынасыңызды нығайтуға тырысыңыз.
Шаяндар
6 шілдеде Шаяндағы жаңа ай белгі өкілдерін отбасылық байланыстарды нығайтуға итермелейді. Тұрақты жұптардың қарым-қатынасы жақсарады. Тіпті жанжалдасып жүрген бұрынғы ерлі-зайыптылар да балалары мен мүлкін ортақ қамқорлыққа алу жөнінде келісімге келеді.
Америкалық People апталығының жазуынша, Шаянда көпшіліктен бой тасалап, өткен-кеткенді еске алғысы келетін сәт туады. Осы ойдың жетегінде кетпеуі үшін оған түрлі кештер ұйымдастырып, кездесулерге бару ұсынылады. Онлайн-таныстық құруға мүмкіндік туады.
Арыстандар
2 шілдеден 26 шілдеге дейін Арыстан белгісіндегі Меркурий махаббатта сәттілік әкеледі. Бұл кезең кездесулер, махаббатқа қатысты ұсыныс алуға жақсы кезең. 11 шілдеден бастап Шолпан Арыстанның белгісіне енеді, ол сезімталдықты арттырады. 22 шілдеден бастап Арыстан белгісіне Күн кіреді, осыған байланысты романтикада белсенділігі артады.
Ешкіммен көңіл қосқысы келмегендер үшін де бұл кезең өз-өзімен қалуға жақсы мүмкіндік туғызады. Жаздың екінші айы – бет пен денеге күтім жасауға, тамыздағы жаңа таныстыққа дейін гүлдей жайнауға жақсы кезең.
Бикештер
Айдың алғашқы екі онкүндігі күшті сезімдерді бастан кешіретін уақыт. Сол сезімге берілуден қорықпаңыз, серігіңізге сеніңіз.
26 шілдеден бастап Меркурий Бикештің достық белгісіне кіреді. Алтыншы белгі өкілдерінің жеке өмірінде үйлесімділік пен қолдау болады. Бұл некеге тұруға, неке алдындағы келісім-шарттарға қол қоюға және кез келген дауларды шешуге ең жақсы уақыт саналады. Бойдақ Бикештердің ақыл-ойын жаулап алатын адаммен танысуына мүмкіндік туады. Ол адаммен тым жақындауға асықпаңыз, бір-біріңізді жақсырақ тануға көңіл бөліңіз.
Таразылар
2 шілдеден бастап Таразылар билеушісі Венера Сатурнмен үштікте болады. Астролог Чани Николастың айтуынша, бұл кезеңде белгі өкілдері осыған дейін жинақтаған романтикалық тәжірбиесін еске асыра алады. Жаңа жұбыңызды қорқытып алмау үшін темпераментіңізді барынша көрсетпеңіз.
11 шілде – Таразыдар үшін өзін-өзі жақсы көру уақыты. Бойдақ Таразылар экзотикалық елге жалғызілік сапарға шығуы мүмкін. 21 шілде – көңілді ортада көңіл көтеру уақыты. Адамдармен көбірек араласыңыз, сізді жаңа таныстықтар күтіп тұр.
Шаяндар
Астролог Дришти Матурдың айтуынша, Шаяндар шілде айында бақытты қарым-қатынаста болады. Белгі өкілдерінің көңіл-күйі көтеріңкі, өзін-өзі қабылдауы жоғары деңгейде болады. Бұл кезде эмоцияларды бақылауда ұстау маңызды.
Үйленуге ең сәтті уақыт – тамыз, қыркүйек айлары. Бойдақ жүрген жандар кез келген кездесуге бара бермей, ең лайық деген жанға назар аударуы керек. Қарым-қатынас орнатқысы келмейтін жандар қыркүйек айына дейін демалыс жариялап, шілдені өзіне және отбасына арнауы мүмкін.
Мергендер
Мергендер үшін бұл ай құмарлық артатын уақыт болады. Тұрақты жұптарда ол айқын көрінеді. Шілде – бірге демалуға және жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды тереңдетуге мүмкіндік туатын тамаша уақыт. Сүйіктіңізбен бірге көбірек уақыт өткізіп, сезімталдықтың жаңа аспектілерін ашыңыз.
Бойдақ Мергендер шілдеде шынайы қарым-қатынас құруға лайық адамды кезіктіреді. Басты міндет – шынайы және адал болуы, жақсы көрінуге тырыспау.
Тауешкілер
Тауешкілерді махаббатта өзгеріс күтіп тұр. Нәтиже барлық тарапты қанағаттандыратындай дипломатиялық жолмен әрекет жасау керек. Әдептілік, жұмсақтық және жанашырлық Тауешкінің некені сақтаудағы және жаңа қарым-қатынастарды жақсартудағы басты құралы болмақ.
21 шілдедегі Тауешкідегі толған ай – болашақ жұбыңызды елестетуге және өміріңізге тартуда тамаша уақыт.
Суқұйғыштар
Суқұйғыштар үшін шілде айы махаббаттың, достықтың және бірге уақыт өткізудің айы болады. Жұптар кез келген істе бір-біріне қолдау көрсетеді. Ұзақ уақыт бірге болғандар бір-бірін кездесуге шақырса, құмарлықтың ұшқынын қайта сезінудің сәті туады. Балалары мен ортақ мүлкі бар адамдар үшін бірлескен бизнесті бастайтын уақыт жетті.
Шілде бір ғана адаммен шектеліп қалатын уақыт емес. Танысыңыз, кездесуге барыңыз және асықпаңыз. Жақынарада жаныңыз қалайтын адамды кезіктіресіз.
Балықтар
Балықтарды жебеушілердің бірі Нептун 2 шілдеден бастап ретроградты болады. Бұл кезең 7 шілдеге дейін жалғасады, бұл махаббатта өзгерістер әкеледі. Бұрынғы жұбыңыз оралуы мүмкін немесе бұрынғы таныстарыңызбен кездесуіңіз мүмкін. Егер сезімнің шынайы екенін сезінсеңіз, бағыңызды сынап көріңіз.
Ерлі-зайыптылар шілдеде отбасылық тақырыптарды талқылаумен болады. Кейбір Балықтар балалы болу жағын ойластырады. Бірлескен іс-шаралар мен демалыс романтикалық байланыстарды нығайтады.
Шілде – қызықты таныстықтар мен махаббат айы . Торпақтар, Бикеш және Сарышаяндар айдың негізгі жас жұбайлары болады. Қалған белгілер бір-бірімен танысады, қарым-қатынасты нығайтады және жүрегі суыған адамдармен қоштасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2126427-bikeshter-gashyq-bolady-toqtylar-uilenedi-2024-zhylgy-shildege-arnalgan-mahabbat-zhuldyznamasy/